Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Қазақстанның математиктері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
110-сабақ
Тақырып: Үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Қазақстанның математиктері | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна | |||||||||||
3-сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану. | |||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Бір таңбалы санға жазбаша бөлу. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | ||||||||||
0-3 | Ынталандыру. Қазақстанның математиктері туралы әңгімелеу. 2005 жылы Алматы қаласындағы мектеп оқушыларына арналған математика мен физика пәндерінен Жәутіков олимпиадасы өтті. Дұрыс жауапты тақтадағы дайын жауаппен тексереді. | Оқулық, математиктердің портреттері. 3-4-слайдтар | ||||||||||
4-6 | Белсендіру. (Ұ.Ж) 1- тапсырманы ұжымда ауызша орындайды, кестені қарайды, бөліндінің мәнін және қалдықты атайды, барлық қалдықтардың қосындысын табады, халықаралық олимпиадаға әлемнің қанша мемлекетінен оқушы келгенін анықтайды. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» | Оқулық 5-слайд | ||||||||||
7-11 | Мақсат қою (проблемалық жағдаят). Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі және үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу амалының жазбасын мұқият қарауды ұсынады. Соңғы толық емес бөлінді бөлінгішке қалдықсыз бөлінбейтіндіктен, мәселелі жағдаят туындайды. | |||||||||||
12-29 | Жаңаны ашу. Жаңаны ашып, мәселелі жағдаяттан шығу үшін мұғалім оқушыларға алдымен өз тұжырымдарын айтуды сұрайды. Содан кейін оқушылар оқулықтан үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлу алгоритмімен танысады. Топ ішінде әр оқушы тізбек бойынша жазбаша қалдықпен бөлу алгоритмін және тексерудің бір пунктін түсіндіреді. Оқушылардың соңғы пункттен, толық емес бөлінгіш толығымен бөлінбей қалған кездегіден басқа, алдын ала суреттелген іс-әрекеттерінің барлығы ұқсас. бөліндінің мәнін табу кезінде шыққан соңғы санды бөлгішке көбейткен кезде бөлгіштің санынан анағұрлым аз сан шықты. Яғни соңғы бөлінгіш толық бөлінген жоқ. 2⋅ 3 = 6, 6-ны бірліктің астына жазамын, есептейміз: 7 – 6 = 1. 1 қалды. 1<2. Мұғалім бөлу кезіндегі қалған қалдықты әрқашан бөлгішпен салыстыру керек екенін түсіндіреді. Ол бөлгіштен көп болмауы керек. Жауапты оқимын:123 (1қалдық) Қалдықпен бөлуді көбейтумен тексерген оқушыларға қиындық тудырмауы керек. Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. (Ж.Ж) Қалдықпен бөлу.3- тапсырманы жұпта қалдықпен бөлуге берілген тапсырманы шығарып тексереді. Екі таңбалы/үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің жазбаша алгоритмдеріне сәйкес есептейді және өрнекті баған түрінде жазады. «Шапалақ» арқылы бағалау Топқа топтастыру (Т.Ж) Есепті шығар.4-5- тапсырманы топта орындайды. Алдын ала шығару жолдарын талдап, содан кейін есептейді. Оқушылар есепті дәптерлеріне орындайды, содан кейін өз нәтижелерін басқа топтарға есепті таныстырып,шығару жолдарын түсіндіріп,тақтаға жазады. І топ: 4-тапсырма (а) ІІ топ: 4-тапсырма (ә) ІІІ топ: 5-тапсырма (а) ІV топ: 5-тапсырма (ә) Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» | Дәптер, оқулық, 6-7-слайдтар 8-9-слайд | ||||||||||
30-40 | Өткенді қайталау. (Ж.Ж) «Көршіңмен кеңес» ойыны. 6-тапсырманы жұпта орындайды. Тапсырма қалдықпен бөлу арқылы есепті шығаруға жаттығуға бағытталған. Орындаған тапсырманы келесі жұппен салыстыру. «Бағдаршам» бойынша бағалау. (Ж.Ж) 7- тапсырманы – практикалық жұмысты түсінік бере отырып жұппен орындайды. Егер тіктөртбұрыштың бір диагоналін жүргізсе, тіктөртбұрыш екі тікбұрышты үшбұрыштан құралған болады. Бұл бөліктердің аудандары бірдей. Яғни, бір тікбұрышты үшбұрыштың ауданын табу үшін тіктөртбұрыштың ауданын тауып, оны екіге бөлсек жеткілікті. Тікбұрышты үшбұрыштың ауданының формуласы: S = (a • b) : 2, мұндағы: а және b – тіктөртбұрыштың қабырғалары. Бұлар үшбұрыш үшін тік бұрышты құрайтын қабырғалары болып табылады. 7 а) тапсырмасында үшбұрыштың ауданын есептеу керек. Оқушылар тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеуді естеріне түсіреді, есеп шығарады: (4 ⋅ 9) : 2 = 18(см2) 7ә) тапсырмада тәжірибелік жұмыс жүргіземіз: тіктөртбұрыш сызамыз, оны қиғаш сызықпен екі тікбұрышты үшбұрышқа бөлеміз, тікбұрыш үшбұрыштың ұзындығы мен енін өлшейді, тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептейді. «Смайликтер» арқылы кері байланыс беру | Оқулық, дәптер 10-слайд 11-слайд 12-слайд | ||||||||||
41-45 | Рефлексия. Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсатымен сабақтастырады,сабақ барысында кім қолынан не келетінін түсінді:
| Жетістік жолағы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?