Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/Қазақ халқының ұлы ағартушылары. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


104-сабақ. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту / Қазақ халқының ұлы ағартушылары

Тақырып: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту/Қазақ халқының ұлы ағартушылары.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімніңаты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу

мақсаттары

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Күтілетін

нәтижелер

Барлықоқушылар:

-мына жағдайда: 123∙2үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады.

Бірқатар оқушылар:

-мына жағдайда: 123∙2 үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритміне сәйкес түсінік береді.

Кейбіроқушылар:

-мына жағдайда: 123∙2 үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Тілдік

мақсаттар

Оқушылар:

үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдерін түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтудің жазбаша тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

Үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді баған түрінде жазу ыңғайлы.

Бірліктерді бірлікке көбейтіп, бірліктердің астына жазады.

Ондықтарды ондықтарға көбейтіп, ондықтардың астына жазады.

Жүздіктерді көбейтіп, жүздіктердің астына жазады.

Хат:

Үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді жазбаша жазыңдар.

Тірекбілім,

білік, дағдылар

Разрядтан атамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту, үш таңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жіктеу, қосындыны санға көбейту.

Жоспар

Жоспарлан-ғануақыт

Жоспарланғаніс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Мұғалім қазақ ағартушылары туралы әңгімелеу.

XIX ғасырдың екінші жартысында Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин сынды қазақ мәдениетінің айтулы ағартушылары өмір сүріп, шығармашылықпен айналысқаны жайлы айту.

Оқулық, портреттер

: https://www.zharar.com/kz/biography/1292-altynsarin.html

3-4-слайдтар

4-6

Белсендіру.

(Т.Ж) 1- тапсырманы топпен орындайды.

Өрнектің мәнін тауып, оқушылар жұп сандарды іріктейді, санның неге жұп сан екенін (екіге бөлінетін сан) түсіндіріп, Ш.Уәлихановтың кім болғанын біледі, тақ сандарды атап – Ы.Алтынсариннің қызмет түрімен танысады.

5-слайд

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Оқушылардан оқулықта берілген көбейтудің жазбаша үлгісін түсіндіре аласыңдар ма? –деп сұрау.

Оқушылар екі таңбалы санды бір таңбалы санға баған түрінде жазбаша көбейтумен таныс екендерін, жазбаша тәсілдің бұл жазбасымен таныс екеніне көз жеткізеді. Бұл жағдайда – үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуге тоқталу.

Оқулық

12-40

Жаңаны ашу.

143-ті 2-ге көбейтуді көбейту алгоритмі бойынша түсіндіру.

1.Бірліктерді көбейтіп,бірліктердің астына жазады.

2.Ондықтарды көбейтіп,ондықтардың астына жазады.

3.Жүздіктерді көбейтіп,жүздіктердің асына жазамын.

4.Жауабын оқиды.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ж.Ж) 2- тапсырманы жұппен орындайды, өрнекті баған түрінде жазып, есептейді. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтудің алгоритмін пайдаланып орындайды.

(Ұ.Ж) 3- тапсырманы орындайды, оның жанама есеп екеніне мән бере отырып, есепті екі амалмен орындайды, оқушылар қандай есеп жанама есеп деп аталатынын атайды.

Егер есептің шарттары жанама түрде көрсетілген болса, жанама түрде жазылған мәтін есептерді қысқаша жазбаға дұрыс ауыстыру маңызды.

(Ж.Ж) 4-тапсырманы жұпта орындайды. Тапсырманы жұпта оқып,талдайды.Есептің шартын құрады,оны шешуін табады.

(Ж.Ж)5-тапсырма.Тапсырманы жұпта орындайды. Оқушылар тапсырманы жұпта орындау кезінде меңгерген дағдыларды бекітеді.Тапсырманы орындайды, амалдардың орындалу ретін анықтайды, баған түрінде жазып, разрядтан аттамай үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмі бойынша әрекет етіп, есептейді.

Өздік жұмыс

6- тапсырманы орындайды, өрнектердің біреуіне есеп құрастырады. Есептеу кезінде жазбаша есептеудің сәйкес алгоритмін қолданады.

Өткенді қайталау.

(Ж.Ж)7- тапсырманы парақшаға орындайды, үш таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайту алгоритмін қолданып, өрнекті баған түрінде жазып, үш таңбалы сандардың айырымы мен қосындысының мәнін есептейді.Бұрын болған жұп оқиды.

8- тапсырманы топпен орындайды. Геометриялық фигураның әрбір қабырғасындағы сандардың қосындысы ортасында тұрған санға тең болатындай, бос орындарға сандар жаз.

Дәптер, оқулық,

6-слайд

7-слайд

8-слайд

парақша

9-слайд

41-45

Рефлексия.

«Иә-Жоқ-Білмеймін» әдісі

-Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейткенде жүздіктен бастап көбейтеміз. (Жоқ)

-Баған түрінде жазғанда бірлікті бірліктің астына жазамыз.(Иә)

-Ондықтарды көбейтіп,жүздіктің астына жазамыз.(Жоқ)

разрядтық құрамын қайталайды. Санды шешетін оқушы сыныптан шығады. Қалған оқушылар қандай санды жасыратындарына келісіп алады. Шешетін оқушыны шақырады. Ол орындыққа тақтаға арқасын беріп отырады. Оқушылардың біреуі тақтаға ойлаған санды жазады. Орындықта отырған ойыншы оған ойлаған санды табуға көмектесетін сұрақтарды қояды. Үлгі сұрақтар: Бұл сан үш таңбалы ма? Санның жазуында 0 саны бар ма? Бірліктер разрядындағы қандай сан? Егер разрядтар құрамы туралы қойылған сұрақтар бойынша санды табу мүмкін болмаса, оның тізбектегі орны бойынша сұрақтар қой: Бұл санның алдындағы (келесі) қандай сан? Ойлаған санды шешкен соң (немесе шеше алмаса) шешуші-оқушының тақтаға қарауына болады және оны басқа оқушы ауыстырады. Ойынды бірнеше рет қайталатыңыз.

Содан



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу