Жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Ғарышты зерттеушілер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
111-сабақ Тақырып: Жазбаша түрде қалдықпен бөлу/Ғарышты зерттеушілер | Мектеп: | |||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қылышбаева А.Т. | |||||||
3-сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.2.10 мынадай жағдайларда: 23∙2, 123∙2, 46:2, 246:2 екі таңбалы/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану. | |||||||
Күтілетін нәтижелер |
| |||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Бір таңбалы сана жазбаша бөлу | |||||||
Жоспар | ||||||||
Жоспарлан-ған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
0-3 | Кіріспе Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында сабақты ғарыш зерттеушілері туралы әңгімелеуден бастау. Оқушылар қима қағаздарға жазылған қалдықпен бөлуді орындайды, барлық қалдықтардың көбейтіндісін табады және Г.Галилейдің не ойлап тапқанын біледі. Галилео Галилей (итал. Galileo di Vincenzo Bonaiuti de' Galilei; 15 ақпан 1564, Пиза — 8 қаңтар 1642, Арчетри, Флоренция маңы) — итальян философы, математик, физик, механик және астроном, табиғаттану ғылымдарының негізін салушы, өз заманындағы ғылымға өте қатты әсер еткен. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. | Оқулық қима қағаздарға жазылған қалдықпен бөлу тапсырмалары. Галилео Галилей-ұлы ойшыл. https://oilay.kz | ||||||
4-6 | Белсендіру. Көбейту мен бөлу кестесін еске түсіру үшін ойын ойнауды ұсыну Интерактивті тақтада ойнау мүмкін болмаған жағдайда, «Орамал тастамақ» ойыны арқылы көбейту кестесін қайталауға болады. Ол үшін жүргізуші таңдалып, орамалды көбейту кестесінен тапсырма айтып, орамалды келесі оқушыға лақтырады. Орамалды қағып алған оқушы жауабын айтып қайта лақтырады. Жүргізуші жауаптың дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін, әрі қарай жалғастырады. | http://vseigru.net/igry-matematicheskie/23392-igra-izuchaem-tablitsu-umnozheniya.html | ||||||
7-11 | (Т)Топқа бірігу Әр топқа үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің түрлі жағдайларының жазбасын ұсыну. Оқушылар әзірге бұл жағдайдан қалай шығу керек екенін білмейтіндіктен, егер жоғарғы разрядтың бірінші саны бөлгішке бөлінбесе, егер аралық толық емес бөлінгіштер бөлгішке толықтай бөлінбесе, мәселелі жағдаят туындайды. Оқу мақсатымен таныстыру: Жазбаша бөлу алгоритмін қолданатын боласың | Қима қағаздарға жазылған тапсырмалар | ||||||
12-29 | Оқушыларға алдымен өз тұжырымдарын айтуды ұсыну. (Т) Үш таңбалы санды бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің жазбаша ұсынылған алгоритмімен танысу. Әр оқушы топ ішінде тізбек бойынша жазбаша қалдықпен бөлуді және тексеру алгоритмінің бір пунктін түсіндіреді. (Ұ)Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. №3 тапсырманы орындау және екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу алгоритмдеріне сәйкес есептейді. Өздік жұмыс Оқушылар оқулықтағы №3 тапсырманың қалған екі бағандағы тапсырманы орындайды және екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықпен жазбаша бөлу алгоритмдеріне сәйкес есептейді. 364 : 3 = 121 (1 қалд); 846 : 4 = 211 (2 қалд); 89 : 4 = 22 (1 қалд); 78 : 7 = 11 (1 қалд); 483: 2 = 241 (1 қалд); 779 : 7 = 111 (2 қалд); 968 : 3 = 322 (2 қалд); 685 : 2 = 342 (1 қалд). | Дәптер, | ||||||
30-40 | Жаңаны қолдану. (Ұ) Тапсырманы орындау барысында жанама есеп екеніне мән беріп, есепті 2 амалмен орындайды, жанама есеп сұрақтарына тоқталу. Егер есептің шарты жанама түрде берілсе, жанама түрде жазылған мәтіндік тапсырманы қысқаша жазбаға дұрыс аудару маңызды. Бұл үшін, алдымен, есеп шартының қысқа жазбасын құрудан бұрын, оқушылар бірінші амалда үлкен немесе кіші санды табу керек екенін анықтайды. «Не» сөзі мектеп оқушыларын меңзейді, яғни оқушылар саны үлкендерден үш есе көп. Яғни, үлкендердің саны мектеп оқушыларының санынан 3 есе артық, ал бұл алдымен аз санды табу керек деген сөз. Аз санды табу керек екеніне тоқталып, оқушылар есеп шартының қысқаша жазбасын жасайды, есепті екі амалмен шығарады, есепке өрнек құрады, жауабын жазып отырады. (Ж) №4 ә) тапсырманы жұппен орындау, қысқаша жазбаны сұрақпен толықтырады, есепті шығарады.Әр жұп жұмыс түрін таңдайды.Жұппен жұмыс түрін қолдану кезінде «материал элементтерін бөлу», бір оқушы барлық жауапкершілікті өз мойнына алады, ал екінші оқушы – бақылайды. «Амал бойынша» деген жұппен жұмыс түрін қолдану барысында бірінші оқушы түсіндіреді, екінші оқушы жазады, бірінші оқушы келісетінін не келіспейтінін айтады. Өткенді қайталау. (Ж)Теңдеулер деңгейінің қандай екенін сұрау (қиындатылған). Жұпта теңдеулерді шешу алгоритмін түсіндіреді: 1. Теңдеуді оқы. 2. Қай бөлігін жеңілдетуге болатынын ойлан. 3. Шығара алатын есептерді орында. 4. Шыққан қарапайым теңдеуді жаз. 5. Амалдың белгісіз компонентін табу ережесі негізінде теңдеуді шеш. Алгоритмге сәйкес теңдеуді шешу. (Ө) №6 (а) тапсырманың есебін тіктөртбұрыштың белгілі ауданы мен ені бойынша шығарады, тіктөртбұрыштың ауданының формуласын қолдана отырып, тіктөртбұрыштың ұзындығын есептейді: 36 : 4 = 9 (см), тіктөртбұрыштың периметрін анықтауды және оны есептеу тәсілдерін естеріне түсіреді, тіктөртбұрыштың периметрін есептейді : (4 + 9) ⋅ 2 = 26 (см) №6 ә) тапсырмада ауданы бірдей болатын шаршы құру керек. Бұл шығармашылық деңгейдегі тапсырма. Шаршы құру үшін оның бір қабырғасының ұзындығын білу жеткілікті, себебі шаршының барлық қабырғасы тең. Шаршының ауданы оның қабырғаларының екі еселенген ұзындығына тең. 36 = 62 шаршының қабырғаларының ұзындығын анықтап, оқушылар оны сызады. Жұмыстарын жұпта ауыстыру арқылы бір бірін бағалайды. Қатесіз орындаған оқушыларды ауызша мадақтау, қате жіберген оқушылардың қателігін анықтау | Оқулық, дәптер | ||||||
41-45 | Рефлексия. Сабақ барысында кім қолынан не келетінін түсінді:
| Жетістік жолағы. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?