Формулаларды қолдану. Математика, 3 сынып, презентация.


Бүгін сабақта :

Есептерді теңдеу арқылы шығару.

Теңдеу шығарамыз.

Мәселе есептерді есептейміз.

Логикалық есеп шығарамыз.

Логикалық есептер

Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?

Атасы мен әжесінің екеуінің туған күндері бір күнде. Бірақ олар құрдас емес неге?

Су жағасында тауықтың, үйректің 7 балапаны келді. Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр. Сонда екі балапан қайда?

Теңдеу құрыңыз және шешіңіз

Ойлаған санды 46 есе кеміткенде 90-ның 30-ға бөліндісіне тең сан шықты. Ойлаған санды тап.

Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз

Қоймада 1704 қап ұн болды. Бірнеше қап ұнды асханаларға жөнелткеннен кейін онда 1009 қап ұн қалды. Асханаларға неше қап ұн жөнелтілді?

Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз

Көкөніс қоймасында 548 т қызылша болды. Қоймадан бірнеше тонна қызылшаны тиеп жібергеннен кейін онда 399 т қызылша қалды. Қоймадан қанша қызылша тиеліп жіберілді?

Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңыз

Көктемде бақшаның орта тұсына әр қатарына 8 көшеттен 5 қатар және бақша қоршауын жиектей бірнеше көшет отырғызды. Барлығы 63 көшет отырғызылған болса, қоршауды жиектеп неше көшет отырғызылды?

Жұппен жұмыс

Жұпта теңдеу құрып, шығарыңыз

Қандай санға 37 мен 4-тің көбейтіндісін қосқанда 2032 шығады?

Қандай санды 425 пен 423-нің айырмасына көбейткенде 440 шығады?

Қандай санды 74 пен 26-ның қосындысына бөлгенде 945 шығады?

Тексеріңіз

1884

220

94500

Топтық жұмыс

Есептің шарты бойынша теңдеу құру , есептеу.

Сен бүгін не үйрендің?

Саған бүгін ең маңызды болған нәрсе? Неге?

Не туралы тағы да көбірек білгің келеді?

Қай тапсырма сені қызықтырды?

Саған кішкене қиындау болған тапсырма? Неге ?

Сабақтың қай жерінде өзіңді жақсы көрсете алдың?

Бүгін сабақта алған біліміңді қайда қолдана аласың?

Бүгін сабақта :

Есептерді теңдеу арқылы шығару.

Теңдеу шығарамыз.

Мәселе есептерді есептейміз.

Логикалық есеп шығарамыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу