Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту /Қазақ хандығының негізін қалаушылар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
103-сабақ. Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту /Қазақ хандығының негізін қалаушылар
Тақырып: Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту /Қазақ хандығының негізін қалаушылар | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна | ||||||||||
3-сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.10.мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану. | ||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | |||||||||
0-3 | Ынталандыру. Мұғалім балалармен Қазақ хандығының негізін қалаушылар туралы әңгімені жалғастырады, оларға 16-ғасырда Жәнібек ханның баласы Қасым хан Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айту. (Ұ.Ж) 1-тапсырманы ұжымда орындайды, сандарды разрядтық ондықтарының өсу реті бойынша орналастырады. Қасым ханның шығарған заңының қалай аталғанын оқыту. «Бағдаршам» бойынша бағалау. | Оқулық, портреттер 3-слайд 4-слайд | |||||||||
4-6 | Белсендіру. Математикалық диктант -21 мен 3-тің көбейтіндісі нешеге тең ? -63 пен 3-тің бөліндісі қанша болады ? -33 пен 2-нің көбейтіндісі нешеге тең ? -88 бен 4-тің бөліндісі қаншаға тең болады? -11 мен 3-тің көбейтіндісі нешеге тең ? -66 пен 3-тің бөліндісі қанша болады ? -31 пен 3-нің көбейтіндісі нешеге тең ? -88 бен 2-тің бөліндісі қаншаға тең болады? | ||||||||||
7-11 | Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Бүгін біз кімде қандай қиындық барын анықтаймыз да, онымен жұмыс жасаймыз. | ||||||||||
12-29 | Өздік жұмыс (Ө.Ж) 2- тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындайды, өрнектерді баған түрінде тізіп жазады, разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмімен сәйкес есептейді. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» (Ө.Ж) Амалдарды орында. 3-тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы оқушыларға дәптерлеріне өз беттерінше орындайды. амалдардың орындалу ретін анықтайды, разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритміне сәйкес есептеуді бағантүрінде орындап, көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтуды орындап, өрнектердің мәнін табады. «Бағдаршам» бойынша бағалау. | Дәптер, оқулық, | |||||||||
30-40 | Өткенді қайталау (Т.Ж) Есеп құрастыр. І-топ.4 (а) тапсырманы орындау барысында оқушылар бір бағытта кестенің сандық мәліметін қолданып, есеп құрастырады. Кестедегі жетпей тұрған мәліметтерді толықтырамыз: шамалардың өзара байланысы бойынша: сызбалық үшбұрыштың көмегімен түсіндіре отырып, «баға», «саны», «құны» туралы айту. ІІ-топ. 4 (ә) тапсырманы орындау барысында сызбаны пайдаланып, 3 амалды есеп құрайды, сол есептің бірін шығарады. ІІІ-топ. 4 (ә) тапсырманы орындау барысында сызбаны пайдаланып, 3 амалды есеп құрайды, сол есептің екіншісін шығарады. (Ж.Ж)Есептерді шығар. 5(а) тапсырманы оқушылар жұппен орындайды, «материалдың элементтерін бөлу» атты жұппен жұмыс түрін қолданып: бірінші оқушы дүңгіршектегі балалар журналының санын қалай анықтау керек екенін түсіндіреді, есептеп бірінші амалды жазады, екіншісі тексереді; екінші оқушы дүңгіршектегі тарихи журналдардың санын қалай анықтауға болатынын түсіндіріп, есептеп екінші амалды жазады, біріншісі тексереді. Оқушылардың бірі үшінші амалды түсіндіріп жазады, екіншісі тексереді. 5(ә) тапсырманы орындау барысында «операциялар бойынша» жұппен жұмыс түрін қолдануға болады: бір оқушы есептің сұрағын өзгертуді ұсынады, есептің қандай шешуші амалмен шығатынын түсіндіреді, а) пунктіндегі есептердің қай амалының нәтижесін алуға болатынын айтады; ал екіншісі бірінші оқушының келісетінін не келіспейтінін шешеді. (Ж.Ж) Салыстыр.6-тапсырма жұпта орындалады. Өрнектерді шығарып,салыстырады.Бұрын орындаған жұптан бір оқушы жауабын оқып,тақтаға жазады. «Смайликтер» арқылы кері байланыс беру (Ж.Ж) Есеп құрастыр. 7-тапсырманы кесте бойынша өрнектер құрастырып жазады оның мәнін табады. 84:7+120= 1000-450·2= 90+45:15= 450-29·2= 160·2+75:3= 450·2-24·3= «Шапалақ» арқылы бағалау 9-тапсырма оқушылардың функционалды сауаттылықтарының қалыптасуын тексереді, топпен орындалады, оқушылар қойын дәптерінде белгіленгендерімен кестенің толтырылуын тексереді. Топтағы бір оқушы аптаның бір күніндегі баланың қызмет түрінің дұрыс толтырылуын тексереді. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» . | Дәптер, оқулық. 5-слайд 6-слайд 7-слайд 9-10-слайдтар | |||||||||
41-45 | Рефлексия. – Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық? – Осы мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма? – Қиындықтуындады ма? – Сол қиындықтарды жеңе алдыңыз ба? – Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды? Өз жұмысын жетістік сызғышымен бағалауды ұсынады. | Жетістік жолағы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?