Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу/Ежелгі замандағы ұлы математиктер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


108-сабақ. Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу/Ежелгі замандағы ұлы математиктер

Тақырып:Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу/Ежелгі замандағы ұлы математиктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

мынадай жағдайда:123∙2 үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолданады.

Барлық оқушылар:

мынадай жағдайда:123∙2 үштаңбалы санды бір таңбалы санғакөбейтуді алгоритмге сәйкес түсінік береді.

Кейбір оқушылар:

мынадай жағдайда:123∙2 үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу амалдарын түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу амалдары.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді баған түрінде жазған ыңғайлы.

Бірлікті санға көбейтіп, бірліктің астына жазады.

Ондықты санға көбейтіп, ондықтың астына жазады.

Жүздікті санға көбейтіп, жүздіктің астына жазады .

Хат:

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді баға түрінде жазыңыз, мүмкіндіктер ағашын құрыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Разрядтан аттамай екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Оқушыларға бұрынғы заманның ұлы математиктері туралы әңгімелеу.

Архимед фигуралардың ауданын есептеу тәсілін тапты.

Портрет

3-слайд

4-6

Белсендіру.

(Т.Ж) 1- тапсырманы топта орындайды, кесте бойынша есеп құрастырады және оны шығарады.

Бұл тапсырма фигуралардың ауданын қайталауға арналған.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Кесте

4-слайд

7-11

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Сынып оқушыларын топқа бөлу және үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу амалын мұқият қарауды ұсыну. Осындай жазбаша бөлу амалдарымен оқушылар таныс. Бұл жағдайда бөлгіш – үш таңбалы сан болғандықтан мәселелі жағдай туындайды.

12-29

Жаңаны ашу.

Жаңаны ашу үшін және мәселелі жағдайдан шығу үшін мұғалім алдымен өз ойларын айтып беру керек. Әр оқушы топ ішінде бір жазба элементінің жазылу бағытын түсіндіреді. Содан кейін оқушылар оқулықта ұсынылған үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмімен танысады. Әр оқушы топ ішінде тізбек бойынша алгоритмнің бір пунктін түсіндіреді.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

2- тапсырманы орындайды, екі таңбалы/үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлу алгоритмдерімен сәйкес есептейді және өрнекті баған түрінде жазады.

Бөлу алгоритмі :

1.Бірінші толымсыз бөлінгішті табу.

2.Бөліндідегі цифрлар санын анықтак.

3.Ондықтарды бөлу.

4.Бірліктерді бөлу.

5.Бөліндінің мәнін оқу.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

(Ө.Ж)3-тапсырманы жұппен орындайды.Жұппен орындамас бұрын бөлуді жақсы меңгерген бір оқушыны шығарып,бөлуді түсіндіреді.Қажет жағдайда оқушыға жетелеу сұрақтары қойылады.

-Бірінші толымсыз бөлінгішті қалай табамыз?

-Бөліндідегі цифрлар саны қанша болады?

Оқушылар көрсетілген үлгі бойынша бөлуді өз бетінше орындайды.Бөлу алгоратимінің дұрыс орындалуын бақылау,көмектесу.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Өздік жұмыс

Шығарып көр.4- тапсырманы орындайды.Есептің берілгенімен танысқаннан кейін,қысқаша шартын құрады.Құрылған шарт арқылы есептегі амалдарды анықтайды.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Дәптер, оқулық,

6-7-слайд

30-40

Жаңаны қолдану.

(Ж.Ж) 5- тапсырманы жұппен орындайды. Оқушылар екі таңбалы/үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша бөлуді орындайды, қосу мен азайту екі таңбалы және үш таңбалы сандар алгоритмдерімен сәйкес.

Жұппен жұмысты қолдану барысында, «материал элементтерін бөлу» жұмысын жұппен жұмыс жасауды қолданып: бірінші оқушы бар жұмысты өз мойнына алады, ал екінші оқушы бақылайды. Үшінші бағандағы өрнекті шығарғанда, оқушылардың қызметтері өзгереді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Өткенді қайталау.

(Т.Ж) 6- тапсырманы топпен орындайды. Оқушылар тапсырма элементін таңдайды, содан кейін топта әр оқушы тізбек бойынша бір гірден, қосындысында қажет салмақ шыққанға дейін таңдайды.Оқушылар есеп құрастырып оны шығарады.

7-тапсырманы орындайды, ғылыми-зерттеулік біліктілік қажет. Оқушылар ұсынылған тапсырма бойынша алма мен алмұрттың салмағын анықтау үшін өз тұжырымдарын ұсынады. Оқушылар өз тұжырымдарын екінші суреттегі оларды 50 гр (100 – 50 гр) гірмен өлшегендіктен, алмұрттың салмағы алманың салмағынан 50 гр артық екенін көрсетеді.Алма мен алмұрттың жалпы салмағы 300 гр. Егер жалпы салмақтан 50 гр (300 г – 50 г) алса, екі алманың салмағына тең шама қалады, және бір алманың салмағы қалған шаманың жартысына тең болады

(250г : 2)

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Оқулық, дәптер

8-слайд

9-слайд

41-45

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсатымен сабақтастырады: сабақ барысында кім қолынан не келетінін түсінді:

  •  мынадай жағдайда:246:2 үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін қолдану;
  •  мынадай жағдайда:246:2 үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейтуді алгоритмге сәйкес түсінік беру;
  •  мынадай жағдайда:246:2 үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту алгоритмін түсіндіру.

Жетістік жолағы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу