Текше, тікбұрышты параллелепипед/Дизайн. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Тақырыбы: Текше, тікбұрышты параллелепипед/
Оқу мақсаттары кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру.
солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру.
Сабаққа қажетті ресурстар:суреттер, фигуралар,парақшалар.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: параллелепипедтің бетін құрайтын тіктөртбұрыштар-жақтары деп аталады. Параллелепипедтің 6 жағы бар,бұған қоса бір-біріне қарама-қарсы орналасқан жақтары тең болады. Параллелепипедтің 12 қабырғасы бар,бұған қоса олар жақтарының да қабырғалары болып табылады.Қабырғаларының қиылысу нүктесі параллелепипедтің төбелері деп аталады.
Жоспарланған іс-әрекет
Ынталандыру.
Пейзаждың, натюрморттың портретін, әдемі қалалардың суреттерін көрсету арқылы оқушылардан: «Фотосуретті неге өнер деп айтуға болады?» – деп сұраңыз.
Фотоөнер — көркем фотосуреттер өнерін жасау. Яғни фотосуреттер суретші сияқты фотографтың шығармашылық көрінісінен хабар беретін фотосуреттер.
Фотоөнер үшін әртүрлі техникалық құралдар мен көркем тілдің байлығы маңызды. Фотоөнер тауарларды және қызметтерін жарнамалауға арналған коммерциялық фотосуреттерге қарама-қарсы қойылады.
Белсендіру.
Фотоаппаратты алып келіп, оны қалаған затқа қоюға болады. Не фотоаппараттың моделін жасау. Балалар объективке және кішкене текшенің бір жағына қарап көре алады. Осы қырларды көру үшін фотоаппаратты қай жағына қою керек екенін айтыңыз. Мұғалім суреттерді көрсетеді:
1 2 3
1.алдынан және артынан;
2.оң және сол жағынан;
3 төменнен не жоғарыдан.
Мұғалім жазбаны қарауды өтінеді. Ал енді фотоаппаратқа қараңыз (тік, жоғарыдан, төмен және т.б.).
–Қандай қырды көрдің?
–Онда не жазылған?
–Басқа қырларына қандай сандар жазылады?
Санды таңда. Кішкене текшенің бұл үсті деп елестетіп көр (алдыңғы жақ және т.б.). Төменде, сол, оң жағында, алдында, артында не жазылғанын ата. Біз бұған ұқсас пішіндерді жиі кездестіреміз. Олар әртүрлі материалдардан және әртүрлі түстерден боялған болуы мүмкін, бірақ олар пішіні бойынша бір-бірін есіне түсіреді. Мысалы: қорап, сөре, бағаналар және т.б.
Бұл заттар ұқсас пішінді болып келеді. Шынымен де олар бір-бірінен ұсақ бөлшектер арқылы ажыратылады: бағаналарда бастырмалар, сөреде есік, бірақ осы ұсақ бөлшектерге көңіл аудармасақ, бұл заттар бір-біріне ұқсас пішіндес болып келеді. Олардың барлығы суреттегі артық бөлшегі жоқ заттың пішінін еске түсіреді.
- Бейнеленген денені не деп атайды? (Тікбұрышты параллелепипед деп аталады.)
Тікбұрышты параллелепипедке қара.
- Балалар, тікбұрышты параллелепипед туралы нені білгілерің келеді?
Сұрақтар тақтаға жазылады:
1. Тіктөртбұрыштың тікбұрышты параллелепипедтен айырмашылығы қандай?
2. Тікбұрышты параллелепипедтің ауданын қалай табамыз?
3. Параллелепипед атауы қандай сөзден шыққан?
Оның тікбұрышты параллелепипедтің қабырғалары деп аталатын үсті 6 тікбұрыштан тұрады. Қандай қыры қалай аталатынын есте сақтау керек: бізге қарап тұрған қыры алды деп аталады, дәл сондай қыры арт жағында бар ол артқы қыры, бүйір қырлары – оң және сол деп аталады. Үстіңгі қыры үстіңгі қыры деп аталады, ал пішін тұрған қыры төменгі немесе негізгі қыры деп аталады.
Қырдың жақтары қабырғалары, ал қырдың төбелері – параллелепипедтің төбесі деп аталады.
Тікбұрышты параллелепипедтің қанша қабырғасы бар екенін санаңыз?
Жауап:12.
Тікбұрышты параллелепипедтің төбесі қанша?
Жауап: 8.
Тікбұрышты параллелепипедтің қырлары қанша?
Жауап: 6.
Тікбұрышты параллелепипедтің:
12 қабырғасы;
8төбесі;
6 қыры бар екенін анықтадық.
Егер олардың ортақ қабырғасы болмаса, екі қырлары қарама-қарсы деп аталады.
Қарама-қарсы қырлары үшін тіктөртбұрыштың қарама-қарсы жақтары сияқты дәл қарама-қарсы қырлары тең болатындай қасиеттері орындалады.
Қарама-қарсы қырлардың аудандары тең.
Қорытынды дәптерге жазылады.
-Сынып бөлмесіндегі қарама-қарсы қабырғаларды көрсетіңіз.
Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығын, ені мен биіктігін өлше.
Жауабын мынадай түрде жазыңдар.
а=
в=
с=
Біз сіздермен алдыңғы сабақта тікбұрышты параллелепипед және оның элементтерімен таныстық. Біз тікбұрышты параллелепипедтің моделін құруды үйренеміз, бұл үшін бізге параллелепипедтің жазбасын құрастыру алгоритмі көмектеседі.
Өзіндік жұмыс
Параллелепипедтің жазбасын құрастырудың алгоритімін қалпына келтіру. Оны қағазға сипаттап, жазбасын кесу.
1. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу. Жазбаны құрастырушы тіктөртбұрыштардың қандай өлшемдері болуы мүмкін екенін жазу.
2. А4 қағазға 3 жұпты тіктөртбұрышты үлгіде көрсетілгендей сызып шығу:
3. Тіктөртбұрыштың екі қарама-қарсы жағын желімдеу үшін 3 жұп «қанаттар» жасау және тіктөртбұрыштардың бүйіріне үшінші жағына тағы біреу жасау.
4. «Қанаттарды» кесіп, сызық бойынша бүктеп, жапсыру.
Қиындықтарды түзету.
Мұғалім дұрыс орындалуын қадағалайды.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерде сіз қателік жібердіңіз?
– Жіберілген қателіктің себебі неде?
– Өзіндік жұмыста кімде қиындық туындаған жоқ, өз әрекетіңіздің мақсатын айқындаңыз.
(Қателерді түзеу).
Өткенмен жұмыс.
(Т.Ж) 1-тапсырма.Әр топқа дайын жазбаны тарата отырып,суреттегі текшенің сол және оң жоғары және төмен жақтарында қанша нүкте бар екенін оқушыларға түсіндіруге тапсырылады.
Сол жағында 6 нүкте, астында 3 нүкте бар.
Сол жағында 5 нүкте, астында 4 нүкте.
Бұл тапсырмада оқушылар текшені солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре алады.
Тікбұрышты параллелепипед пен текшені таниды.
Кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындай алады (текше, тікбұрышты параллелепипед); оның моделін құрастыра біледі.
«Шапалақ» арқылы бағалау
(Ж.Ж) 2-тапсырма жұпта орындауға ұсынылады.Берілген текше ішінен артық текшенің нөмірін көрсетеді.(Бұл текшеде 4-ші текше артық.)
Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»
(Т.Ж) 4-тапсырманы берілген текшенің үстіңгі жағынан қараған болсаң,төмендегі нұсқалардың әрқайсысының астыңғы жағында неше нүкте болатынын анықтайды.
Ол үшін берілген жазбаны құрастырып,желімдейді. Дайын болған текше арқылы берілген нұсқалардың астыңғы жағында қанша нүкте бар екенін анықтайды.Тақтадан дайын жауаппен қорытындылаңыз. Бұл тапсырмада оқушылар текшені солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіруді біледі.
«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру
(Ө.Ж) 5-тапсырма өз бетінше орындауға ұсыныңыз.Есептің берілгенін оқып,шартын құрастырады.Есепті бұрын шығарған оқушы тақтаға жазады.
І фотограф – 25 сурет
ІІ фотограф – 45 сурет ? сурет
Ш: (25+45)·6=420 (сурет)
Жбір аптада екеуі бірігіп 420 сурет түсірді.
Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»
(Ж.Ж) Құрастыр және шығар.6-тапсырманы жұппен орындау ұсыныңыз.Тапсырма амалдардың орындалу тәртібін қолдануға берілген.Ауыспалы жұп түрінде бір-бірін тексертіңіз.
480:8:6+540:6=100
«Бағдаршам» бойынша бағалау.
(Ж.Ж)Құрастыр және сана.7-тапсырма жұппен орындауға ұсыныңыз.Әртүрлі фигура құрастырады.Құрастырған фигураға қанша текше пайдаланғанын санайды.
Өзіндік жұмыс.Оқушыларға тест тапсырмалары жазылған парақшалар таратылады.
Тест.
1. Кез келген тікбұрышты параллелепипед қабырғалардан тұрады. Онда олар:
А) 12; В) 8; С) 6.
2. Әрбір тікбұрышты параллелепипедтің қабырғасы бар. Бұл:
А) тіктөртбұрыш; В) кескіндер; С) нүктелер.
3. Барлық қабырғасы тең тікбұрышты параллелепипед аталады:
А) текше; В) тіктөртбұрыш; С) шаршы.
Тесттің жауабы экранға шығады.
1)С; 2) В; 3)А.
«Бағдаршам» бойынша бағалатыңыз.
Рефлексия.
– Сабақтың басында біз алдымызға қандай міндеттерді қойдық?
– Бұл міндеттерге жете алдық па?
– Сізге қандай қиындықтар кездесті?
– Оларды жеңе алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?