Біртаңбалы санға қалдықпен бөлу/Мүсін өнері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Тақырып: 84-сабақ. Біртаңбалы санға қалдықпен бөлу/Мүсін өнері
Оқу мақсаттары: 3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.
- Тірек сөздер: қалдықпен бөлу
- қалдық
- қалдық бөлгіштен аз.
Ресурстар:
- фишкалар
- құстар суреті
- аңдар суреті
- тақта, үлестірмелі материалдар
- жұлдызша
- смайликтер
- сигналды карталар
- көкөністер
- жемістер
- қоржын
- математикалық диктант жазылған қағаз
- көрме материалдары
- Сабаққа қатысты деректі материалдар
- Бұл сабақта қалдықпен бөлуді үйренеді.
- Қалдықпен бөлуде нәтижені екі санмен жазады.
- Бірінші санды толық емес бөлінді, екіншісін – қалдық деп атайды.
- Қалдықпен бөлу кезінде бөлінгішке жақын,бөлгішке қалдықсыз бөлінетін санды табу керек.
- Бірақ қалдық үнемі бөлгіштен кем болатынын есте сақтау қажет.
Сабаққа арналған ескертулер
Осы кезеңдегі тапсырмада санды қалдықпен
бөлудің пәндік мазмұнын ашу, бөлудің тәжірибелік
дағдысын қалыптастыру.
Ынталандыру.
Әлемдік мүсін өнерінің үздік туындыларын көрсетуге болады.(30 сек)
Стол үстіне жануарлардың, көкөністертің, жемістердің,құстардың суреттері араластырып тастаңыз.Оқушылар таңдаған суретін алып, топқа бөлінеді. Музыка қойылып, оқушылар өздері алған суретін мүсіндеуге кіріседі.Мүсіндеп болған соң оқушылардың жасаған жұмыстарынан көрме жасап қойыңыз.
Белсендіру.
№1тапсырманы "Сәйкестендіру тесті"арқылы орындатыңыз. Өрнектерді мәнімен сәйкестендіріп,шебер әр мүсінді қандай материалдан жасағанын анықтауды ұсыныңыз.
Мүсінді жасауда әртүрлі құралдарды пайдаланады, алайда жұмысқа кіріспес бұрын ол үлгісін қарындащпен сызып алатындығын айтып өтіңіз.
200∙3-300 200 (Тас)
1000-400∙2 300 (Металл)
20∙3+40 100 (Ағаш)
Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, смайликтер арқылы бағалаңыз.
Амалдар компоненттерін қолдана отырып, әр өрнекті оқытыңыз. Бұл үшін болжамды жоспарды қолдануға болады:
Амалдар ретін анықтау.
Бірінші орындалатын өрнек бірінші оқылады, әрі қарай келесі орындалатын өрнекті оқу
1-өрнектің оқылуы
200және 3 сандарының көбейтіндісі мен 300 санының айырмасы
2-өрнектің оқылуы
400 бен 2 сандарының көбейтіндісімен 1000 санының айырмасы
3-өрнектің оқылуы
20 мен 3 сандарының көбейтіндісі мен 40 санының қосындысы
(Ө.) №2 тапсырманы тәжірибелік жұмыс ретінде орындатыңыз.Қалдықпен бөлуге қарындашпен тәжірибе жүргізіңіз, бұл жұмысты әр оқушыға жеке орындатыңыз. Бұл қалдықпен бөлуді өз көзімен көруге мүмкіндік береді.
а) Қорапқа 12 қарындашты 6-дан бөліп сал;
ә) Қорапқа 14 қарындашты 6-дан бөліп сал;
б) Қорапқа 15 қарындашты 6-дан бөліп сал;
Ол үшін қанша қорап қажет болады?
5 санының құрамында 6 неше рет бар?
5 санының құрамында 6 жоқ,яғни 0.
Бір қорап та қажет емес.Қарындаштардың барлығы үстел үстінде қалады.
Шешуі:5:6= 0 (5қалдық)
Тексеру: 0∙6+5=5
Оқушылардың тәжірибелік жұмысын тексеріп, фишкалармен бағалаңыз.
Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді қалай орындауға болады?
Неге қалдық бөлгіштен үнемі кем болады?
Тексеру жүргізу үшін не істеу керек?
Қалдықпен бөлудің жазбасының әріптік мәнін кім анықтай алады? а :b=c+ka=c∙b+k
Математикалық диктант:
1. 9 санына аяқталатын барлық екі таңбалы сандарды өсу тәртібі бойынша бірінші бағанға жаздырыңыз. Барлық сандардағы ондықтардың астын сызуды тапсырыңыз..
2. Асты сызылған сандардан 1 санға үлкенірек сандарды екінші бағанға, бірінші бағандағы әр санның астына жазуды ұсыныңыз.
3. Бірінші бағанда бөлінгіш жазылған, екінші бағанда –бөлгіш; үшінші бағанға – бөлінді, ал оның астына төртінші бағанға – қалдық жазылған.
Шешім:
19 | 29 | 39 | 49 | 59 | 69 | 79 | 89 | 99 |
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 | 9 |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Өзіңді тексер: егер оқушылар барлық есептерді дұрыс шығарса, онда үшінші бағанда барлық бөлінді 9-ға тең, ал төртінші бағанда – бөлгіштен 1-ге кем қалдықтар жазылатынын айтып, т.сіндіріңіз.
Оқушыларды сергітіп алу үшін«Комплименттердің бұрқасыны» әдісін пайдаланыңыз.
Оқушылар берілген уақыт ішінде (1-1,5 минут) бір парақ қағазға өздерінің сүйікті адамдарынан естігісі келген комплиментті жазады. Комплименттердің жеке сөздер (эпитеттер) түрінде болмай, толық сөйлемдер түрінде болғаны дұрыс. Жазып болған соң оқушылар бұл парақтарды домалақтап, домалақ қармен атқыласқандай оларды бір-біріне лақтыруы керек. Содан кейін өзіңіз оқушыларға бір-бірден «қар домалағын» ашып, оларды оқуды тапсырыңыз. Комплименттерді барлық оқушылардың кезектесіп оқуына да болады.
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
Әр баланың қиындықтарын анықтау үшін өздік жұмыс орындатыңыз.
Оқулықтан бұл үшін №3,4 тапсырма берілген. Оқушыларға таңдауы бойынша қалдықпен бөлуге бірнеше мысалдар мен есептерді орындатыңыз.(баған немесе жол).
№3 тапсырма
а) Көркем еңбек сабағында балалар 20 қоянның мүсіінін жасады.Оларды әр қатарға 9-дан қойды.Қанша қатар шықты? Қанша мүсін артылып қалды?
Шешуі:20:9=2 (2қалд.)
Жауабы: 2 қатар шықты, 2 мүсін артылып қалды.
№4 тапсырма
29:7= 4(1) 7∙4+1=29 46:5=9 (1) 9∙5+1=46
85:9= 9(4) 9∙9+4=85 680:80=8(40) 80∙8+8=680
19:2= 9 (1) 9∙2+1=19 88:9=9 (7) 9∙9+7=88
130:60= 2(10) 60∙2+10=130
4:3=1 (1) 1∙3+1=4
52:5= 10(2) 10∙5+2=52
135:40=3(15) 3∙40+15=135
7:6= 1(1) 6∙1+1=7
8:7=1(1) 7∙1+1=8
№5 тапсырма
Ағаштан мүсін жасау үшін орманнан 43 бөрене әкелу керек. Мәшинеге 4 бөренеден артық сыймайды. Барлық бөренені тасып әкелу үшін орманға неше рет бару керек болады?
Берілген есепте бөлуді орындау керек. Бұл қалдықпен бөлу. 43-ті 4-ке бөлгенде 3 қалдық қалады, қалған 3 бөренені әкелу үшін тағы бір рет бару керек.
Шешуі:
43:4=10(3) 4∙10+3=43
Жауабы: орманға 11 рет бару керек"Бағдаршам" әдісі бойынша бағалаңыз.
Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.
Жасыл түс- "Түсіндім"
Сары түс-"Сұрағым бар"
Қызыл түс- Түсінбедім
Қиындықтарды түсіндіру
Тапсырманың дұрыс орындалуын тексеріңіз.Оқушылардан сұраңыз.
– Кімде қиындық туындады?
– Қай жерден қате жіберді?
– Жіберілген қатенің себебін анықтаңыз?
– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаған болса, өз мақсатын нақтылатыңыз.
(Қосымша тапсырма орындау).
– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?
(Қателерді түзеу).
– Қатені түзету алгоритмін қолданыңыз.
– Әркімгн өз оқу мақсатын айтқызыңыз:
Қалдықпен бөлудің ережелерін қайталатыңыз. Бөліндіні қалай таңдау керек. Қалдық әрқашан бөлгіштен кіші болады.
№6 тапсырманы топтық тапсырмаға беріңіз..Жазба дұрыс болу үшін бос орындарға қалдырылып кеткен сандарды жазуды тапсырыңыз..
3□ : 3 = 10 (2 қалдық) 4□ : 7 = □(5 қалдық)
77 : □ = □ (5 қалдық) 9 : 2 = □ (1 қалдық)
Қалдырылып кеткен сандар:
2,9,8,0,4
Отшашу арқылы бағалатыңыз.
Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады
№7тапсырманы"Сен маған, мен саған"әдісі арқылы шығаруды ұсыныңыз.
1-оқушы өрнекті шығарады
2-оқушы тексеруін орындайды
Қалдықпен бөлуді орында:
50 : 9=5(5қ.) 9∙5+5=10 48 : 7=6(6) 6∙7+6=48
84 : 9 =9(3) 9∙9+3=84 27 : 5= 5(2) 5∙5+2=27
5 : 8= 0(5) 8∙0+5=5 4 : 6 = 0(4) 6∙0+4=4
Жұпта бағалау
Оқушылар дәптерлерін ауыстырып, бір-бірін тексеріп,фишкамен бағалайды.
Сонымен қатар кеңесші-оқушыларды түсінік беру жұмыстарын жүргізуге тартуыңызға болады.
Өткенмен жұмыс.
Оқушылардың даму деңгейіне байланысты әр оқушыға жеке тапсырма беріңіз.
№8 тапсырма тиімді есептеуге берілген.19-ға көбейту – ұқсас есеп.
Мұнда келесі ереже кездеседі:
19 санын 20 – 1 айырма ретінде қарауға болады.
20-ғажәне 1-ге көбейту жеңіл. Сол үшін алдымен 20-ға көбейту керек, ал содан кейін шыққан көбейтіндіден санды азайту керек (көбейту кезінде өзін- өзі көрсететін сан).
а ∙19 = а ∙ ( 20 –1 ) = а ∙ 20 – а∙1
Өздік жұмыс.
Бағалау критерийлері бар дәптерге қалдықпен бөлуді орындауды ұсыныңыз
Мен:
- біртаңбалы санға қалдықпен бөлуді орындаймын;
- тексеруді орындаймын.
Қатемен жұмыс жүргізілгеннің нәтижесінде бұл тапсырма бұрынғыдан жылдам орындалады. Ал енді қалдықпен бөлу амалы туралы түсінікті әр оқушымен жеке тексеру қажет.
Нәтижесінде жетістікке қол жеткізеді, қатемен жұмыс жасағанның пайдасы балалардың көбі формативті бағалау дәптеріндегі тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.
Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек.
"Сұрақтар қоржыны" әдісі
Оқушылар сабақ бойынша сұрақтар құрастырып ортадағы қоржынға апарып салады, соңынан қоржыннан сұрақтар таңдап, өздері сұраққа жауап береді.
Рефлексия.
Оқушылардан кері байланыс алыңыз.
– Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?
– Осы мақсаттарға жете алдық па?
– Қиындық туындады ма?
– Сол қиындықтарды жеңе алдыңыз ба?
– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?
Өз жұмысын жетістік жолағымен бағалауды ұсыныңыз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?