№ 87-сабақ, Тақырыбы 75:15 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу.Мүсін өнері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

87-сабақ, Тақырыбы

75:15 түріндегі кестеден тыс ауызша бөлу.Мүсін өнері

Оқу мақсаты:

3.1.2.7.кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріптік теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); a(b+c) =ab+ac; a(b–c) =ab–acкөрсету және қолдану.

3.2.2.2*көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23 ∙ х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді шешу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

-кестеден тыс мына жағдайда: 75:15 ауызша көбейту мен бөлу алгоритмін біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

-кестеден тыс мына жағдайда: 75:15 ауызша көбейту мен бөлу алгоритмін қолдану, қосындыны санға көбейту мен бөлудің ережелері негізінде екенін түсіну, әрқайсысы бөлгішке бөлінетін ыңғайлы қосылғыштардың қосындысын таңдап алуда екенін түсінеді.

Оқушылардың кейбірі:

-есептеу амалдары негізінде жатқан қасиеттің формуласын түсіндіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

Кестеден тыс мына жағдайда: 75:15 ауызша көбейту мен бөлу алгоритмін түсіндіре алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

-қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Есеп шығару кезіндегі мынадай:75:15 жағдайында қандай ережені қолдануға болады?

Бірінші көбейткішті 75:15 қандай қосылғыштарға жіктеген ыңғайлы?

Мынадай есептерді шығару үшін бір таңбалы сандарды көбейту мен бөлу кестесін жақсы меңгергеннің көмегі тие ме?

Жазу:

Кестеден тыс мына жағдайда: 75:15 ауызша көбейту мен бөлу алгоритмін жазыңдар.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесі, көбейту кестесі.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-2

Ынталандыру.

«Пазлдар»

(Т.) Әр топ «миқатырғыш пазлдар» алады.Пазлдардан мүсіндер құрастырады. Мақсат – бөліктерді жылдам жинау. (суретті бірнеше бөліктерге бөлуге де болады).Қатысушылар ойын түрінде командада тиімді әрекет жасауға, рөлдерді бөлуге, жұмыс сапасын жақсартуға, ортақ мақсатқа жетуге үйренеді.

Мүсіншілер мен мүсін өнері туралы оқушыларға әңгімелеу.Астана қаласындағы ескерткіштер жайлы ролик көрсету

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

2-3-слайд

Миқатырғыш пазлдар(мүсін суреттері)

4-слайд

Суреттер немесе мүсіндермен слайдтар, ескертікшер.

3-5

Белсендіру. "Неден жасалған?"

(Ж.) №1тапсырма.Тиімді тәсілмен есепте. Жауабын тап. Бұл қандай мүсіндер екенін анықта?

Ал сен олардың қай жерде орналасқанын білесің бе?

Түрік дәуірінде Қазақстанда мүсін өнері өте кең тарады. Ежелгі түріктер тас мүсіндерді «балбал» деп атады. Олар атақты адамдар мен қолбасшылар жерленген жерлерге орнатылған.

7∙6∙5=6∙5∙7=210 Металдан жасалған

8∙5∙2=5∙2∙8=80 Металдан жасалған

5∙9∙2=5∙2∙9=90 Металдан жасалған

8∙4∙5=4∙5∙8=160 Ежелгі тас мүсіндер

4∙6∙5=4∙5∙6=120 Ежелгі тас мүсіндер

5∙9∙6=5∙6∙9=270 Ежелгі тас мүсіндер

Оқулықта берілген заманауи дәуірдің ескерткіштері Қазақстанның Шымкент, Алматы қалаларында орналасқан.

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

(Ұ.) "Броундық қозғалыс" әдісі

 Cабақ басталар алдында сынып қабырғаларына: 12 санын- қызыл парақ, 14 санын -жасыл парақ, 22 санын -көк парақ, 24 санын-қызғылт парақтарын ілу:

 Кейін өрнектерді оқу, оқушылар олардың мәндерін табады және сәйкес сан жазылған параққа келеді.. Ойлармен алмасып, шешімдерін түсіндіреді.

 Өрнектер:96:8,88:4,60:5,72:3,98:7,48:2,66:3,48:4,

 42:3,24:2.

 Шапалақ соғу арқылы бағалау.

 Өрнектерді тез, әрі дұрыс тапқан оқушыға үздіксіз шапалақ соғылады.

5-слайд

Оқулық.

Мүсіндер суреті

Сандар жазылған түрлі-түсті қағаздар

6-10

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

Алдымен өткен сабақтарда өтілген жағдайлар ұсыну. Оқушылар әр жағдайда қалай шығарғандарын айтып беру.

Сынамалы әрекет: 36 : 12 96 : 24 69: 23

Олар бұл тақырыпты әлі оқымағандықтан, қиындықтар туындайды.

Өрнектер жазылған қима қағаз

11-28

Жаңаны ашу.

Түсіндірме жұмыс:

Оқушыларға ұсынылған жағдайларда заңдылықты орнатып, бөліндіні таңдап және таңдау ережесін қалыптастыру.

Мысалы:

Назар салып қара, бөлгіштің соңғы саны қандай.

36 : 12 96 : 24 69: 23

Қара, бөлінгіштің соңғы саны қандай. Мұндай кестедегі жағдайлар бар ма? Егер болмаса, көбейту мен бөлу кестесінен бөліндінің соңғы цифрынан ең кіші санды таңда.

Кестелік жағдайлар:

6:2=3 16:4=4 9:3=3

Қортынды жаса, бөліндіні қалай таңдаған ыңғайлы.

Сонымен қатар жоспар бойынша жұмыс істеуді де ұсыну:

ЖОСПАР:

Алгоритмнің әр қадамын оқы.

  • Алгоритм құрастыр.
  • Алгоритмнің қадамдарының орындалуын түсіндір.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

Сонымен, екі таңбалы санға бөлгендегі бөліндіні табу үшін, оны бөлгішке көбейткенде бөлінгіш шығатындай санды табу керек.

Көрсетілген мысалдарды шешу негізіндегі түрі,оқушылардың бұрынғы өткізген көбейту кестесінің көмегімен кестелік бөлу амалының жауабын іздегенге ұқсас мысалдарды талқылау.Бірақ, бөліндіні таңдау кезінде екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу жағдайында бөлгішті болжалды бөліндіге көбейткен кезде қандай сан шығатынын әр кез тексеруге тура келеді. Ол бөлінгішке тең бе екен (онда бөлінді дұрыс табылған) немесе (артық) одан кем(онда басқа санды, сәйкесінше тексерілген саннан артық не кем).

№2а)тапсырманың материалы бойынша екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлуді ұйымдастыру тәсілін түсіндіру.

36:12 өрнегінің мәнін тап:

Ол үшін 12 санына көбейткенде 36 саны шығатындай сан таңдап ал.

2∙12=24,2 саны сәйкес келмейді.

3∙12=36,яғни ізделінді сан-3

36:12=3, өйткені 3∙12=36

Назар аудар!

Бөліндінің мәнін таңдау үшін, бөлгіштің соңғы цифрына назар аудар.Көбейту кестесіндегі бөлгіштің бірлігіне тең санды есіңе түсір.Көбейткен кезде бөлінгіштің соңғы цифры шығатындарын ғана таңдап алу қажет.

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.

(Т.) Пікірлер базары»

№2 (ә) тапсырманы түсіндіре отырып орындау.

68:17 = 4 Тексеру: 17∙4=68

92:23 = 4 23∙4=92

65:13 = 5 13∙5=65

75:25 =3 Тексеру: 25∙3=75

50:25 =2 25∙2=50

84:21=4 21∙4=84

78:26=3 Тексеру: 26∙3=78

45:15=3 15∙3=45

64:16=4 16∙4=64

Оқушылардың әрбір шағын тобы плакатқа

(флипчартқа) өздеріне берілген өрнекті шығарады. Плакаттар қабырғаға ілінеді. Әр плакаттың қасында сұрақтарға жауап беретін оқушы тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа көшіп, оның төменгі жағына стикерлермен өздерінің комменттарийлерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін қойған бағаларын жазады. Сұрақтарға жауап беруші оқушылардың алмасып тұрғаны дұрыс. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлерімен танысады, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.

Топ мүшелері бағалайды.

Өзін-өзі тексеру үшін үлгімен өздік жұмыс:

Бөліндіні таңдау тәсілімен тап. Тексер.

72:36=2 Тексеру: 36∙2=72

39:13=3 Тексеру: 13∙3=39

70:14= 5 Тексеру: 14∙5 = 70

Үлгі бойынша өзін-өзі тексеруден кейін, жетістік критерийі бойынша өзін-өзі тексеру тапсырмасы беріледі:

Мен:

  • кестелік жағдайлардан тыс көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындай аламын;
  • бөлуді көбейтумен тексеремін;
  • 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды білемін;
  • көбейту мен бөлудің қарапайым теңдеулерін шеше аламын.

Дәптер, оқулық.

Жоспар

6-слайд

7-слайд

Алгоритм

8-слайд

Үлгі

9-слайд

Флипчарт

Үлгі

29-37

Жаңаны қолдану.

(Т.)№3тапсырма.Қабілеті жоғары оқушылар үшін шығармашылық деңгейді ұсыну:

"Елшілікке саяхат" әдісі

3 топқа 3 өрнек беріледі.Әр топ өз беттерінше алгоритм құрастырады. Болған соң топта қабілеті жоғары оқушы топта "Спикер"ролінде қалады.Қалған оқушылар басқа топтарға кетеді.Топта қалған спикер келген басқа топтың оқушыларына алгоритмді түсіндіреді.

56:14 46:23 39:13

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

(Т.) №4 тапсырмада бірдей мәнді өрнектерді табу керек. Ол үшін өрнектердің мәнін табу керек. Мұндай тапсырманы топтарға бөліп беруге болады. Сонда тапсырманы орындау жарыс түрінде өтеді.

60:15=4 980:14=70 540:180=3

78:13=6 600:15=40 980:140=7

54:18=3 780.13=60 600:150=4

98:14=7 540:18=30 780:130=6

Үш таңбалы сан нөлге аяқталған болса, онда оны жаңа тақырыпқа жатқызады, міне, осыған назар аудару керек. Тек сол кезде ғана біз ондықтармен жұмыс жасаймыз. 540,бұл 54 ондық.

Фишкалар арқылы бағалау

Топтардың жұмысын тексеріп, фишка беру арқылы бағалау.

Өткенмен жұмыс.

(Ө.) №5тапсырма қалдықпен бөлуге арналған кестені толтыру.

68:7=9(қ.5) 27:5=5(қ.2)

92:9 =10(қ.2) 18:4=4(қ.2)

35:4= 8(қ.3) 31:3=10(қ.1)

Смайликтер арқылы бағалау

Оқушылардың жұмыстарын тексеріп, смайликтер беру арқылы бағалау.

(Т.) "Құралдарды тап"

№6тапсырма есеп шығару бойынша шеберге керек құралдарды табу.Тапсырманы алғыр оқушылар үлгі бойынша тексеру. Қарапайым және ыңғайлы тәсілдің бірі,бұл тақтада алғыр оқушылардың шығарғаны. Олардың шығарған өрнектерін тексеріп, қалғандарына өз жұмыстарын осы үлгі бойынша реттеуін ұсыну.

а)1 кескіш-19тг

95 теңгеге-?к.

95:19=5к.

Жауабы:5 кескіш

ә)20 ілмек- 580тг

9 ілмек-?тг

580:20∙9=261тг

Жауабы:261 теңге

б)Циркуль-65 тг,бұл 1 сызғыштан 13 есе қымбат

1 сызғыш,1 циркуль-?тг

65:13=5тг

65+5=70тг

Жауабы:1 сызғыш, 1 циркуль 70 тг тұрады.

в)1 ағаш кескіш-19тг

Темір кескіш -76 тг- ? есе қымбат

76:19=4есе

Жауабы: 4 есе қымбат

Бұл оқушылар қандай есептерді шығара алмайтынын анықтауға мүмкіндік береді, кейін осы мәселеге баса назар аудару керектігін біледі.

Өзін-өзі бағалау

Үлгі бойынша тексеріп, өзін-өзі бағалайды.

(Ж.)№7 тапсырмада күрделі теңдеу бойынша теңдеудің оң жақ бөлігіндегі қиындатылған теңдеулерді шешу бойынша оқушыларға таныс. Оларды сабаққа қосу керек, себебі осы тоқсанда оқушылар теңдеудің сол жақ бөлігіндегі қиындатылған теңдеулерді өтеді.

y-150=700-450 x+200=13+400

y-150=250 x+200=413

y=250+150 x=413-200

y=400 x=213

400-150=700-450 213+200=13+400

250=250 413=413

x∙80=720÷9 60∙y=420-120

x∙80=80 60∙y=300

x=80÷80 y=300÷60

x=1 y=5

1∙80=720÷9 60∙5=420-120

80=80 300=300

Бармақ арқылы бағалау

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.

10-слайд

Алгоритм

11-слайд

Сигналды карталар

Фишка

12-слайд

Кесте

Смайликтер

Оқулық, дәптер

Оқулық, дәптер

13-слайд

38-40

Рефлексия.

Рефлексия жүргізу үшін балаларға өз біліктіліктерін мақсатымен байланыстыруды ұсынады: кім сабақ барысында қолынан не келетінін ұқты:

Мен:

  • -кестеден тыс жағдайларда көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындауды;
  • -бөлуді көбейтумен тексеруді;
  • 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны санға көбейту ережесін қолдануды;
  • -көбейту мен бөлудің қарапайым теңдеулерін шешудібілемін.

Өз жетістігін мына жетістік жолағы бар дәптерге белгілеп қоюға болады. Содан кейін дифференциалды үй жұмысы жайында шешім шығарылады.

14-слайд

Жетістік жолағы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу