17∙5, 84:4 түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу/Кескіндеме. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

85-сабақ, Тақырыбы

17∙5, 84:4 түріндегі кестеден тыс ауызша көбейту және бөлу/Кескіндеме

Оқу мақсаты:

3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5, 96:6, 75:15, 84:4 ауызша көбейту және бөлуді орындау.

3.1.2.9.100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту және бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3.көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–ac көрсету және қолдану.

3.2.1.5.санды өрнектерді салыстыру (3 арифметикалық амалдан тұратын).

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

-кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

-кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану; қосындыны санға көбейту мен бөлудің ережелері негізінде екенін түсінеді.

Оқушылардың кейбірі:

-есептеу тәсілдері негізінде жатқан қасиеттің формуласын түсіндіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

Кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

-қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

–Мынадай жағдайларда қандай ережені қолдануға болады?

, –17∙5 көбейткішті және 84:4 бөлінгішті қандай қосылғыштарға жіктеген ыңғайлы?

Мынадай есептерді шығару үшін бір таңбалы сандарды көбейту және бөлу кестесін жақсы меңгергеннің көмегі тие ме?

Жазу:

Кестеден тыс мына жағдайда: 17∙5; 84:4 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін жазыңдар.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, көбейту кестесі.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-2

Ынталандыру.

Оқушыларды түстер бойынша топқа бөлу.Көк, қызыл, жасыл түстерді таңдау арқылы топтарға бөліну.Кескіндеме туралы суреттер, суреткерлердің әлемге танымал туындыларымен таныстыру. Кескіндеме жанрының түрлілігін, оның техникасы мен сан түрлі бояуларының болатынын баяндау.Бейнеролик корсету.

2-слайд

3-слайд

Суреттер немесе кескіндеме туралы бейнеролик.

4,5,6-слайдтар

3-5

Белсендіру.

(Ж.)"Сәйкестендіру тесті"

№1тапсырманы есептеп,қай сурет қандай бояумен салынғанын сәйкестендіру. 11-ге көбейтуді балалар біледі. 11=10+1 қосындыны санға көбейту ережесін қолданып, бұл ұқсас амалды орындауға болады.

Сонымен қатар қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесін қайталау да бағдарламаға енеді.

Ережелердің әріптік жазбасы тақтаға ілінеді.

Ереже:

Қосындыны санға көбейту үшін алдымен

қосындыны, содан соң көбейтіндіні табуға

болады.(а+в)∙с

Қосындыны санға көбейту үшін алдымен әр

қосылғышты санға көбейтеді және алынған

көбейтінділерді қосады. .(а+в)∙с=а∙c+в∙c

14∙11 242Акварель

22∙11 154 Акрил

42∙11 385 Гуашь

35∙11 253 Майлы бояу

23∙11 462 Темпера

"Отшашу"арқылы бағалау

Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады

7-слайд

Тақтаға ілу үшін ержелердің әріптік жазбасы.

8-слайд

6-10

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Мынадай мысалдарды орындау 17∙5; 84:4

Осы жағдайда қосындыны санға көбейту мен қосындыны санға бөлу ережелерін қолдану.

11-28

(Т.)Жаңаны ашу.

Жаңаны ашу үшін алгоритм құру бойынша жұмыс жасау.Бұл үшін №2 тапсырманың жазылуында түрлі түсті бағдарлар берілген.

17∙5=(10+7)∙5=10∙5+7∙5=50+35=85

Топ бойынша оқушыларға қадамдардың ретімен орындауға тапсырма беруге болады:

175

1. Санды разрядтық қосылғыштарға жікте.

2. Әрбір қосылғышты санға көбейт.

3. Шыққан нәтижелерді қос.

84:4

1.Санды разрядтық қосылғыштарға жікте

2. Әрбір қосылғышты санға бөл.

3. Шыққан нәтижелерді қос.

Бұл сабақта тексеру жүргізудің қажеті жоқ, себебі кері амал әлі өтілмеген.

Бармақ арқылы бағалау.

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сергіту сәті "Қошемет" тренингін жүргізу. Оқушылар шеңберге жиналады, мұғалім "Шашы ұзын қыздарға қошемет дегенде "ортаға шашы ұзын қыздар шығады, қошемет көрсетіп, барлығы шапалақ ұрады.Әрі қарай "Галстук таққандарға қошемет", "Белбеу таққандарға қошемет", "Көзілдірік таққандарға қошемет" деген коментарийлер айтылып, қошемет жасалады.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Т.) №3 тапсырмада мысалдардың бір бөлігін түсінік бере отырып орындау.Түсінік беру үшін үлгі-алгоритмді қолдануға болады:

17∙3= (10+7)∙3=10∙3+7∙3=51

4∙19=4∙(10+9)=4∙10+4∙9=76

4∙14= 4∙(10+4)=4∙10+4∙4=56

963:3= (900+60+3):3=900:3+60:3+3:3=321

300:20=(200+100):20=200:20+100:20=15

600:5=(500+100):5=500:5+100:5=120

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Формативті бағалауға арналған дәптерден өздік жұмыс.Түсіндіре отырып есептеу ұсынылады. Балаларға өзін- өзі тексеру үшін үлгі беріледі:

28∙4=(20+8)∙4=20∙4+8∙4=80+32=112

45∙9=(40+5)∙9=40∙9+5∙9=360+45=405

69:3=(60+9):3=60:3+9:3=20+3=23

77:7=(70+7):7=70:7+7:7=10+1=11

Жетістік критерийлері ұсыну:

Мен:

  • Кестеден тыс ауызша көбейту мен бөлуді орындаймын.
  • Қосындыны бір таңбалы санға көбейту мен бөлу ережесін қолданамын.

Дәптер, оқулық.

9-слайд

10-слайд

Оқулық, дәптер,үлгі-алгоритм

Сигналды карталар

11-слайд

29-37

Жаңаны қолдану.

Сабаққа үш таңбалы сандарды көбейту мен бөлу жағдайлары да енгізілген. Мұндай мысалдарды балалардың өздері сабақтың басында құрастырған алгоритм негізінде түсіндіріп бере алады. Тек ол кезде санды 2-ге жіктеген, ал енді 3 қосылғышқа жіктейді.

Осылай 963:3 бөлуді балалар №2 тапсырмадан көреді, ал 204∙2, 242∙2, 408:2, 484:2 және т.б.

№ 5 тапсырма тәжірибелік жұмыс.

Боялған тіктөртбұрыштардағы сандарды қима қағазға жазу.Басқа қима қағаздарға осы сандарға көршілес сандарды жазу.Қима қағаздарды араластырып, оларды кему ретімен орналастыру.

6 (ә)тапсырма

(Т.) Меңгерген білімді бекіту үшін "Станция" ойынын ойнату. Топтарға сабақтың тақырыбына сәйкес түрлі мысалдармен 4 кеспе қағазды және нәтижені жазатын кестені тарату.

1-мысал

2-мысал

1-станса

608

510

2-станса

816

204

3-станса

302

101

4-станса

201

401

Оқушылар бір станциядан екінші станцияға мысалдарды шығарып және нәтижелерін кестеге жазу арқылы көшеді,әр топтың спикерлері топтарға барып мысалдардың шешуін түсіндіреді.

Жұлдызшалармен бағалау

Топтар бір-бірлерін тексеріп,жұлдызшалар арқылы бағалайды.

Өткенмен жұмыс.

(Ж.) №4 тапсырма орындалу ретін анықтауға арналған.

450:5+720:90=98 480-390+240:80=93

580-810:9+210=700 12∙3+60:4=51

640-70∙8+241=321

70:5+25∙2=64

Смайликтер арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау.

"Ротация "әдісі

Үш топқа 3 түрлі маркер беріледі.Әр топ бастапқы өздеріне берілген түспен жазады, шапалақ ұрғанда парақтар ауысады, алдына келген параққа тапсырманы өз маркерімен жазады.Ойын соңында мұғалім жинап алып маркер түсі бойынша қай топ қатесіз жазғанын, қай топ қателескеніне талдау жасап, бағалайды

1-топ Көбейтуге өрнек құрастыр

1.

2.

3.

2-топ Бөлуге өрнек құрастыр

1.

2.

3.

3-топ Әріпті өрнек құрастыр

1.

2.

3.

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.

Оқулық, дәптер.

12-слайд

Қима қағаздар

Қима қағаздар, кесте

Жұлдызшалар

Оқулық,дәптер, смайликтер

13-слайд

38-40

Рефлексия.

Плюс, минус, қызықты»

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.

«Минус» - “қолымнан келмей жатыр” немесе “ түсініксіз болып тұр ” деген ойларын жазады. «Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды соны жазады, немесе не жайында көбірек білгісі, соны жазады. Біліктіліктерін арттыру үшін тапсырмалардың қалғанын үйде орындауға беру.

14-слайд

Жетістік жолағы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу