№ 87-сабақ, Тақырыбы 75:15 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу.Мүсін өнері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 87-сабақ. 75:15 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу.Мүсін өнері

скіндеме

Оқу мақсаттары: 3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–acкөрсету және қолдану.

3.2.2.2*көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23 ∙ х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді шешу.

Тірек сөздер:

  • қосындыны санға көбейту
  • бөлу ережесі.

Ресурстар:

  • пазлдар
  • мүсін суреттері
  • галерея суреттері
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • жұлдызша
  • смайликтер
  • сигналды карталар
  • өрнек жазылған қима қағаздар
  • жұлдызша
  • кесте
  • алгоритм
  • ереже
  • жоспар

Сабаққа қатысты деректі материалдар

Екі таңбалы санды жіктеу әдісімен бөлу керек.

Көбейту кезінде бөлінгіш шығатын бір таңбалы

санды табуымыз керек. Қосындыны санға бөлу

үшін екі қосылғышты есептеп, оны санға бөлеміз.

Сонымен қатар, қосындыны санға бөлу үшін әр

қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижелерді

  • қосамыз. (а + b) : c = a : c + b : c.

Сабаққа арналған ескертулер

Осы кезеңдегі тапсырмада екі таңбалы санды санға

бөлудің пәндік мазмұнын ашу, бөлудің тәжірибелік

дағдысын қалыптастыру.

Ынталандыру.

«Пазлдар»

Әр топқа «миқатырғыш пазлдар»беріңіз, онда мүсін суреттері болады.Сол.пазлдардан мүсіндер құрастырады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау. (суретті бірнеше бөліктерге бөлуге де болады).Қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Мүсіншілер мен мүсін өнері туралы оқушыларға әңгімелеп,суреттермен таныстырыңыз..Астана қаласындағы ескерткіштер жайлы ролик көрсетуіңізге болады.

Жұмыстарын "Отшашу"арқылы бағалаңыз.оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

Белсендіру. "Неден жасалған?"

№1тапсырмада суреттер бойынша жұмыс жасатыңыз.Өрнектерді тиімді тәсілмен есептеп, жауабын табу арқылы мүсіндердің неден жасалғанын анықтауын ұсыныңыз.. Сол мүсіндердің қай жерде орналасқанын сұраңыз.Өзіңіз мүсін өнері олардың таралуы жайлы түсінік беріңіз.Түрік дәуірінде Қазақстанда мүсін өнері өте кең тарады. Ежелгі түріктер тас мүсіндерді «балбал» деп атады. Олар атақты адамдар мен қолбасшылар жерленген жерлерге орнатылғандығын айтып өтіңіз.

7∙6∙5=6∙5∙7=210 Металдан жасалған

8∙5∙2=5∙2∙8=80 Металдан жасалған

5∙9∙2=5∙2∙9=90 Металдан жасалған

8∙4∙5=4∙5∙8=160 Ежелгі тас мүсіндер

4∙6∙5=4∙5∙6=120 Ежелгі тас мүсіндер

5∙9∙6=5∙6∙9=270 Ежелгі тас мүсіндер

Оқулықта берілген заманауи дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның Шымкент, Алматы қалаларында орналасқандығынан хабардар етіңіз.

Тапсырмаларын бармақ арқылы бағалаңыз.Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақты төмен қарай бағыттаңыз.

"Броундық қозғалыс" әдісі

 Cабақ басталар алдында сынып қабырғаларына: 12 санын- қызыл параққа, 14 санын -жасыл параққа, 22 санын -көк параққа, 24 санын-қызғылт параққа жазып іліңіз.

 Кейін өрнектерді оқытып,, оқушылар олардың мәндерін табады және сәйкес сан жазылған параққа келеді.. Ойлармен алмасып, шешімдерін түсіндіреді.

 Өрнектер:

 96:8=12 60:5=12 98:7=14 66:3=22 48:4=14

  88:4=22 72:3=24 48:2=24 42:3=14 24:2=12

 Жұмыстарын тексеріп,шапалақ соғу арқылы бағалаңыз

 Өрнектерді тез, әрі дұрыс тапқан оқушыға үздіксіз шапалақ соғылады.

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Алдымен өткен сабақтарда өтілген жағдайлар ұсыныңыз. Оқушылар әр жағдайда қалай шығарғандарын айтып берсін.

Сынамалы әрекет: 36 : 12 96 : 24 69: 23

Олар бұл тақырыпты әлі оқымағандықтан, қиындықтар туындауы мүмкін.

Жаңаны ашу.

Түсіндірме жұмыс:

Оқушыларға ұсынылған жағдайларда заңдылықты орнатып, бөліндіні таңдап және таңдау ережесін қалыптастыруды ұсыныңыз.

Мысалы:

Оқушылардың назарын бөлгіштің соңғы санына аударып,

36 : 12 96 : 24 69: 23

бөлінгіштің соңғы саны қандай екенін, мұндай кестедегі жағдайлар бар ма деп сұраңыз, егер болмаса, көбейту мен бөлу кестесінен бөліндінің соңғы цифрынан ең кіші санды таңдауды ұсыныңыз.

Кестелік жағдайлар:

6:2=3 16:4=4 9:3=3

Қортынды жасатыңыз, бөліндіні қалай таңдаған ыңғайлы.

Сонымен қатар жоспар бойынша жұмыс істеуді де ұсыныңыз.

ЖОСПАР:

Алгоритмнің әр қадамын оқы.

  • Алгоритм құрастыр.
  • Алгоритмнің қадамдарының орындалуын түсіндір.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Сонымен, екі таңбалы санға бөлгендегі бөліндіні табу үшін, оны бөлгішке көбейткенде бөлінгіш шығатындай санды табу керек.

Көрсетілген мысалдарды шешу негізіндегі түрі,оқушылардың бұрынғы өткізген көбейту кестесінің көмегімен кестелік бөлу амалының жауабын іздегенге ұқсас мысалдарды талқылау.Бірақ, бөліндіні таңдау кезінде екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу жағдайында бөлгішті болжалды бөліндіге көбейткен кезде қандай сан шығатынын әр кез тексеруге тура келеді. Ол бөлінгішке тең бе екен (онда бөлінді дұрыс табылған) немесе (артық) одан кем(онда басқа санды, сәйкесінше тексерілген саннан артық не кем).

№2а)тапсырманың материалы бойынша екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлуді ұйымдастыру тәсілін түсіндіруін қадағалаңыз.Ол үшін үлгіні ұсыныңыз..

36:12 өрнегінің мәнін тап:

Ол үшін 12 санына көбейткенде 36 саны шығатындай сан таңдап ал.

2∙12=24,2 саны сәйкес келмейді.

3∙12=36,яғни ізделінді сан-3

36:12=3, өйткені 3∙12=36

Назар аудар!

Бөліндінің мәнін таңдау үшін, бөлгіштің соңғы цифрына назар аудар.Көбейту кестесіндегі бөлгіштің бірлігіне тең санды есіңе түсір.Көбейткен кезде бөлінгіштің соңғы цифры шығатындарын ғана таңдап алу қажет.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

№2 (ә) тапсырманы "Пікірлер базары" әдісі арқылы түсіндіре отырып орындауға ұсыныңыз.Орындап болған соң тексеру жұмысын орындатыңыз..

Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа (флипчартқа) өздеріне берілген өрнекті шығарады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушыларды алмастырып тұрғаныңыз дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.

68:17 = 4 Тексеру: 17∙4=68

92:23 = 4 23∙4=92

65:13 = 5 13∙5=65

75:25 =3 Тексеру: 25∙3=75

50:25 =2 25∙2=50

84:21=4 21∙4=84

78:26=3 Тексеру: 26∙3=78

45:15=3 15∙3=45

64:16=4 16∙4=64

Өзін-өзі тексеру үшін үлгімен өздік жұмыс орындатыңыз.

Бөліндіні таңдау тәсілімен тауып, тексеруін ұсыныңыз.

72:36=2 Тексеру: 36∙2=72

39:13=3 Тексеру: 13∙3=39

70:14= 5 Тексеру: 14∙5 = 70

Үлгі бойынша өзін-өзі тексеруден кейін, жетістік критерийі бойынша өзін-өзі тексеру тапсырмасы беріледі:

Мен:

  • кестелік жағдайлардан тыс көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындай аламын;
  • бөлуді көбейтумен тексеремін;
  • 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды білемін;

көбейту мен бөлудің қарапайым теңдеулерін шеше аламын.

Жаңаны қолдану.

№3тапсырма.Осы тапсырмада қабілеті жоғары оқушылар үшін шығармашылық деңгейді ұсыныңыз:

Тапсырманы"Елшілікке саяхат" әдісімен орындатыңыз.

3 топқа 3 өрнек беріңіз.Әр топ өз беттерінше алгоритм құрастырады. Болған соң топта қабілеті жоғары оқушы топта "Спикер"ролінде қалады.Қалған оқушылар басқа топтарға кетеді.Топта қалған спикер келген басқа топтың оқушыларына алгоритмді түсіндіреді.

56:14 46:23 39:13

Оқушылардың жұмыстарын "Бағдаршам" арқылы бағалаңыз.Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

№4 тапсырмада бірдей мәнді өрнектерді табу керек. Ол үшін өрнектердің мәнін табуды тапсырыңыз. Мұндай тапсырманы топтарға бөліп беруге болады. Сонда тапсырманы орындау жарыс түрінде өтеді.

60:15=4 980:14=70 540:180=3

78:13=6 600:15=40 980:140=7

54:18=3 780.13=60 600:150=4

98:14=7 540:18=30 780:130=6

Үш таңбалы сан нөлге аяқталған болса, онда оны жаңа тақырыпқа жатқызады, міне, осыған назар аудару керек. Тек сол кезде ғана біз ондықтармен жұмыс жасаймыз. 540,бұл 54 ондық.

Топтардың жұмысын тексеріп, фишка беру арқылы бағалаңыз..

Өткенмен жұмыс.

№5тапсырма қалдықпен бөлуге арналған кестені толтыруды орындатыңыз.

68:7=9(қ.5) 27:5=5(қ.2)

92:9 =10(қ.2) 18:4=4(қ.2)

35:4= 8(қ.3) 31:3=10(қ.1)

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, смайликтер беру арқылы бағалау.

"Құралдарды тап"

№6тапсырманы "Құралдарды тап"әдісі бойынша есептерді шығарту арқылы шеберге керек құралдарды табуды тапсырыңыз..Тапсырманы алғыр оқушыларға үлгі бойынша тексертуіңізге болады.. Қарапайым және ыңғайлы тәсілдің бірі,бұл тақтада алғыр оқушылардың шығарғаны. Олардың шығарған өрнектерін тексеріп, қалғандарына өз жұмыстарын осы үлгі бойынша реттеуін ұсыныңыз.

а)1 кескіш-19тг

95 теңгеге-?к.

95:19=5к.

Жауабы:5 кескіш

ә)20 ілмек- 580тг

9 ілмек-?тг

580:20∙9=261тг

Жауабы:261 теңге

б)Циркуль-65 тг,бұл 1 сызғыштан 13 есе қымбат

1 сызғыш,1 циркуль-?тг

65:13=5тг

65+5=70тг

Жауабы:1 сызғыш, 1 циркуль 70 тг тұрады.

в)1 ағаш кескіш-19тг

Темір кескіш -76 тг- ? есе қымбат

76:19=4есе

Жауабы: 4 есе қымбат

Бұл оқушылар қандай есептерді шығара алмайтынын анықтауға мүмкіндік береді, кейін осы мәселеге баса назар аудару керектігін білетін болады.Оқушыларға үлгі ұсынып,

үлгі бойынша тексеріп, өзін-өзі бағалауын тапсырыңыз.

№7 тапсырмада күрделі теңдеу бойынша теңдеудің оң жақ бөлігіндегі қиындатылған теңдеулерді шешу бойынша оқушыларға таныс. Оларды сабаққа қосу керек, себебі осы тоқсанда оқушылар теңдеудің сол жақ бөлігіндегі қиындатылған теңдеулерді өтеді.

y-150=700-450 x+200=13+400

y-150=250 x+200=413

y=250+150 x=413-200

y=400 x=213

400-150=700-450 213+200=13+400

250=250 413=413

x∙80=720÷9 60∙y=420-120

x∙80=80 60∙y=300

x=80÷80 y=300÷60

x=1 y=5

1∙80=720÷9 60∙5=420-120

80=80 300=300

Оқушылардың жұмысын бармақ арқылы бағалаңыз.Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек екендігін айтыңыз. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсатымен байланыстыруды ұсыныңыз: кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты:

Мен:

  • -кестеден тыс жағдайларда көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындауды;
  • -бөлуді көбейтумен тексеруді;
  • 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды;
  • -көбейту мен бөлудің қарапайым теңдеулерін шешудібілемін.

Өз жетістігін мына жетістік жолағы бар дәптерге белгілеп қоюға болады. Содан кейін дифференциалды үй жұмысы жайында шешім шығарылады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу