Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту /Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы:

Оқу мақсаттары: мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану

Сабаққа қажетті ресурстар: қима қағаздар,кестелер,

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға баған түрінде жазып көбейтуді меңгеруі тиіс.

Бірліктерді көбейтіп,бірлітердің астына жазады.

Ондықтарды көбейтіп,ондықтардың асына жазады.

Жоспарланған іс-әрекет:

Ынталандыру.

Мұғалім балалармен Қазақ хандығының негізін қалаушылар туралы әңгімені жалғастырады, оларға 16-ғасырда Жәнібек ханның баласы Қасым хан Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтып беріңіз.

(Ұ.Ж) 1-тапсырманы ұжымда орындайды, сандарды разрядтық ондықтарының өсу реті бойынша орналастырады. Қасым ханның шығарған заңының қалай аталғанын оқыту.

 «Бағдаршам» бойынша бағалаңыз

Белсендіру.

Математикалық диктант

-21 мен 3-тің көбейтіндісі нешеге тең ?- (63)

-63 пен 3-тің бөліндісі қанша болады ? (21)

-33 пен 2-нің көбейтіндісі нешеге тең ?

-88 бен 4-тің бөліндісі қаншаға тең болады?

-11 мен 3-тің көбейтіндісі нешеге тең ?

-66 пен 3-тің бөліндісі қанша болады ?

-31 пен 3-нің көбейтіндісі нешеге тең ?

-88 бен 2-тің бөліндісі қаншаға тең болады?

.Ж) 2- тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындайды, өрнектерді баған түрінде тізіп жазады, разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмімен сәйкес есептеуді ұсыныңыз.Бұл тапсырмада баған түрінде көбейтуді бекітуге арналған.

31 21

х 3 х 4

93 84

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

.Ж) Амалдарды орында. 3-тапсырма. Бұл тапсырманы оқушыларға дәптерлеріне өз беттерінше орындайды. амалдардың орындалу ретін анықтайды, разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне сәйкес есептеуді бағантүрінде орындап, көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды орындап, өрнектердің мәнін табуды ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болғаннан кейін жұпта тексереді.

1000-(425-378)·4= 812 (399-371)·3+208=292

520+21·4+136= 740 32·3+44·2=184

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

(Т.Ж) Есеп құрастыр.

І-топ.4 (а) тапсырманы орындау барысында оқушылар бір бағытта кестенің сандық мәліметін қолданып, есеп құрастырады. Кестедегі жетпей тұрған мәліметтерді толықтырамыз: Шамалардың өзара байланысы бойынша: «баға», «саны», «құны» туралы еске түсіріңіз.

Бағасы 24 теңге

Саны – 2 дана

Құны- ? теңге

Ш: 24:2=12 (теңге)

Ж:24 теңгеге 2 дана қалам сатып алады.

ІІ-топ. 4 (ә) тапсырманы орындау барысында сызбаны пайдаланып, 3 амалды есеп құрайды, сол есептің бірін шығаруды ұсыныңыз.

ІІІ-топ. 4 (ә) тапсырманы орындау барысында сызбаны пайдаланып, 3 амалды есеп құрайды, сол есептің екіншісін шығарады.

(Ж.Ж) 5(а) тапсырманы оқушылар жұппен ор ындайды, «материалдың элементтерін бөлу» атты жұппен жұмыс түрін қолданып: бірінші оқушы дүңгіршектегі балалар журналының санын қалай анықтау керек екенін түсіндіреді, есептеп бірінші амалды жазады, екіншісі тексереді; екінші оқушы дүңгіршектегі тарихи журналдардың санын қалай анықтауға болатынын түсіндіріп, есептеп екінші амалды жазады, біріншісі тексереді. Оқушылардың бірі үшінші амалды түсіндіріп жазады, екіншісі тексереді.

Балаларға арнал. - 12 дана 4 бума журнал

Тарихи - 22 дана 3 бума ? журнал

Ш: (12·4)+(22·3)=114 (ж)

Ж: барлығы 114 журнал

5(ә) тапсырманы орындау барысында «операциялар бойынша» жұппен жұмыс түрін қолдануды ұсыныңыз: бір оқушы есептің сұрағын өзгертуді ұсынады, есептің қандай шешуші амалмен шығатынын түсіндіреді, а) пунктіндегі есептердің қай амалының нәтижесін алуға болатынын айтады; ал екіншісі бірінші оқушының келісетінін не келіспейтінін шешеді.

Балаларға арнал. - 12 дана 4 бума журнал

Тарихи - 22 дана 3 бума ? артық

Ш: (22·3)-(12·4)=18(ж)

Ж: 18 тарихи журнал артық әкелінді

(Ж.Ж) Салыстыр.6-тапсырма жұпта орындатыңыз. Өрнектерді шығарып,салыстырады.Бұрын орындаған жұптан бір оқушы жауабын оқып,тақтаға жазады.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

(Ж.Ж) Есеп құрастыр. 6-тапсырманы кесте бойынша өрнектер құрастырып жаздырып, оның мәнін табуды тапсырыңыз.

84:7+120= 1000-450·2=

90+45:15= 450-29·2=

160·2+75:3= 450·2-24·3=

«Шапалақ» арқылы бағалау

9-тапсырма оқушылардың функционалды сауаттылықтарының қалыптасуын тексереді, топпен орындалады, оқушылар қойын дәптерінде белгіленгендерімен кестенің толтырылуын тексереді. Топтағы бір оқушы аптаның бір күніндегі баланың қызмет түрінің дұрыс толтырылуын тексереді.

Апта күндері

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сн

Жк

Бассейнге

бардым

+

+

+

+

Коньки тептім

+

+

Қонақта

болдым

+

Бассейнге

бардым және қонақта болдым

+

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу