Кестеден тыс көбейту және бөлу. Бекіту. Графика. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

88-сабақ, Тақырыбы

Кестеден тыс көбейту және бөлу. Бекіту. Графика

Оқу мақсаты:

3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.2.2көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі 

х (25:5)=60; (243):х=6;х: (172)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау; 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолданады.

Оқушылардың көпшілігі:

100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін түсіндіреді.

Оқушылардың кейбірі:

кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді топтастырады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

қосындыны санға көбейту ережесін түсіндіреді.

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Кестеден тыс көбейту мен бөлудің тәсілдері.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Нақты тәсіл негізінде қандай ереже жатқанын түсіндір:

100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту.

Амалдардың қасиеті мен ережесін не үшін білу керек деп ойлайсың?

Өз есептеуіңді қалай тексеруге болады?

Жазу:

Есептеуді және оның тексеруін жаз.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Қосындыны санға көбейту мен бөлу ережесі, көбейту кестесі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры

0-2

Ынталандыру.

«Мен көңілдімін, мен қуаныштымын»

  • Мен қуаныштымын (күледі)
  • Мен көңілдімін! (жылы жүз)
  • Мен таңғалып тұрмын! (таң калу)
  • Мен жылап отырмын (жылау)

Енді күлген, қуанған, таңдаған сәттерімізді қағаз бетіне түсірейік. Күй табақтан жанға жайлы әуен төгіліп тұрады. Оқушылар сурет салуға кіріседі.

Графикалық суреттер көрсетіп, бейнелеу өнерінің осы түрі туралы әңгімелеу.

Гра́фика (гректің. γρᾰφικός – «жазбаша, γράφ– жазып алу, жазу» деген сөзінен шыққан.Бейнелеу өнерінің түрі, саналатын түзу сызықтар, жіңішке сызықтар, дақтар мен нүктелерді бейнелеудің негізгі құралы ретінде есептейді.Сонымен қатар түс те қолданылады, кескіндемеден айырмашылығы, бұл жерде ол көмекші рөлін дәстүрлі атқарады. Графикамен жұмыс жасағанда әдетте бір не екі түсті қолданады, негізгі қара түстен немесе сангинаның қызыл-қоңыр түсінен бөлек, ақ түсті қолдануға болады Контур сызығынан басқа, граафика өнерінде штрих пен дақ кең қолданылады, сонымен бірге ақпен қарама-қарсы (ал басқа жағдайларда түрлі-түсті, қара немесе сирек – фактуралы) қағаз бетіндегі – графикалық жұмыс үшін басты негіз болып табылады

Альбом,қарындаш, бояу, қылқалам

2-слайд

3-слайд

Графикалардың үлгілері

4,5-слайд

3-5

Белсендіру.

(Т.)"Жүгірме диктант"

Тапсырмаларды А-4 қағазына жазып,сыныптың әр бұрышына іліп қою. Белгі бойынша оқушылар қабырғадағы өрнектерді бір-бірлеп топ бойынша жүгіріп жүріп орындайды.1-оқушы жүгіріп барып 1-өрнекті көріп алады да, орнына келіп жазады, осы кезде 2-оқушы жүгіріп барып, көріп келіп, жазады.Әрі қарай өрнек таусылғанша жалғастырады.Диктант біткен соң үлгі бойынша тексеріп, қай топтың ұтқанын хабарлау.

Жұлдызша арқылы бағалау.

Ұтқан топ оқушыларына жұлдызша таратып беру.

Тапсырма:

29 бен 3-тің көбейтіндісі 87-ге тең.

5 санын 19 есе арттырды. 85 шықты.

17 мен 5-тің қосындысын 4 есе арттырды. 98 шықты.

56-ның 7-ден бір бөлігін 12 есе арттырды. 96 шықты.

Бірінші көбейткіш 25-тің 5-тен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 11-ге тең. Онда олардың көбейтіндісі 55-ке тең.

12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кем.

• 570 пен 370 айырмасын 4 есе арттырды. 900 шықты.

Бөлінгіш 720-ға тең, бөлгіш 20 мен 11 айырмасына тең. Онда бөліндінің мәні 9-ға тең

Бірінші көбейткіш 37 мен 4 қосындысына тең. Екінші көбейткіш 2-ге тең. Онда көбейтінді 82-ге тең.

«Артық сөзді тап».

ҚОСУ

АЙЫРМА

КӨБЕЙТУ

АЗАЙТҚЫШ

БӨЛУ

БӨЛІНДІНІҢ МӘНІ

АЙЫРМА

БӨЛІНГІШ

БӨЛГІШ

ҚОСЫЛҒЫШ

АЗАЙТҚЫШ

ҚОСЫНДЫ

БӨЛГІШ

БӨЛІНГІШ

ҚОСЫНДЫ

КӨБЕЙТКІШ

АЛЫМЫ

БӨЛІМІ

1-бағанда-айырма

2-бағанда-азайтқыш

3-бағанда-айырма

4-бағанда-азайтқыш

5-бағанда-қосынды

6-бағанда-көбейткіш

(Ж.)Оқулықтан №1тапсырманы орындау арқылы оқушылар Астана қаласының көрікті жерлерінің атауын білетін болады.

960:8=120 "Ақорда"

840:7=120 "Бәйтерек монументі"

650:5=130 "Опера және балет театры"

960:6=160 "Бейбітшілік және келісім сарайы"

(500+150):5

(700+140):7

(800+160:8)

(600+360):6

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбеді

(Т.) №2 тапсырманы көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдалана отырып есептеу

а) 2∙6∙8∙5=2∙5∙(6∙8)=480 12∙40=480 6∙45=270

3∙2∙9∙5=(3∙9)∙2∙5=270 40∙12=480 45∙6=270

5∙(20∙8)=5∙20∙8=800

2∙(9∙50)=2∙50∙9=900

ә)6∙10∙6=6∙6∙10=360 10∙7∙7=7∙7∙10=490

4∙2∙10=4∙10∙2=80 6∙3∙10=6∙10∙3=180

5∙10∙4=5∙4∙10=200 6∙10∙5=6∙5∙10=300

8∙10∙9=8∙9∙10=720

3∙7∙10=3∙10∙7=210

4∙10∙4=4∙4∙10=160

Бұл бөліктердің әрқайсында амалдардың қасиеттерінің біреуін қолдануға мысалдар іріктелген. Сондықтан шешуіне түсінік беру негізге қандай қасиет алвынғанын анықтауға мүмкіндік береді. Түсінік берумен қатар тақтаға қасиеттердің әріптік жазбаларын ілу.

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

А-4 қағазына жазылған өрнектер

Сөздер жазылған карточкалар, сабаққа арналған тұсаукесер, оқулық,жұлдызша

Кесте

6-слайд

Оқулық, дәптер

7-слайд

Сигналды карталар

Оқулық, дәптер

6-10

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Кестеден тыс көбейту мен бөлудің әрбір жағдайына алгоритмді қалпына келтіруді ұсынады. Мысалы, 25х3 жағдайы үшін

1.Алгоритмнің әр қадамын оқы.

2.Алгоритм құрастыр.

3.Алгоритмнің қадамдарының орындалуын түсіндір

Карточкаларда қадамдар ұсынылады:

1карточка

Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу.

Разряд бойынша осы санға көбейту

Алынған көбейтінділерді қосу

Жауабын жазу

2 карточка

Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу.

Разряд бойынша осы санға көбейту

Алынған көбейтінділерді қосу

Жауапты жазу

Бүгінгі сабақта қалған жағдайлардың барлығына да алгоритмдер құрастыру .

Карточкалардағы алгоритм қадамдары

8-слайд

11-28

(Ө.) Оқулықтағы №3 тапсырманы оқушыларға өз жұмысын үлгі бойынша тексеру мақсатында ұсыну.

а)90:15=6 84:12=7 72:18=4 69:23=3

100.25=4 63:21=3 96:32=3 96:48=2

ә)900:15=60 840:12=70 720:18=40

1000:25=40 630:21=30 960:32=30

690:23=30

960:48=20

Смайликтер арқылы бағалау

Жұмыстарын тексеріп, смайликтер беру арқылы бағалау.

Қиындықтарды түсіндіру

Тапсырманың дұрыс орыналуын тексеру.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жіберілді?

– Жіберілген қатенің себебін анықтау?

– егер өздік жұмыста ешқандай туындамаған болса, өз мақсатың нақтылау.

(қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін қолдану.

– Әркім өз оқу міндетін айтып беру:

Сергіту сәті

Оқушылар орындарынан тұрып,оң қолын көтеріп, 5-ке дейін ағылшынша санайды, сонан соң сол қолын көтеріп ағылшынша санайды. Басын шалқайтып 5 рет ха-ха-ха деп, еңкейіп 5 рет хи-хи-хи деп айтады, сонан соң 4-ке дейін санайды,3-ке дейін санайды, 2-ге дейін,1 рет санайды және ха-ха,хи-хи деген сөзді айтады.

(Т.) №4 тапсырма бойынша берілген мәліметтер бойынша есеп құрастыру.Бұл тапсырманы ауызша орындату.3 топқа бөліп беру.Әр өрнекке сәйкес есеп құрастыру.

а) Қалың дәптерде 96 бет, ал жұқа дәптерде 24 бет бар. Екі дәптерде барлығы неше бет бар?

ә) Дүкенші түске дейін 96 беттік қалың дәптер,24 беттік жұқа дәптер сатты. Түстен кейін одан 2 есе артық сатты.Дүкенші түстен кейін қанша дәптер сатты?

б) Әли 96 беттік қалың дәптер, ал Дана 24 беттік жұқа дәптер сатып алды.Дана Әлиге қарағанда неше есе кем дәптер сатып алды?

в) Болат 96 беттік қалың дәптер, ал Майра 24 беттік жұқа дәптер сатып алды.Майра Болатқа қарағанда неше дәптер кем сатып алды?

г) Дархан 96 беттік қалың дәптер, ал Ақан одан 3 есе артық дәптер сатып алды. Ақан неше дәптер сатып алды?

д) Амина 24 беттік 3 дәптер, ал Нұрсая 96 беттік 2 дәптер сатып алды. Олардың дәптерлерінде барлығы неше бет бар?

Фишкалар арқылы бағалау

Топтық тапсырмаларын тексеріп, фишкалар беру арқылы бағалау.

(Ж.) №6 тапсырмада көбейту тәсіліне қарап,есептеуді жалғастыру

111∙2=100∙2+10∙2+1∙2=200+20+2=222

111∙3=100∙3+10∙3+1∙3=300+30+3=333

111∙4=100∙4+10∙4+1∙4=400+0+4=444

111∙5=100∙5+10∙5+1∙5=500+50+5=555

111∙6=100∙6+10∙6+1∙6=600+60+6=666

111∙7=100∙7+10∙7+1∙7=700+70+7=777

111∙8=100∙8+10∙8+1∙8=800+80+8=888

111∙9=100∙9+10∙9+1∙9=900+90+9=999

Отшашу арқылы бағалау

Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады

Дәптер, оқулық,

Смайликтер

Дәптер, оқулық

9-слайд

Фишкалар

10-слайд

29-37

Өткенмен жұмыс.

Баланың даму деңгейіне байланысты жеке тапсырмалар беру.

(Ө.) Оқушылар бағалау критерийлері бар дәптерден тапсырма орындайды. Дәптердегі алдыңғы өткен тәсілдерден қарапайым теңдеулерді шешіп, тексеруді ұсыну.

х:5=19 750:х=5 23∙х=69

x=19∙5 x=750:5 x=69:23

x=95 x=150 x=3

95:5=19 750:150=5 23∙3=69

19=19 5=5 69=69

Мен:

  • Көбейту мен бөлуге қарапайым теңдеуді шешу
  • Кестеден тыс ауызша көбейту мен бөлуді орындау
  • Тексеру жүргізу

(Ұ.) №8 тапсырма логикалық ойлауға құрылған.

Демалысқа шыққан 5 дос бала бір-біріне фотосуреттерін берді.Әр бала достарының әрқайсысына 1 фотосуреттен таратты.Ол үшін балаларға қанша фотосурет қажет болды?(20 ф.)

Бармақпен бағалау.

Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру.

Дәптер, оқулық.

11-слайд

12-слайд

38-40

Рефлексия.

–Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

– Осы мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма?

– Қиындық туындады ма?

– Сол қиындықтарды жеңе алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын сәттілік сызғышымен бағалауды ұсынады.

13-слайд

Жетістік жолы.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу