Текше, тікбұрышты параллелепипед / Фотаға түсіру өнері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


101-сабақ. Өзіңді тексер!

Тақырып:Текше, тікбұрышты параллелепипед / Фотаға түсіру өнері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.3.2.3 кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру.

3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

-кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыруды біледі.

Бірқатар оқушылар:солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре алады.

Кейбір оқушылар: солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыруды біледі.

Пәндік лексика және терминология: Текшенің жазылған көрінісі,солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерту.

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланатынтіл.

Талқылау:

–Қалай ойлайсың, тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын құрастыру үшін неге тіктөртбұрыш салу керек?

–Қандай және қанша тіктөртбұрыш салу керек?

–Неге оларды қағаз бетіне осылай орналастырған ыңғайлы?

–Не үшін жазбаға «құлақша» жасайды?

–Қандай фигуралар кубтың шегі болып табылады?

–Текшені тікбұрышты параллелепипед деп атауға бола ма, неге?

Тікбұрышты параллелепипедтің жазба бойынша бұрылысынан немесе текшенің әр қабырғасында не салынғанын қалай анықтауға болады?

Жазу:

Жазбаны сызу.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Тіктөртбұрыш, квадрат, текше, тікбұрышты параллелепипед, фигураларды өлшеу - ұзындығы, ені, биіктігі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланғаніс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру

Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде.

Математиканы оқимыз,

Миымызға тоқимыз.

4-40

Оқушыларға тапсырмалар жазылған парақшалар таратылады. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар жазбаны модельмен сәйкестендіру туралы білімін жетілдіреді.

1.Білу

Текшенің және тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын қалай жасауға болатынын білемін.

Текшенің жазбасын әзірле.

2.Түсіну

Текшенің және тікбұрышты параллелепипедтің түріндегі өзгерісін қалай түсіндіруге болатынын түсіндіре аламын.

Алдарыңда ойын текшенің суреті мен оның жазбасы берілген.

3.Қолдану

Шаршы мен тіктөртбұрыш туралы білімімді текше мен тікбұрышты паралелепипедтің жазбасын жасау үшін қолданамын.

Жазбадағы тіктөртбұрыштың бірдей жақтарын бір түспен боя.Олардың ұзындығын жаз.Жазбада осындай тіктөртбұрыштар нешеу екенін жаз.

4.Талдау

Текше немесе тікбұрышты параллелепипедтің қай жағына аударылғанын және оның жақтарында қандай сурет бар екендігін таба аламын.

Текшелердің қайсысы жазбаға сәйкес келетіндігін тап. Дәлелде.

5.Жинақтау

Текшенің қабырғалары бойынша жазбадағы суреттерді қалпына келтіре аламын.

Жазбадағы нүктелердің суретін сал.

6.Бағалау

Текше мен оның жазбасын, тікбұрышты параллалепипед пен оның жазбасы дұрыс табылғандығын тексере аламын.

3-слайд

41-45

Рефлексия

«Галлереяға саяхат» ойыны. Тақтаға әртүрлі геометриялық фигуралар ілініп тұрады.Бір оқушы шығып бір фигураны таңдап сол фигураға сипаттама береді.(Текше,параллелепипед)

Мысалы:

ТІКБҰРЫШТЫ ПАРАЛЛЕЛЕПИПЕДТІҢ:

6 қыры

8 төбесі

12 қабырғасы бар.

Жақтары: тіктөртбұрыштар; шаршылар.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу