Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу Сәндік-қолданбалы өнер. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

83-сабақ, Тақырыбы

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлу Сәндік-қолданбалы өнер

Оқу мақсаты:

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

-бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындайды.

Оқушылардың көпшілігі:

-есепті тексеру үшін не істеу керек екенін біледі.

Оқушылардың кейбірі:

-қалдықпен бөлуді әріптік жазба түрінде көрсете алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

-қалдықпен бөлуді; неге қалдық бөлгіштен аз болатынын түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

-қалдықпен бөлу, қалдық, қалдық бөлгіштен аз.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындайды?

Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Жазу:

Қалдықпен бөлуді және оны тексергеніңізді жазыңыз.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлу, амалдардың өзара кері байланысы, көбейту кестесі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-2

Ынталандыру.

«Сиқырлы қобдиша» жаттығуы

"Таңдау"әдісі бойынша 3топқа бөлінеді, яғни 3 көшбасшы шығып,өзіне топ мүшелерін таңдайды. Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – сәндік-қолданбалы бұйымдар суреттері (суреттер артына көбейту, бөлуге байланысты өрнектер жазылған) Жанға жайлы музыка қойылып, оқушылар қобдишаны бір-біріне сырғытып отырады. Музыка тоқтағанда қобдиша алдына келген оқушы бұйым таңдайды. Ішінде жазылған өрнектің мәнін табады Фотосуреттерді көрсету арқылы шеберге қандай математикалық білім қажет болатынын сұрау.

Сәндік-қолданбалы бұйымдардың

үлгілері.

2-слайд

Қобдиша, музыка

3-слайд

3-5

Белсендіру. "Карта" әдісі

(Т.) Көбейту мен бөлу кестесі бойынша оқып-білгенін қолдану үшін мақсатты түрде, бұрын суреттелген, дидактикалық ойындар ұйымдастыру. Балаларды кестені қайталауға белсенді араласуына ықпал ету үшін, "Карта"әдісін пайдалану.

3 топқа бірдей етіп, көбейту, бөлу кестесі жазылған тапсырмалар беріліп, араластырып, өрнек пен оның жауабын беттестіру.Қай топ дұрыс әрі тез орындаса сол топ жеңіске жетіп, сыйлыққа сәндік-қолданбалы фабрикасына жолдама алады

"Отшашу"арқылы бағалау

Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

4-слайд

Тұсаукесер, қима қағаздарға жазылған көбейту, кестесі және жауаптары.

Жолдама үлгісі

6-10

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Тәжірибелік жұмыс

(Ұ.) Жаңа материалды оқушылар жақсы меңгеру үшін тәжірибе түрінде көрсеткен дұрысырақ болады.Тақтаға шыққан оқушыларға алдымен 3, кейін 6 дәптерден, содан кейін 12 дәптерден таратуды ұсынады (есептің шешімін тақтаға жазып отыру керек), содан кейін 7 дәптер (бұдан 7 дәптерді үштен таратуға болмайтыны анықталады, 2 рет 3 дәптерден берілсе, 1 дәптер қалады). Оқушылар қалдықпен бөлуді алғаш кездестіріп тұрғандықтан, олар оны қалай жазу керек екенін білмейді.Жазылуын тақтаға жазу.

Фишкалармен бағалау.

Оқушылардың дұрыс жасалған жұмысын фишка беру арқылы бағалау

Қолда бар үлестірмелі материалдар (дәптер, қарындаштар).

Фишка

11-28

Жаңаны ашу.

Тәжірибелік жұмыс

(Ө.) Жаңаны ашу үшін оқушыларға тәжірибелік жұмыс орындату.Тақтада мына жазба орындалады 7 : 3 = 2 (1 қалдық).

Содан кейін оқушылар санау материалдарын қолданып, осыған ұқсас есептеуді көрсету. Кейбір жағдайларда қалдықсыз бөлінгені, ал кейбір жағдайларда қалдықпен болуы маңызды. Тақтада жазылғандарды салыстыра отырып, оқушылар мынадай шешімге келеді, кейбір сандарды бөлгенде қалдық қалады, ал кейбірін бөлгенде қалдық қалмайды екен. Сонымен қатар оқушылар қалдық әркезде бөлгіштен кем болатынын өз бетімен түсіну керек.

Қалдықпен бөлу дегеніміз – бір натурал санды

екінші натурал санға бөлгенде қалдығы нөлге тең

болмайтын, бірақ үнемі бөлгіштен кіші болатын сан.

Қалдықпен бөлуді тексерудің алгоритмі:

1. Толық емес бөліндіні бөлгішке көбейт.

2. Алынған нәтижеге қалдықты қос.

3. Шыққан нәтижені бөлінгішпен салыстыр.

Егер

бөлінгіш бөлгіштен кем болса, бөліндінің мәні

нөлге, ал қалдық бөлінгішке тең болады.

Смайликтермен бағалау

Оқушылар бірнеше мысал келтіруі мүмкін. Тапсырмалардың дұрыс орындалуын тексеріп, смайликтермен бағалау.

Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту.

(Ө.)Оқушылар №1 тапсырманы орындайды.

а) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 6-дан салды.Қанша қорап қажет болды?

18:6=3 (қорап)

Жауабы:3 қорап қажет болды

ә) Шебер 18 моншақты әр қорапқа 4-тен салды? Қанша қорап қажет болды және қанша моншақ қалды?

18:4=4 (2 қалдық)

Жауабы: 4 қорап қажет болды және 2 моншақ қалды.

Тексеру:

4∙4+2=18 моншақ

Балаларға қалдықпен бөлудің жазбасын оқуды үйрету : «18-ді 4-ке бөлсек, 4 және 2 қалдық шығады» немесе «Бөлінгіш – 18, бөлгіш – 4, бөлінді – 4 және қалдық – 2». Бұл кезеңде осы сабақтың тұсаукесерін қолдану.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Сәттілік критерийлері бар тапсырма бойынша дәптердегі өздік жұмыс.

Бөлуді орында, тексер.

83:9=9 (қ.2 9∙9+2= 83

39:6=6 (қ.3) 6∙6+3=39

49:5= 9 (қ.4) 9∙5+4=49

50:6=8 (қ2) 8∙6+2=50

Өзін-өзі бағалау

Орындап болғаннан кейін өзін-өзі тексеру үшін үлгі беру,мысалдардан қайсысы қиындық тудырғанын сұрау.

Дәптер, оқулық, тұсаукесер.

Санау материалдары,

Моншақ,түйме,фиш- калар

5-слайд

Смайлик

6-слайд

7-слайд

Моншақ, сигналды карталар

Сигналды карталар

Шаблон

29-37

Жаңаны қолдану.

(Т.)№2 тапсырма.Қалдықпен бөлуге мәтіндік есеп шығару ұсынылады.

а) Ағайынды 2 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру керек.Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?

10:2=5 (0 қалдық)

Жауабы: әрқайсысына 5 жаңғақтан тиеді, қалдық қалмайды.

ә) Ағайынды 3 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет.Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді? Қанша жаңғақ қалады?

10:3=3 (1 қалдық)

Жауабы: 3 жаңғақтан тиеді 1 жаңғақ қалады.

б) Ағайынды 4 балаға 10 жаңғақты теңдей бөліп беру қажет. Олардың әрқайсысына қанша жаңғақтан тиеді?Қанша жаңғақ қалады?

10:4=2 (2 қалдық)

Жауабы:2 жаңғақтан тиеді, 2 жаңғақ қалады.

Жұлдызшамен бағалау

Әр топтың топ басшылары топтардың тапсырмасын тексеріп, жұлдызшамен бағалау.

(Ө.) №3 кестені толтыру.

Шырша ойыншықтары әр қорапқа 6-дан салынды.Қанша қорап қажет болғанын және қанша ойыншық қалатынын анықтау.

15:6=2 (3 қалдық)

19:6=3 (1 қалдық)

22:6=3 (4 қалдық)

23:6=3 (5 қалдық)

Сұрақ қою:

–Біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындау керек екенін айтып бер?

–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Смайликтермен бағалау

Оқушылардың тапсырмаларын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау

Өткенмен жұмыс.

№4 а) (Ж.)

Әртүрлі тәсілмен шығару.

Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 4 түйеден және 5 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 30 саяхатшы келген болса, сен қанша кәдесый саттың?

Өрнек үлгісін құрастыру:

Саяхатшы-30

Сатып алды-?,4т.және 5к.

Кәдесый-?

30•(4+5)=270 к.

30∙4+30∙5=270к.

Жауабы:270 кәдесый сатты

Шығармашылық деңгей:

ә) есептің санды деректерін өзгертіп есепті қайтадан шығар.

Сен өзіңді кәдесыйлар дүкенінің сатушысымын деп есепте. Саяхатшылар 6 түйеден және 8 киіз үйден сатып алды. Егер кәдесыйлар дүкеніне 20 саяхатшы келген болса, сен қанша кәдесый саттың?

Саяхатшы-20

Сатып алды-?,6т.және 8к.

Кәдесый-?

20•(6+8)=280 к.

20∙6+20∙8=280к.

Жауабы:280 кәдесый сатты

Отшашу арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

(Ө.) №5 тапсырма"Кім мықты?"әдісі арқылы орындату.оқушыларды жылдам есептеуге дағдыландыру. Тапсырманы жылдам әрі дұрыс орындаған оқушыны "Кеңесші" етіп тағайындау.

"Кеңесші" тапсырманы орындауға қиналған оқушыларға түсінік береді.

30:4= 7(2) 35: 6= 5(5) 60:9=6(6) 50:8=6(2)

10:3=3(1) 20: 7= 2(6) 69:8=8(5) 17:3=5(2)

Фишкалар арқылы бағалау

Кеңесші оқушылардың тапсырмаларын тексере отырып, фишкалармен бағалайды.

(Т.) №6-тапсырманы "Тізбекті бұзба!" әдісі арқылы орындау.Әр топта 3 оқушы болады.

1-оқушы- өрнекті жазады

2-оқушы- амалдар тәртібін белгілейді

3-оқушы-өрнектің мәнін табады.

124+(219-51)= 292 927+(200+120):4=1007

906-(136+187-97)=680 67+(9∙4):3=79

1000-(218+108)=674 962-(8∙100):2= 562

Бір-бірін бағалау

Тапсырма орындалып болған соң топ басшылары топтарды аралап, жұмысты бағалайды.

Қосымша тапсырмалар

Қалдықпен бөл:

Оқушылар осы жерде кіші санды үлкен санға бөлуге қиналуы мүмкін, кіші санды үлкен санға бөлгенде бөлінді 0-ге, қалдық бөлгішке тең болатынын түсіндіру.

1 : 7 = 0 (қ.7) 5 : 2 = 2 (қ.2)

6 : 5 = 1 (қ.1) 29 : 3 = 9 (қ.2)

18 : 4 = 4 (қ.2) 48 : 5 = 9 (қ.3)

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесін.

8-слайд

9-слайд

10-слайд

Жұлдызша

Кесте

11-слайд

Смайлик

12-слайд

13-слайд

Дәптер, оқулық

Бейджик

Фишка

38-40

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін оқушыларға өз біліктіліктерін мақсатымен байланыстыруды ұсынады: кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты:

  • біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау;
  • тексеруді орындау.

Дәптердегі жетістік жолағын қолдану.

Блум текшесінің сұрақтары бойынша сұрақ құрастыру: неге, ата, түсіндір.

Жетістік жолағы. Блум текшесі.

14-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу