Өзіңді тексер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
95-сабақ. Өзіңді тексер
Тақырып: Өзіңді тексер | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна | ||||||||||
3-сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.2.2.2 көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешеді; құрылымы күрделі теңдеулерді шешеді. 3.1.2.7 кестеден тыс жағдайда мынадай көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындайды: 3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолданады. | ||||||||||
Күтілетін нәтижелер |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Теңдеуді шешу, кестеден тыс көбейту мен бөлу. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | |||||||||
0-3 | Ынталандыру Математика керек әр күнге, Математика қажет өмірде. Математиканы оқимыз, Миымызға тоқимыз. | ||||||||||
4-40 | Белсендіру. Кестеден тыс көбейту және бөлу бөлімінен алған білімдерін тексеру мақсатында тапсырмалар жазылған парақтар таратылады. Тапсырмалар кестеден тыс көбейту және бөлу дағдысын бекітуге бағытталған. БІЛУ Қарапайым теңдеулерді және құрылымы күрделі теңдеулерді қалай шешуді білемін. Теңдеулерді шеш. x·(25:5)=60 (24·3):х=6 Күрделі теңдеулерді шешу үшін белгісіз компонентті тауып, белгісіз компонентті табудың ережесін қолданып,теңдеудің сол жағын қарапайым теңдеу шыққанша ықшамдайды.Содан кейін белгісізді тауып, теңдеуді тексереді. ТҮСІНУ Қалдықпен бөлу орындауды және оны тексеруді білемін. Қалдықпен бөлуді орында.Есептеуді тексер. 29:5 17:3 69:8 30:7 Бұл тапсырманы орындауда қалдықпен бөлуден алған білімін қолданады ҚОЛДАНУ Тиімді есептеу үшін көбейтудің терімділік, үлестірімділік және ауыстырымдылық қасиеттерін қолдана аламын. Тиімді тәсілмен есепте. (6+4)·8 (5+2)·60 (20+60)·9 (80+20)·6 (30+40)·8 (450+50):5 Тапсырма көбейтудің қасиеттерін бекітуге және көбейтудің қасиеттерін қайталауға берілген.Сонымен қатар көбейтудің қасиеттерін қолданудағы тәжірибелік дағдысын дамытады. ТАЛДАУ Қалдықпен бөлуге берілген есептерге талдау жасап, шығара аламын Есепті шығар. Тапсырма қалдықпен бөлу бойынша алған білімдерін бекітуге арналған. Балалар көркем еңбек сабағы түшін 19 шырша бүршігін жинады. Олардан 6 бұйым жасады. Бір бұйымға неше бүршік қажет болды? ЖИНАҚТАУ Есептеуді орындау үшін амалдардың қасиеттерін қолдана аламын. Көбейтуді және бөлуді есептеу үшін балалардың қалай пайымдағанын тап. БАҒАЛАУ Бір таңбалы санға қалдықпен бөлудің дұрыс орындалғандығын тексере аламын. Тексер. Қателерді түзет. 15:2=6 (1 қалд.) 5:2=2 (1 қалд.) 16:5=3 (1 қалд.) 3:7=0 (3 қалд.) | 4-слайд 5-слайд 6-слайд 7-слайд 8-слайд 9-слайд | |||||||||
41-45 | Рефлексия «Алма ағашы» әдісі арқылы жүргізіледі.Тақтаға ағаш суреті ілінеді.Әр оқушыға қызылжәне сары алма таратылады.Оқушылар сабаққа қатысуы мен көңіл күйі қарай жапсырады. - мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын,көңіл-күйім көтеріңкі. -мен бүгін тапсырманы орындай алмадым,көңіл-күйім жоқ. | 10-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?