96:6 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу Кескіндемеескіндеме. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

86-сабақ, Тақырыбы

96:6 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу Кескіндемеескіндеме

Оқу мақсаты:

3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–acкөрсету және қолдану.

3.2.2.2*көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23 ∙ х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді шешу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

-кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

-кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін қолдану; қосындыны санға көбейту мен бөлудің ережелері негізінде екенін, әрқайсысы бөлгішке бөлінетін ыңғайлы қосылғыштардың қосындысын таңдап алу екенін түсінеді

Оқушылардың кейбірі:

-есептеу тәсілдері негізінде жатқан қасиеттің формуласын түсіндіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

Кестеден тыс мына жағдайда: 96:6 ауызша көбейту және бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

-қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, ыңғайлы қосылғыштардың қосындысы.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

–Есеп шығару кезіндегі мынадай 96:6жағдайында қандай ережені қолдануға болады?

–Бірінші көбейткіш 96:6-ны қандай қосылғыштарға жіктеген ыңғайлы?

–Мынадай есептерді шығару үшін бір таңбалы сандарды көбейту және бөлу кестесін жақсы меңгергеннің көмегі тие ме?

Жазу:

Кестеден тыс 96 : 6 түріндегі ауызша көбейту және бөлу алгоритмін жазыңдар.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Қосындыны санға көбейту және бөлу ережесі, көбейту кестесі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-2

Ынталандыру.

«Түспен ажырату»әдісі

Жүргізуші оқушыларға адамның қасиеттерін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды оқушының өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.

Кескіндеме жанрларымен таныстыру.

Монументтік,сәндік, натюрморт, пейзаж,тарихи жанрлары жайлы әңгімелеу

Кескіндеме жанрлары, картинаның үлгілері.

2-слайд

4,5,6-слайдтар

3-5

Белсендіру.

(Т.) №1тапсырма.Сурет қай жанрдың бағытында салынғанын анықтау. Есептеп, жауабын табу. Оқушылар өрнектің мәнін табады, оны міндетті түрде оқып береді.

25∙9=225 М.Әуезов -портрет

200+52= 225 Б.Момышұлы-портрет

32∙9=288 "Тау" -пейзаж

102∙9=918 Натюрморт

9∙100+9∙2=918 Натюрморт

280+23=288 "Тау өзені"-пейзаж

Амалдар компоненттерінің атаулары қолданылады, санның кубы мен квадраты.

Сонымен қатар, өткен 17∙5, 84:4 алгоритмдерді де қайталайды.

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

"Математикалық домино"

(Ұ.) Есептеу біліктіліктерін жетілдіру мақсатында «Математикалық домино» ойынын ойнатуға болады. Оқушыларға сол жағында жауап жазылған, ал екінші жағында басқа мысал жазылған бір-бір карточкадан таратады. Оқушылар бірінші өрнекті оқиды, карточкасына сол өрнектің жауабы жазылған оқушы жауапты оқиды да келесі өрнекті оқиды және т.б. Оқушылар үшін мына төмендегі карточкаларды дайындау керек:

16 : 2

36

9 · 5

64

5 · 6

30

5 ·

54

8 · 7

8

25 : 5

25

18 : 3

9

6 · 6

56

7 · 6

63

8 · 8

5

18 : 2

6

9 · 6

42

3 · 3

9

24 : 6

45

7 · 7

49

9 · 9

81

9 · 7

4

18 : 9

2

7 · 4

28

7 · 3

21

4 · 4

16

5 · 7

35

32 : 4

8

8 · 5

40

21 : 3

7 · 9

63

13·10

130

9 · 0

Ойынды карточкасына 16 : 2 мысалы жазылған оқушы бастайды.

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады

Оқушылардың кестеден тыс көбейту мен бөлу бойынша алған білімдерін мысалдар арқылы талдап қорытуға болады:

12 2=24

600 : 300=2

140 :20=2800

12 4=48

48 : 2=24

7 12=84

350 : 5=70

600 : 20=30

48 : 4=12

Оқулық, көбейтулер жазылған карточкалар, терім кенебі

7-слайд

8-слайд

Өрнектер жазылған карточкалар

9-слайд

Тапсырма жазылған қима қағаздар

6-10

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Оқушыларға үш мысал беріледі, соның ең соңғысы – жаңа жағдай 96:6.

96:6=(60+36):6=60:6+36:6=16

11-28

Жаңаны ашу.

Барлық өткен жағдайлар көбейту мен бөлу қасиеттері, сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу жайлы алған білімдерімен негізделген.Бұл жағдайда – ыңғайлы қосылғыштарға жіктеу.

№2 тапсырма бойынша түсіндіруге болады.

Алгоритм құрастырылады.

Бірінші бағанның есептеу тәсілін түсіндіру.Осы білімді пайдаланып, екінші бағандағы мысалдарды қалай есептеуге болатынын көрсету.Екі таңбалы немесе үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға бөлу үшін, оны әрқайсысы осы санға бөлінетін "ыңғайлы" қосылғыштардың қосындысы түрінде жазуға болады.Содан кейін қосындыны санға бөлу ережесін қолдану

(а + b) : c = a : c + b : c.

(Т.) (40+18):2=40:2+18:2=29

(80+16):4=80:4+16:4=24

(400+180):2=400:2+180:2=290

(400+180):20=400:20+180:20=29

(800+160):4=800:4+160:4=240

(800+160):40=800:40+160:40=24

Жұлдызша арқылы бағалау.

Келген топ оқушылары жұлдызшалармен бағалап кетеді.Қай топтың өкілі жұлдызшаны көп жинаса сол топтың өкілі жеңімпаз атанады.Өкілдің түсіндіруі ұнамаса жұлдызша бермеуге болады.

(Ө.)58:2=(40+18):2=40:2+18:2=29

96:4=(80+16):4=80:4+16:4=24

580:2=(400+180):2=400:2+180:2=290

580:20=(400+180):20=400:20+180:20=29

960:4=(800+160):4=800:4+160:4=240

960:40=(800+160):40=800:40+160.40=24

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Ұ.) №3 түсіндіре отырып ауызша орындайтын тапсырма.

«Еркін микрофон» әдісі

Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.

Құнды ой жинақтап, ойын ашық айтады

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, әр өрнектің орындалу тәсіліне байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

56:2= (40+16):2=28 560:2 = (400+160) :2 =280

42:3= (30+12):3 = 14 420:3= (300+120) :3 =140

78.6= (60+18) :6=13 780:6= (600+180).6=130

560:20=(400+160):20=28

420:30=(300+120):30=14

780:60=(600+180):60=13

Фишкамен бағалау

Әр дұрыс жауапқа бір фишка беру.Тапсырманың соңында фишкаларды санау. Кімде көп фишка болса, сол оқушыға қошемет жасау

Өздік жұмыс

Баспадан шыққан дәптердегі тапсырма:Санды тиімді қосылғыштардың қосындысына жіктеу.Есептеу. Өзін-өзі тексеру үшін мысал беріледі:

96:3=(60+36):3= 20+12=32

84:7=(70+14):7=10+2=12

91:7=(70+21):7=10+3=13

56:4=(40+16):4=10+4=14

54:3= (30+24):3=10+8=18

Дәптер, оқулық.

10-слайд

Формула

Жұлдызша

11-слайд

Сигналды карталар

12-слайд

Микрофон,

Оқулық

Фишка

Жұмыс дәптері

29-37

Жаңаны қолдану.

(Т.) №4 тапсырмада бұрын өткен екі өрнекті салыстыру тәсілдері кездеседі.Сонымен қатар оқушылардың назарын егер соңында нөл болса, үш таңбалы санмен орындалатын жағдайда екі таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін қолдану оңай болатынына аудару керек.Бұл тапсырманы «Қалам үстел ортасында» әдісі бойынша орындату.

(Оқушылар тапсырманы орындап болған соң қаламдарын партаның ортасына қояды екі топтан екі оқушы шығып, өздеріне ұнаған қаламдарын алады. Сол қалам иесінің орындаған тапсырмасы оқылады).

(96+4):2+9∙8 >56:4+25∙3-5∙3

122 >74

960:4+18∙3-100 > 560:4-200:5

194 >100

78:6+750:5 < 930:3-500:5+25∙2

163 < 260

Смайликтер арқылы бағалау

Топтардың жұмысын тексеріп, смайликтер арқылы бағалау

 Сергітусәті «Қос шеңбердегі комплименттер»

 Оқушылар екі шеңберге (ішкі және сыртқы) бөлініп, бір-біріне жүзін қаратып тұрады. Ішкі және сыртқы шеңберде бір-біріне бет қаратып тұрған оқушылар кезектесіп бір-біріне комплимент айтуы керек. Содан кейін ішкі шеңбердегілер оң жаққа бір адым жасап, алдында алмасып тұрған басқа оқушымен комплименттермен алмасады.

Өткенмен жұмыс.

Тәжірибелік жұмыс

9-тапсырмада көбейтудің үлестірімділік қасиеттері негізінде есептерді әртүрлі тәсілмен шығарады.

Бөлінгіштерді тиімді қосылғыштарға жіктеу үшін,әр бояудың ыдысына тиісті қылқаламды таңда.

84:7 70,14

84:6 60,24

84:4 80,4

84:7=(70+14):7=70:7+14:7=12

84:6=(60+24):6=60:6+24:6=14

84:4=(80+4):4=80:4+4:4=21

Ережелерді көмек ретінде ұсыну.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

«Борт журналы»

«Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде оқу материалымен таныспас бұрын және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?

Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?

Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды, оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады.

Оқулық, дәптер

Қалам

Смайликтер

13-слайд

Гуашь, қылқалам

14,15-слайд

Кесте

38-40

«Гүлдер»

Оқушыларға қағаздан қиылған үш түсті гүл үлестіріледі. Олар сабақ қорытындысы бойынша жасыл түсті гүлді ең көп көмектескенге, сары гүлді ең сыпайы оқушыға, ал қызыл гүлді ең жақсы тыңдай білген балаға беруі керек. Ең үлкен гүл шоғы кімде болар екен?

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсатымен байланыстыруды ұсынады: кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты:

  • кестеден тыс ауызша бөлуді орындауды;
  • қосындыны бір таңбалы санға бөлу ережесін қолдануды.

Жетістік жолағында білім деңгейінің дәрежесі анықталады және үй жұмысы қорытындыланады. Біліктіліктерін арттыру үшін тапсырмалардың қалғанын үйде орындауға беру. Және де есепті шығаруда алғыр оқушылар шығармашылық деңгейлерін көрсетуді ұсыну.

Кері байланыс алу

Үйге тапсырмаға №7,10 тапсырмалар беріледі

Гүлдер

Жетістік жолағы

16-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу