Есептеу. Қорытындылау/Музыка. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тақырыбы: Есептеу. Қорытындылау

Оқу мақсаттары: көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу; құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6;х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешеді.

Сабаққа қажетті ресурстар:парақшалар,слайдтар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:Бұл сабақта теңдеулерді шешуді бекіту керек.

Мұндай теңдеулерді шешу үшін алдымен амалдардың орындалу ретін анықтап,ең соңғы орындалатын амалды табу керек,белгісіз компонентін анықтап,оны табудың ережесін қолданып,теңдеудің түбірін тауып,тексеруді табу керек.

Жоспарланған іс-әрекет

Симфониялық музыка тыңдату арқылы бастаңыз. Симфонияда аспаптар ойналғанын сұраңыз. Оқушыларды аспапты музыка туралы әңгімеге тартыңыз.

Олармен музыкадағы аспаптардың рөлі мен симфониялық оркестр туралы,математиканың музыкадағы маңыздылығы туралы әңгімелесіңіз.

Оркестрдің жоғарғы формасы, солардың ішіндегі дүние жүзіне ең кең тараған түрі — Симфониялық оркестр. Оның құрамында 50-ден 100-120 адамға дейін болады.Симфониялық оркестрлер — ішекті, аспалы үрмелі және соқпалы аспаптарда ойнайтын, сонымен қатар музыкалық шығармаларды қосылып орындау үшін біріккен үлкен музыканттар ұжымы.

1-тапсырма.Мысалдарды орындау арқылы,симфониялық оркестрдегі музыкалық аспаптар тобының қалай аталатынын біледі.

101·4=404(рояль) 101·8=808(тәрелкелер)

103·2=206(скрипка) 201·4=804(тромбон)

906:3=302(литавр) 320:2=160 (флейта)

150·3=450(труба) 303·2=606(валторна)

900:20=45(гобой) 333:3=111(арфа)

Бұл тапсырмада кестеден тыс үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлуді бекітуге арналған.Оқушылар есептерді шығару барысында өздері меңгерген көбейтудің қасиеттерін қолданады.

(Ұ.Ж) 2-тапсырма ұжымда орындалады. Тапсырмада тірек сөздер және сызба арқылы есеп құрастырады.Тапсырма есеп шығару бойынша оқушылардың білімін жинақтап,дағдыларын дамытуға бағытталған.

Болды – 56 түсті қарындаш,14 жай қарындаш

Алынды – 29 қарындаш

Қалды - ? қарындаш

3-тапсырма. (Ө.Ж) 3-тапсырма.Теңдеулерді шеш.Бұл тапсырманы өз бетінше орындайды.Оқушылар күрделі теңдеулерді шешуді,тексеруді,күрделі теңдеуді шешу дағдысын бекіте алады.Құрылымы күрделі теңдеулерді шешуде, кестеден тыс көбейту мен бөлу амалдарын орындауда кездесетін қиындықтарды анықтауға бағытталған.

56:4+х=257 у-75:5=800

14+х=257 у-15=800

х=257-14 у=800+15

х=243 у=815

56:4+243=257 815-75:5=800

257,=257 800=800

а+84:4=570 84:7·b=120

а+21=570 12·b=120

а=570-21 b=120:12

а=549 b=10

549+84:4=570 84:7·10=120

570=570 120=120

39:13=3 84:12=21 56:14=4 96:32=3 68:17=4

54:18=3 72:24=3 70:14=5 90:15=6 44:11=4

17·2=34 75:5=15

65·2=130 60·8=480

550:5=110 84:6=14

800:40=20 960:6=160

(Ж.Ж)6-тапсырма.Бұл тапсырмада оқушылар қалдықпен бөлуді еске түсіреді.Тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз.Бұл тапсырмада оқушылар қалдықпен бөлуді еске түсіреді.Қалдықпен бөлу кезінде бөлгішке қалдықсыз бөлінетін санды табу керек.Бірақ қалдық үнемі бөлгіштен кем болатынын есте сақтауын ескертіңіз.

50:12=4 (қалд.2) 21:4=5(қалд.1)

85:18=4 (қалд.13) 60:7=8(қалд.4)

5:8=0(қалд.8) 74:7=10(қалд.4)

18:4=4(қалд.2)

3:6=0(қалд.3)

51:7=7(қалд.2)

(Ө.Ж) Белгісізді тап.7-тапсырма.Бұл тапсырмада қалдықпен бөлуді шығаруды бекітуге бағытталған.тапсырманы орындамас бұрын белгісіз бөлінгішті табуға түсіндірме жұмыстарын жүргізіңіз.(Белгісіз бөлінгішті табу үшін бөлгіш пен бөліндінің мәнін көбейтіп,қалдықты қоссақ бөлінгіш шығады.)Бұл тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз.Жұптар арасында өзара тексеру жүргізіңіз.

:4= 3 (1 қалд.) 4·3+1=13

:3= 4 (2 қалд.) 4·3+1=13

: 5= 3 (3 қалд.) 4·3+1=13

(Ж.Ж) Есепті шығар.8-тапсырма. Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыныңыз.Жұпта есепті сызба бойынша дұрыс шартын құрып, дұрыс шығаруын қадағалаңыз.

Есепті дұрыс шығару үшін мынадай ережелер бойынша жұмыс жасаңыз.

1.Есептің шартын құру.

2.Есепте не белгілі, не белгісіз екенін анықтау.

3.Есепті шығарудың ыңғайлы тәсілін таңдау.

4.Есепті шығару.

5.Жауабын жазады.

а)Алтын түстес- 20 дана -30 қорап

Күміс түстес- 10 дана – 30 қорап ? қорап

Ш:20·30+10·30=900(ойыншық)

Ж:барлығы 900 ойыншық сатып алды.

ә) 20 сыйлық-1 қорап

800 сыйлық-? Қорап

Ш:800:20=40(қорап)

Ж:800 сыйлыққа 40 қорап қажет.

(Есепті шығаруда қиындық тудырған жұпқа көмек ұсыныңыз.)

Кері байланыс

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс беру

Түсінгендікті көрсету үшін бағдаршамның түстерін көрнекі құрал ретінде пайдаланыңыз.

Мысалы:

Оқушыларда қызыл, жасыл және сары түсті карточкалар бар, оны олар өз парталарына қояды немесе жоғары көтереді (қызыл = түсінбеймін, жасыл = барлығы түсінікті). Оқушылар бағдаршамның түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Мұғалімге көрсетілген бағалауды оқушылардың күнделіктеріне жазуына болады. Сыныптастары бағдаршам түстерінің көмегімен таныстырылымдарды және т.б. бағалайды. Басында балалардың барлығы жасыл түстіні көрсетуі мүмкін. Содан кейін өз қателерін тауып,дұрысын дәлелдей алмағандар сары немесе қызыл түсті көтеріп жатады. Бағалаудың өзіндік қиындықтары да байқалып жатады. Басында балалар өздеріне жоғары баға береді. Ол жағдайда оқушыларға бағаның шын болу керектігін айта отырып, яғни шын баға өзінің қаншалықты түсінгенін көрсететінін айтып өткен жөн.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу