Текше, тікбұрышты параллелепипед/Фотаға түсіру өнері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


99-сабақ.Текше, тікбұрышты параллелепипед/ Фотаға түсіру өнері

Тақырып: Текше, тікбұрышты параллелепипед/Фотаға түсіру өнері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

3-сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.3.2.3 кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру.

3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

Кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындау (текше, тікбұрышты параллелепипед) және оның моделін құрастыру

Көп оқушылар:

солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру

Кейбір оқушылар:текшенің,тікбұрышты параллелепипедтің моделін құрастыру және өзбетімен жасау.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология:солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

–Қалай ойлайсың, тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын дайындау үшін неге тіктөртбұрыш сызу керек?

–Қанша және қандай тіктөртбұрышты кескіндеу қажет?

–Неліктен оларды осылай қағаз бетіне қою ыңғайлы?

–Жазбаларда «құлақшаны» не үшін дайындайды?

–Қандай фигураларды кубтың қырлары деп атайды?

–Текшені тікбұрышты параллелепипед деп атауға бола ма, және неліктен?

–Кубтың әрбір қырында немесе тіктөртбұрышты параллелепипедті жазба бойынша бұрғанда не бейнеленгенін көруге бола ма?

–Тіктөртбұрыштың тікбұрышты параллелепипедтен айырмашылығы қандай?

Жазу:

Жазбаның сызбасы.

Тірек білім, білік, дағдылар

Тіктөртбұрыш, шаршы, текше, тікбұрышты параллелепипед, фигуралардың ұзындығын, ені мен биіктігін өлшеу.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-3

Ынталандыру.

Пейзаждың, натюрморттың портретін, әдемі қалалардың суреттерін көрсету арқылы оқушылардан: «Фотосуретті неге өнер деп айтуға болады?» – деп сұрау .

Фотоөнер — көркем фотосуреттер өнерін жасау. Яғни фотосуреттер суретші сияқты фотографтың шығармашылық көрінісінен хабар беретін фотосуреттер.

Фотоөнер үшін әртүрлі техникалық құралдар мен көркем тілдің байлығы маңызды. Фотоөнер тауарларды және қызметтерін жарнамалауға арналған коммерциялық фотосуреттерге қарама-қарсы қойылады.

Суреттер, фотограф

пен фотоаппараттың суреті

3-4-слайдтар

4-11

Белсендіру.

Фотоаппаратты алып келіп, оны қалаған затқа қоюға болады. Не фотоаппараттың моделін жасау. Балалар объективке және кішкене текшенің бір жағына қарап көре алады. Осы қырларды көру үшін фотоаппаратты қай жағына қою керек екенін айтыңыз. Мұғалім суреттерді көрсетеді:

1 2 3

1.алдынан және артынан;

2.оң және сол жағынан;

3 төменнен не жоғарыдан.

Мұғалім жазбаны қарауды өтінеді. Ал енді фотоаппаратқа қараңыз (тік, жоғарыдан, төмен және т.б.).

–Қандай қырды көрдің?

–Онда не жазылған?

–Басқа қырларына қандай сандар жазылады?

Санды таңда. Кішкене текшенің бұл үсті деп елестетіп көр (алдыңғы жақ және т.б.). Төменде, сол, оң жағында, алдында, артында не жазылғанын ата. Біз бұған ұқсас пішіндерді жиі кездестіреміз. Олар әртүрлі материалдардан және әртүрлі түстерден боялған болуы мүмкін, бірақ олар пішіні бойынша бір-бірін есіне түсіреді. Мысалы: қорап, сөре, бағаналар және т.б.

Бұл заттар ұқсас пішінді болып келеді. Шынымен де олар бір-бірінен ұсақ бөлшектер арқылы ажыратылады: бағаналарда бастырмалар, сөреде есік, бірақ осы ұсақ бөлшектерге көңіл аудармасақ, бұл заттар бір-біріне ұқсас пішіндес болып келеді. Олардың барлығы суреттегі артық бөлшегі жоқ заттың пішінін еске түсіреді.

  • Бейнеленген денені не деп атайды? (Тікбұрышты параллелепипед деп аталады.)

Тікбұрышты параллелепипедке қара.

- Балалар, тікбұрышты параллелепипед туралы нені білгілерің келеді?

Сұрақтар тақтаға жазылады:

1. Тіктөртбұрыштың тікбұрышты параллелепипедтен айырмашылығы қандай?

2. Тікбұрышты параллелепипедтің ауданын қалай табамыз?

3. Параллелепипед атауы қандай сөзден шыққан?

Оның тікбұрышты параллелепипедтің қабырғалары деп аталатын үсті 6 тікбұрыштан тұрады. Қандай қыры қалай аталатынын есте сақтау керек: бізге қарап тұрған қыры алды деп аталады, дәл сондай қыры арт жағында бар ол артқы қыры, бүйір қырлары – оң және сол деп аталады. Үстіңгі қыры үстіңгі қыры деп аталады, ал пішін тұрған қыры төменгі немесе негізгі қыры деп аталады.

Қырдың жақтары қабырғалары, ал қырдың төбелері – параллелепипедтің төбесі деп аталады.

Тікбұрышты параллелепипедтің қанша қабырғасы бар екенін санаңыз?

Жауап:12.

Тікбұрышты параллелепипедтің төбесі қанша?

Жауап: 8.

Тікбұрышты параллелепипедтің қырлары қанша?

Жауап: 6.

Тікбұрышты параллелепипедтің:

12 қабырғасы;

8төбесі;

6 қыры бар екенін анықтадық.

Егер олардың ортақ қабырғасы болмаса, екі қырлары қарама-қарсы деп аталады.

Қарама-қарсы қырлары үшін тіктөртбұрыштың қарама-қарсы жақтары сияқты дәл қарама-қарсы қырлары тең болатындай қасиеттері орындалады.

Қарама-қарсы қырлардың аудандары тең.

Қорытынды дәптерге жазылады.

-Сынып бөлмесіндегі қарама-қарсы қабырғаларды көрсетіледі.

11-12

Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығын, ені мен биіктігін өлше.

Жауабын мынадай түрде жазыңдар.

а=

в=

с=

Біз сіздермен алдыңғы сабақта тікбұрышты параллелепипед және оның элементтерімен таныстық. Біз тікбұрышты параллелепипедтің моделін құруды үйренеміз, бұл үшін бізге параллелепипедтің жазбасын құрастыру алгоритмі көмектеседі.

12-29

Өзіндік жұмыс

Параллелепипедтің жазбасын құрастырудың алгоритімін қалпына келтіру. Оны қағазға сипаттап, жазбасын кесу.

1. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу. Жазбаны құрастырушы тіктөртбұрыштардың қандай өлшемдері болуы мүмкін екенін жазу.

2. А4 қағазға 3 жұпты тіктөртбұрышты үлгіде көрсетілгендей сызып шығу:

3. Тіктөртбұрыштың екі қарама-қарсы жағын желімдеу үшін 3 жұп «қанаттар» жасау және тіктөртбұрыштардың бүйіріне үшінші жағына тағы біреу жасау.

4. «Қанаттарды» кесіп, сызық бойынша бүктеп, жапсыру.

Қиындықтарды түзету.

Дәптер, оқулық

30-40

Өткенмен жұмыс.

(Т.Ж) 1-тапсырма.Әр топқа дайын жазбаны тарата отырып,суреттегі текшенің сол және оң жоғары және төмен жақтарында қанша нүкте бар екенін оқушыларға түсіндіріге тапсырылады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

(Ж.Ж) 2-тапсырма жұпта орындауға ұсынылады.Берілген текше ішінен артық текшенің нөмірін көрсетеді.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

.Ж) 4-тапсырманы берілген текшенің үстіңгі жағынан қараған болсаң,төмендегі нұсқалардың әрқайсысының астыңғы жағында неше нүкте болатынын анықтайды.

Ол үшін берілген жазбаны құрастырып,желімдейді. Дайын болған текше арқылы берілген нұсқалардың астыңғы жағында қанша нүкте бар екенін анықтайды.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

(Ө.Ж) 5-тапсырма өз бетінше орындауға ұсынылады.Есептің берілгенін оқып,шартын құрастырады.Есепті бұрын шығарған оқушы тақтаға жазады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ж.Ж) Құрастыр және шығар.6-тапсырманы жұппен орындау ұсынылады.Тапсырма амалдардың орындалу тәртібін қолдануға берілген.Ауыспалы жұп түрінде бір-бірін тексереді.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

(Ж.Ж)Құрастыр және сана.7-тапсырма жұппен орындауға ұсынылады.Әртүрлі фигура құрастырады.Құрастырған фигураға қанша текше пайдаланғанын санайды.

Өзіндік жұмыс.Оқушыларға тест тапсырмалары жазылған парақшалар таратылады.

Тест.

1. Кез келген тікбұрышты параллелепипед қабырғалардан тұрады. Онда олар:

А) 12; В) 8; С) 6.

2. Әрбір тікбұрышты параллелепипедтің қабырғасы бар. Бұл:

А) тіктөртбұрыш; В) кескіндер; С) нүктелер.

3. Барлық қабырғасы тең тікбұрышты параллелепипед аталады:

А) текше; В) тіктөртбұрыш; С) шаршы.

Тесттің жауабы экранға шығады.

  • С; 2) В; 3)А.

«Бағдаршам» бойынша бағалау.

Дәптер, оқулық.

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

9-слайд

10-11-слайдтар

Парақшалар

41-45

Рефлексия.

– Сабақтың басында біз алдымызға қандай міндеттерді қойдық?

– Бұл міндеттерге жете алдық па?

– Сізге қандай қиындықтар кездесті?

– Оларды жеңе алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

[attachment=40867:mzh-99-saba-tekshetikbryshty-parallelepiped.docx]
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу