Кесте құрастыру тәсілімен есептерді шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Жиындар.Пікірлер. | Мектеп: 7 | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Есмурзина А | ||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||
№ 148 сабақ. Тақырыбы: | Кесте құрастыру тәсілімен есептерді шығару | ||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.4.2.1 ақиқат немесе жалған пікірлер құру 3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару. | ||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойына білім алу | ||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Сандар жиыны.Ішкі жиындар | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы | Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Ой шақыру. (Ж.Ж) «Пікір дегеніміз не?» Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Оқушылар кеспе қағаздарға жазылған сөйлемдердің пікір не пікір еместігін анықтау қажет. Сөйлемдердің қайсысы пікір болуы мүмкін?
Анықталған дұрыс пікірлер тақтаға жазылады. | 1-2 слайд 3 - слайд | |||||||||
Оқушылар сөйлемдердің қайсы пікір екенін анықтайды. Пікірлердің жалған не ақиқат пікір екенін анықтайды. Тұжырым: Хабарлы сөйлемнің жалған не ақиқат екенін айтуға болатын болса, онда ол пікір болады. (Ұ.Ж) «Ақиқат немесе жалған» Оқушылар сурет бойынша ақиқат және жалған пікір айтады. Бағалау. Пікір айтқан оқушылар ауызша «Жарайсың!» «Дұрыс айттың!» «Жақсы пікір!» тіркестері арқылы бағаланады. | 4 - слайд 5 - слайд | ||||||||||
Сабақтың ортасы | (Т.Ж) «Кім нені ұнатады?» Оқушылар ақиқат пікірлерді пайдаланып кестені толтырады. Тапсырма. Айжан өзінің 6 досынан кімнің қандай жеміс түрін ұнататынын сұрап жазып алды. Шатасып кетпес үшін кесте құрды. Айжанның достары қандай жеміс ұнататынын анықта. Айжанның кестесі қандай болуы мүмкін? Ақиқат пікірлерді пайдаланып кесте құрастыр. Айжанның достарының пікірлері:
Бағалау «10 ұпай» әдісі арқылы бағаланады. Алдымен өзін бағалайды. Содан кейін топты бағалайды Соңынан жасалған жұмыс нәтижесін бағалайды. | 6 - слайд 7 - 8 слайд 9 - слайд | |||||||||
(Ж.Ж) Кесте бойынша пікірлерді анықтау Оқушылар кестедегі тапсырмаларды орындау арқылы сұрақтарға жауап жазады. Тапсырма Мерекелік іс – шара ұйымдастыру үшін балалар түрлі - түсті шарларға тапсырыс берді. Кімнің қанша шарға тапсырыс бергенін анықта. Сұрақтарға жауап жаз
| 10 - слайд 11 - слайд | ||||||||||
Дұрыс жауап бойынша өзін – өзі тексеріп, бағалайды. Бағалау критерийі «10» дұрыс жауап - «Жарайсың» «9 – 8» дұрыс жауап - «Жақсы» «7» - ден кем дұрыс жауап - «Әлі де ойлан»
Дұрыс құрастырылған сұрақтар үшін ауызша мадақтау. (Ө.Ж) Үйірмеге бару. Кесте құрып есепті шығар.Тапсырманы оқушылар өз бетінше орындамас бұрын есептің берілгенін түсініп оқу, шартын құру, сұраққа қалай жауап беретінін топта талқылау жүргізеді. Тапсырма: Болат жүзуге дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері барады. Ал Мәди жүзуге сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері барады. Қай күндері екеуі жүзуде кездеседі? Бағалау. Оқушылар бір – бірімен жасаған жұмыстарын алмастыру арқылы дұрыс жауаппен салыстырады. Дұрыс орындаған оқушылар ауызша мадақталады. (Ұ.Ж) «Бәрін білгім келеді» викторинасы Оқушыларды тапсырманың берілгенімен таныстару. а) Жер шарында ауа райын болжайтын құстар деп аталатын құстар тіршілік етеді. Олар құмнан ұя жасайды. Жергілікті тұрғындардың бақылауынша, ұяның салыну биіктігі жаздың құрғақ не жаңбырлы болуына байланысты екен. Егер ұя биік жерге салынса, жаз жаңбырлы, ал егер ұя төменге салынса, жаз құрғақ болады деп болжанған. Бұл қандай құстар екенін білу үшін мысалдарды орындап, анықталған әріптерді шеңберден тауып, ретімен оқы. 167 · 4 = 668 368 : 8 = 46 749 : 7 = 107 834 : 6 = 139 605 : 5 = 121 390 : 6 = 65 992 : 4 = 248 96 · 5 = 480 б) Құрлықта тіршілік ететін ең ірі жануар - африкалық піл. Африкалық пілдің биіктігі мен ұзындығы және дене массасын білу үшін тапсырманы орында. Биіктігі - Ұзындығы - Дене массасы - Бағалау. Дұрыс жауап тапқан оқушыларды ауызша «Жарайсың!» «Керемет!» «Өте жақсы!» «Жақсы!» тіркестерін пайдаланып бағалау. | 12 - слайд 13 - слайд 14 - слайд 15 - слайд 16 - слайд 17 - слайд | ||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс «Смайлик» әдісі Оқушыларға адам бет бейнесінің толық емес нұсқасы салынған сурет таратылады. Оқушылар өздерінің сабақтан алған эмоциясын суретке толықтырып салады. Суретті толықтыру кезінде әуе шарлары, гүл шоғын немесе басқа да суреттермен толықтыра алады. Сұрақтармен де толықтыруға болатынын айту. Дайын түрлі – түсті смайликтер тақтаға ілу. | 18 - слайд | |||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | «Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау. Білім алушыларды сөздік бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау «Өзара бағалау» арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?