Құрылымы күрделі теңдеулер.Бекіту/Музыка. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


91-сабақ. Құрылымы күрделі теңдеулер.Бекіту/Музыка

Тақырып: Құрылымы күрделі теңдеулер. Бекіту/Музыка

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

3.2.2.2 көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу;құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6;

х: (17∙2)=2; k+124:4=465 теңдеулерді шешеді.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

Мынадай құрылымы күрделі теңдеулерді шешуді біледі:

х∙ (25:5)=60;

(24∙3):х=6;

х: (17∙2)=2;

k+124 : 4 = 465

Бірқатар оқушылар:

-теңдеуді жеңілдету жолдарын түсіндіруді, құрылымы күрделі теңдеуді шешу амалдарын біледі.

Кейбір оқушылар:

Солынан және оңынан күрделендірілген теңдеулерді шешеді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-құрылымы күрделі теңдеулер шешуді түсіндіруді, сол жақ бөлігін жеңілдету, белгісіз компонентті атау, белгісіз компонентті табу ережесін түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

-көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулер, құрылымы күрделі теңдеулер.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл:

Талқылау:

–Теңдеу күрделі болса не істеу керек?

–«Өрнекті жеңілдету» дегенді қалай түсінесің?

–Күрделі теңдеуді қалай тексеруге болады?

Құрылымы күрделі теңдеуді шешу амалын көрсет.

Жазу:

Теңдеудің шешімін жаз және оны тексер.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулер.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру.

Музыка туралы әңгіме.

Әртүрлі жанрлардан үзінділер тыңдайды да, балалар білетіндерін ортаға салады.

Музыка жанры деген не?

Жанр дегеніміз –нақты бір музыкаға қатысты ерекше үлгі. Оның орындалуының, арналуының, пішіні мен мазмұн сипаттамасының нақты шарты бар.

Мысалы, бесік жырының нақты мақсаты – баланы тыныштандыру, сондықтан оған «тербетіліс» екпіні мен ырғақ мәнері тән; маршқа – нақты адымдарға үйлестірілген мызыканың барлық мәнері тән.

Музыка жанрлары қандай болады?

Жанрларды топтастырудың ең қарапайым жолы –орындау амалымен жүреді.

Бұл үлкен екі топ: аспапты (марш, вальс, этюд, соната, фуга, симфония) вокалды жанрлар (ария, жыр, романс, кантата, опера, мюзикл). Жанрлардың басқа типологиясы орындау мәнерімен байланысты.

Бірақ балалар мектепте негізінен үш танымал түрін өтеді: ән, би, марш.

суреттер

4-6

Белсендіру.

Музыка өнерінің үлкен мерекесіне бағдарлама құрады. (Ж.Ж) 1- тапсырманы жұпта орындауды ұсынады. Өрнекті шешіп, концертте қанша ән, би мен марш қойылатынын біледі. Балалар өрнекті бірнеше жолмен шешеді. Оларды амалдар компоненттерінің атауларын пайдалана отырып оқып береді.

25·4-25·3=

2·(11 ·30-320)=

20 · 11 –(99 · 2 +2)=

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Т.Ж) «Белгісізді тап» ойыны.2-тапсырма. Бұл тапсырманы қатар бойынша жарыс түрінде (егер оқушылар қатар бойынша отырса) немесе топта орындайды. Тақтаға 1, 2, 3-қатар (топ) деп жазып қойылады. Тапсырмаларды орындау барысында, оқушылар қолдарын көтереді, оны тексеріп, жұмысты орындап. шыққан оқушы қай қатардыкі (топтыкі) болса, сол қатарға (топқа) ұпай беріледі. Барлығынан көп ұпай жинаған қатар (топ) жеңіске жетеді. Оқушылар тапсырмада белгісіз компоненттерді қалай табатынын ереже арқылы табады.Кестеде жауаптарын эталонмен тексереді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

4-5-6-слайдтар

7-8-слайдтар

қима қағаздар

7-40

Өткенмен жұмыс.

(Ө.Ж) Қ.Б. 3-тапсырманы оқушыларға өз бетінше теңдеуді шешеді.Күрделі теңдеулерді шешу үшін белгісіз компонентті тауып, белгісіз компонентті табудың ережесін қолданып,теңдеудің сол жағын қарапайым теңдеу шыққанша ықшамдайды.Содан кейін белгісізді тауып, теңдеуді тексереді.Тапсырманы орындап болған соң,өзара тексеру жүргізіледі.Оқушылар жұмысы бағаланады.

56:х=(10+6):2 (67-23)+у=786-145

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

(Ж.Ж) 4-тапсырма жұпта орындалады.Есеп қалдықпен бөлуге және оған байланысты есептер шығару және есеп құрастыра білуге арналған. Жұпта оқушылар талдайды,орындайды.(Көмек қажет жұпқа көмек беру)

а)Болды- 35 фотосурет

Жапсырды – 4 фотосуреттен

Қалды-? фотосурет

Кітапханада 49 кітапты әр бумада 5 кітаптан буды.Неше кітап артылып қалды?

ә)Болды – 49 кітап

Әр бумаға– 5 кітаптан

Қалды - ? кітап

(Ж.Ж) 5-тапсырма жұпта орындалады. Оқушылар күрделі теңдеуді шешуді,тексеруді аяқтап,күрделі теңдеулерді шешу дағдысын бекіте алады.Теңдеуді орындап болған соң.жұмыстарын ауыстырып бір-бірін тексереді,салыстырады.

45·2·у=900 45·2+b=900 a-45·2=900

«Бағдаршам» бойынша бағалау арқылы кері байланыс беру.

(Т.Ж) 6-тапсырманы топта орындайды.Топта оқушылар есептің берілгенін оқиды,талдайды.

-Не белгілі,не белгісіз?

-Нені табамыз? Қалай табамыз? -екенін анықтайды.

а)Жөке ағашы -? түп

Шырша -20 түптен 3 қатар 185 түп

ә)Көк - 5 кг-нан -25 құты

Жасыл - ? кг 500 кг бояу

б)Болды - 855 м мата

Бөлді – 4 бөлікке

Қалды – 15 м мата

Әр бөлікте -? м мата

№7 тапсырма. Кәмила сауалнама жүргізді. Оған 100 оқушы қатысты. Диаграмманы оқы. Өз сыныбыңда осыған ұқсас зерттеу жүргіз. Алынған мәліметтерді диаграммаға жаз.

Бұндай жұмыстарды жүргізу үшін алдын ала дайындық қажет. Түрлі түсті стикерлер дайындалады.

Балалар өздерінің сикерлерін сәйкес келетін жазудың астына бекітеді. Әрбір топ тақтаға бір «санағыштарын» жібере отырып, есептеуді өз беттерімен жүргізе алады. Өзгелер бұл кезде диаграммаға арнап шкала жасайды. Бағаналарды қандай түспен бояу керек екенін шешеді.

Диаграммалардың презентациясы топтар бойынша жүргізіледі. Топтарға осыған ұқсас, әдебиет пен кескіндеменің артықшылықтарын зерделей отырып, тапсырма беру арқылы жұмысты түрлендіруге болады.

Өздік жұмыс.

Педагог бағалау критерийлері бойынша дәптерде орындайтын есептер ұсынады.

Теңдеулерді шеш. Тексер.

х: (15∙2)=3 с∙(5∙2)=540

Мен:

  • күрделі құрылымды теңдеуді жеңілдетуді;
  • теңдеудің түбірін табуды;
  • кестеден тыс жағдайда көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындауды;
  • тексеруді орындай аламын.

9-10-слайдтар

11-12-13-слайдтар

14-слайд

41-45

Рефлексия.

«Алма ағашы» әдісі арқылы жүргізіледі.Тақтаға ағаш суреті ілінеді.Әр оқушыға қызылжәне сары алма таратылады.Оқушылар сабаққа қатысуы мен көңіл күйі қарай жапсырады.

- мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын,көңіл-күйім көтеріңкі.

-мен бүгін тапсырманы орындай алмадым,көңіл-күйім жоқ.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу