Сандар жиыны. Ішкі жиындар. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Тарау: Жиындар.Пікірлер.

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есмурзина А

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

№ 146 сабақ. Тақырыбы:

Сандар жиыны. Ішкі жиындар.

Оқу мақсаты:

3.4.1.3 сандар жиынының ішкі жиындарын элементтердің берілген немесе оқушылардың өздері анықтаған қасиеттері бойынша құру

Ғылыми тіл

Оқушылар Ішкі жиындар мен сыртқы жиындарды ажыратады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Ішкі жиынның сыртқы жиынға қатысы бар ма?

Мына жиындардың ішкі жиындарын ата

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Шамалар оның бірліктері

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Топқа бірігу.

(Ұ.Ж.) «Өз үйшігіңді тап»

Сабаққа қызығушылығын арттыру мақсатында дидактикалық ойын жүргізу.

Оқушылардың әр қайсысына кеспе қағаздағы суреттер тарату. Суреттердің белгілері бойынша «өз үйшігіне» орналасуды ұсыну.

Оқушылар 5 топқа бірігеді.

Үй жануралары: жылқы, сиыр, қой, ешкі, мысық, ит;

Құстар: тырна, қарлығыш, қарға, бүркіт, шағала, торғай;

Шөл жануарлары: кесіртке, шаян, қосаяқ, кенгуру;

Орман жануарлары: аю, қасқыр, түлкі, тиін, кірпі, бұғы;

Суқойма жануарлары: дельфин, кит, сазан, қолтырауын, сегізаяқ, жылан;

Оқушыларға сұрақ қою.

  • Барлық үйшіктегі жануарлардың ортақ қасиеті бар ма?
  • Барлығын бір жиынға біріктірсек, жиынның атауы қалай аталуы мүмкін?

1 – 2 слайд

3 – слайд

4 – слайд

«Жануарлар» жиыны деп атауға болады. Жануарлар жиынын бес шағын жиындарға біріктіре аламыз.

«Жануарлар» - жиын. «Үй жануралары», « Құстар» , «Шөл жануарлары», «Орман жануарлары», «Суқойма жануарлары» - ішкі жиындар. «Жануарлар» жиынын А жиыны деп белгілейміз. «Үй жануралары», « Құстар» , «Шөл жануарлары», «Орман жануарлары», «Суқойма жануарлары» жиындарын В, С,D, F, Е жиындары деп белгілейміз.

В, С,D, F, Е жиындары А жиынының бөліктері, яғни ішкі жиындары деп аталады.

(Ө.Ж) «Ішкі жиын»

Оқушыларға шеңбер сызғызу. Шеңбер - А (жануарлар) жиыны. А жиынының ішкі жиындарын орналастыруды ұсыну.

Бағалау.

Оқушылар жұмыстарын ауысытып, дұрыс жауаппен салыстырады, бағалайды.

Бағалау критерийі

Барлық ішкі жиындар салынса – «Жарайсың, досым»

Егер ішкі жиындар түгел салынбаса - «Әлі де ойлан, досым» тірестерін жазып береді.

5 – слайд

6 – слайд

Сабақтың ортасы

30 мин

) Жиынның ішкі жиынын табу.

А В С

Тапсырма

Жиындарға қара. Жиындарға атау бер. Жиындардың ортақ қасиеттерін ата. Қай жиын ішкі жиын бола алатынын анықта. Жиынтардың қатынасын белгіле.

Бағалау.

Топтың жұмысы «Нысана» әдісі бағаланады.

Бағалау критерийі

Нысанаға белгі қойылады.

  • Егер қатесіз орындаса, сарының ішкі шеңбері
  • Егер бір қате жіберсе, сарының сыртқы шеңбері
  • Егер екі қате болса, қызылдың ішкі шеңбері
  • Егер үш қате болса, қызылдың сыртқы шеңбері
  • Егер төрттен көп қате болса, көк шеңбер.

(Ұ.Ж) «Менің үйімнің номері»

Оқушыларға стикерлер тарату. Стикерге үйінің номерін жазып, тақтаға жапсырады.

Тақтаға жазылған сандарды жиындарға біріктіру.

  • Бір таңбалы сандар жиыны;
  • Екі таңбалы сандар жиыны;
  • Үш таңбалы сандар жиыны;

Әр жиынының элементтерін тиісті жиынға орналастыру.

  • «Жиынның құрамына кірмеген элементтер сыртқы жиынды құрайды» пікіріне қосыласыз ба?

Сұрақ:

  • Бұл жиынды қалай атауға болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Бұл жиындардың элементтері сандар болғандықтан «Сандар» жиыны деп аталады.

Осы тапсырманы 2 «А» сыныбы қалай орындағанын көрейік.

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/sandar-zhiyny

Бағалау.

Оқушыларды ауызша «Жарайсың!» «Дұрыс айттың!» «Жақсы жауап!» тіркестерін пайдаланып бағалау.

(Т.Ж) «Дұрыс, әрі тез!»

Мысалдардың мәні болатын сандарды пайдаланып жиын құрастыр. Жиынды элементтермен толықтыр.

1 - топ 2 – топ

Бағалау.

Тапсырманы алғашқы болып аяқтаған топ мүшелері жұмыстарын жариялайды. Қарсы топ мүшелері сұрақтарға қоюға мүмкіндіктері болады. Топтар жұмыстарды өзара тексеріп, бағалайды.

Бағалау парақтары таратылады.

Критерийі

  • Тапсырманың алғашқы аяқтаса – 3 ұпай
  • Жиындар дұрыс құрастырылса – 3 ұпай
  • Жиын жаңа элементтермен толықтырылса - 3 ұпай
  • Сұрақтарға дұрыс жауап – 3 ұпай
  • Дұрыс жарияланса – 3 ұпай

(Ө.Ж) «Қай сандар жетіспейді?» математикалық ойын

Шарты: оқушыларға екі сан айтылады. Оқушылар сол екі санның ортасындағы сандарды жазады.

14….17

29 …..33

897 ….904

98 ....101

56 ….61

Бағалау.

Жасалған жұмыстарды ауыстыру арқылы тексереді, бағалау критерийі арқылы бағалайды.

Критерий:

17 – 16 сан жазса – «Өте жақсы»

15 – 14сан жазса - «Жақсы»

13 сан және одан аз сан жазса - «әлі де ойлан»

(Ж.Ж) Сандар жиынын құрастыру.

Оқушылар жұпта «Қай сандар жетіспейді?» математикалық ойынында анықтаған сандарды пайдаланып, сандар жиынын құрастырады.

Бағалау.

Жұптарды ауызша «Керемет жұмыс!» «Тамаша орындалған!» «Әлі де ойланыңдар!» тіркестерін пайдаланып бағалау.

7 – слайд

8 – слайд

9 – слайд

10 – слайд

11 – слайд

12 – слайд

13 – слайд

14 – слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Түрлі - түсті гүл шоғы» әдісі

Тақтаға түрлі түсті гүл күлтелерін ілу. Оқушыларға өздерінің көңіл – күйлеріне сәйкес гүл күлтесін алып, гүл құрастыруды ұсыну. Оқушылардың көңіл күйін түс бойынша анықтау үшін «Макс Люшер мінездемесі» қолданылады.

Қызғылт түс - қуанышты, таңғажайып көңіл – күй;

Қызыл түс – агрессия, ашулы көңіл - күй;

Көк түс – шаршаңқы көңіл – күй;

Жасыл түс – белсенді көтеріңкі көңіл – күй;

Сары түс - жағымды, сабырлы көңіл – күй;

Күлгін түс – уайымшыл, тұрақсыз көңіл – күй;

Сұр түс - көңілі пәс;

Қара түс - қарсы шығу, қарым - қатынасқа жабық;

Қоңыр түс - пассивті, сенімсіздік;

15 – слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

« Түрлі - түсті гүл шоғы » арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

« Нысана » арқылы бағалау

Ауызша мадақтау және бағалау критерийлері арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу