Көбейту мен бөлу тәсілдерін қайталау. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

126-сабақ. Тақырыбы:Көбейту мен бөлу тәсілдерін қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.13. Бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал көбейту алгоритмін қолдану.

3.1.2.11. Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2

екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен

бөлу алгоритмдерін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту мен бөлуді, теңдіктер мен теңсіздіктерді ажырата алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Бөлінді мәнінің ондықтар разрядында неліктен нөл болатынын түсіндіріп береді.

Оқушылардың кейбірі :

Бөлінді мәнінің қандай да бір разрядында нөл болғанда

көбейту мен бөлудің жазбаша алгоритмін түсіндіріп бере алады.

Бағалау критерийлері

Көбейту мен бөлу тәсілдерін тиімді қолдана алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Ауызша есептеулер қалай орындалды?

Алгоритм бойынша есептеулер қалай орындалды?

Құндылықтар

Адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

104∙7; 728: 7 түріндегі теңдеулерді шешу

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Т.Т. «Орнын тап» ойыны арқылы сабақты бастау, оқушыларды сабаққа белсендіру.

«Шарты», «Сұрақтар», «Шешуі» сөздері жазылған 3 ватманды үстелге қойыңыз.

1-топ есептің шартын анықтайды,

2-топ сұрақтар анықтайды,

3-топ шешуін көрсетеді.

Әр топқа көше тазалаушы машинаның суреті салынған кеспеқағаздарды таратып, тапсырманы орындауды сұраңыз. Шарты:Көше тазалауға шыққан үш машинаның біреуі 1км 500м жер тазалады, екінші машина біріншіден 1км 170 м жер артық, ал үшінші машина екіншіге қарағанда 1км 800 м кем тазалады. Үш машина барлығы қанша километр жол тазалады?

Мәліметтерді бірдей шамаға келтіру:

1км500м-1500м

1 км 170м-1170м

1 км800 м-1800м

Сұрақтар:екінші машина қанша километр, үшінші машина қанша километр, үш машина барлығы қанша километр жол тазалады?

Шешуі: 1)1500м+1170м=2670м (екінші машинаның тазалаған жолы)

2670м-1800м=870 м (үшінші машинаның тазалаған жолы)

3500м+2670м+870м=7040м-7км40м

Осыдан кейін кері есеп құрастыруды тапсырыңыз, бірақ топтар орындарымен алмасады. Сұраңыз:Неше есеп шығардыңдар? Есептің шарттары өзгерді ме? Есептің шешуі өзгерді ме? Әрі қарай тапсырмалармен жұмыс ұйымдастырыңыз.

«Шарты», «Сұрақтар», «Шешуі» сөздері жазылған ватман-3 топқа 3 дана; пияз тиеген жүк мәшинесінің суреті салынған кеспеқағаздар-3 дана

4 слайд

Сабақтың ортасы

Ж.Ж. «Жұбын тап» Жұптағы оқушылар алдымен тапсырманың шартын түсініп оқиды, өрнектердің жұбын анықтап, өрнектердің мәнін табады, кезекпен түсіндіреді. Тапсырманы орындап болған соң, жұптар өзара дәптерлерін ауыстырып, бірін-бірі тексереді.

Т.Т. «Құрастыр, тап» Оқушыларға тапсырма екі бөлімнен тұратынын айтыңыз: алдымен жай теңдеуді құрып алып, сонан кейін күрделі теңдеуді жазу және шығару керек. Тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Топтық талқылау барысын бақылаңыз. Есептеу қабілеті орташа оқушыларға жай теңдеулерді шешуді ұсыныңыз. Оқушылардың жұмысын бағалаңыз.

Т.Т. «Қате бар, тауып ал» ойыны арқылы үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу, көбейту және екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін пайдалана отырып есеп қатесін табу. Ол үшін оқушыларға мұғалімнің орнында болып көретінін айтыңыз. Көбейту мен бөлу амалдарының дұрыс орындалғанын баған түрінде орындап көрсетіп тексеру керек. Оқушылар алгоритм бойынша мысалдарды топта кезекпен түсіндіре отырып шығарады. Дайын жауабын көрсетіп, оқушылардың өзін-өзі бағалауын ұйымдастырыңыз.

302*3=716 (906) 792:2=386(396)

65*4=240 (260) 867:3=189(289)

(ЖД) Мәні тең өрнектерді сәйкестендіру.

Шығарып көр. Тапсырманы топта орындауды ұсыныңыз. Қабілетті оқушылардың басқа сыныптасына көмектесуін ұйымдастырыңыз. Топтарға есептің қысқаша шартын – сызба, сурет немесе қысқаша жазбасын жазуды және шығаруды ұсыныңыз. Соңында әр топтың бір мүшесі жауабын тақтаға шығарып көрсетеді. Топтардың жұмысын бағалаңыз.

(ЖЖ)Ойлан. Өрнекті шығаруға жеткілікті уақыт беріңіз. Бірнеше жұпты тақтаға шығарып, жауабын көрсетуді сұраңыз. Жұптардың жұмысын бағалаңыз.

(ЖЖ)Ақиқат-жалған. Тапсырма көбейту мен бөлу тәсілдерін қайталауға арналған.

А4 форматты парақ, маркер

Интербелсенді тақта

5 слайд

Жұмыс дәптер

6 слайд

7 слайд

Жұмыс дәптері, кеспеқағаздар

А4 форматты парақ, маркерлер

Сабақтың соңы

« Кері байланыс»

Оқушылардың екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдануды білетінін анықтау үшін келесі сұрақтарды қойыңыз.

  • 624:3, 84:2 бөлінділерінде цифрлар саны қанша?
  • 975:5, 84:3 бөлінділеріндегі бірінші толымсыз бөлінгішті ата.
  • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу қай разрядтан басталады?

Интербелсенді тақта

8 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу