Кестеден тыс көбейту және бөлу. Бекіту. Графика. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Тақырып: 88-сабақ. Кестеден тыс көбейту және бөлу. Бекіту. Графика

скіндеме

Оқу мақсаттары: 3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.2.2көбейту мен бөлуге берілген х:8=9; 51:х=17; 23х=46 түріндегі қарапайым теңдеулерді, құрылымы күрделі 

х (25:5)=60; (243):х=6;х: (172)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

Тірек сөздер:

  • қосындыны санға көбейту
  • бөлу ережесі.

Ресурстар:

  • альбом
  • қылқалам
  • гуашь
  • графика суреттері
  • графика құралдары
  • жұлдызша
  • смайликтер
  • сигналды карталар
  • жүгірме диктант тапсырмасы
  • тақта, үлестірмелі материалдар
  • жұлдызша
  • кесте
  • алгоритм
  • ереже
  • жоспар

Сабаққа қатысты деректі материалдар

Екі таңбалы санды жіктеу әдісімен бөлу керек.

Көбейту кезінде бөлінгіш шығатын бір таңбалы

санды табуымыз керек. Қосындыны санға бөлу

үшін екі қосылғышты есептеп, оны санға бөлеміз.

Сонымен қатар, қосындыны санға бөлу үшін әр

қосылғышты санға бөліп, алынған нәтижелерді

  • қосамыз. (а + b) : c = a : c + b : c.

Сабаққа арналған ескертулер

Осы кезеңдегі тапсырмада екі таңбалы санды санға

бөлудің пәндік мазмұнын ашу, бөлудің тәжірибелік

дағдысын қалыптастыру.

Ынталандыру.

Сабақты«Мен көңілдімін, мен қуаныштымын» әдіісі бойынша сурет салудан бастаңыз.Оқушыларға айтқызыңыз.

  • Мен қуаныштымын (күледі)
  • Мен көңілдімін! (жылы жүз)
  • Мен таңғалып тұрмын! (таң калу)
  • Мен жылап отырмын (жылау)

"Күлген, қуанған, таңданған сәттерімізді қағаз бетіне түсірейік"-деп жанға жайлы әуен қойыңыз. Оқушылар сурет салуға кіріседі.

Графикалық суреттер көрсетіп, бейнелеу өнерінің осы түрі туралы әңгімелеңіз..

Гра́фика (гректің. γρᾰφικός – «жазбаша, γράφ– жазып алу, жазу» деген сөзінен шыққан.Бейнелеу өнерінің түрі, саналатын түзу сызықтар, жіңішке сызықтар, дақтар мен нүктелерді бейнелеудің негізгі құралы ретінде есептейді.Сонымен қатар түс те қолданылады, кескіндемеден айырмашылығы, бұл жерде ол көмекші рөлін дәстүрлі атқарады. Графикамен жұмыс жасағанда әдетте бір не екі түсті қолданады, негізгі қара түстен немесе сангинаның қызыл-қоңыр түсінен бөлек, ақ түсті қолдануға болады Контур сызығынан басқа, граафика өнерінде штрих пен дақ кең қолданылады, сонымен бірге ақпен қарама-қарсы (ал басқа жағдайларда түрлі-түсті, қара немесе сирек – фактуралы) қағаз бетіндегі – графикалық жұмыс үшін басты негіз болып табылады

Белсендіру.

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін "Жүгірме диктант"алсаңыз болады.

Тапсырмаларды А-4 қағазына жазып,сыныптың әр бұрышына іліп қойыңыз.. Белгі бойынша оқушылар қабырғадағы өрнектерді бір-бірлеп топ бойынша жүгіріп жүріп орындайды.1-оқушы жүгіріп барып 1-өрнекті көріп алады да, орнына келіп жазады, осы кезде 2-оқушы жүгіріп барып, көріп келіп, жазады.Әрі қарай өрнек таусылғанша жалғастырады.Диктант біткен соң үлгі бойынша тексеріп, қай топтың ұтқанын хабарлаңыз, тексергенде қай топтың жұмысы дұрыстығын және бұрын болғанын есепке алыңыз.Жұмыстарын жұлдызша арқылы бағалаңыз.Ұтқан топ оқушыларына жұлдызша таратып беріңіз..

Тапсырма:

29 бен 3-тің көбейтіндісі 87-ге тең.

5 санын 19 есе арттырды. 85 шықты.

17 мен 5-тің қосындысын 4 есе арттырды. 98 шықты.

56-ның 7-ден бір бөлігін 12 есе арттырды. 96 шықты.

Бірінші көбейткіш 25-тің 5-тен бір бөлігіне тең, екінші көбейткіш 11-ге тең. Онда олардың көбейтіндісі 55-ке тең.

12 мен 8-дің көбейтіндісі 100-ден кем.

• 570 пен 370 айырмасын 4 есе арттырды. 900 шықты.

Бөлінгіш 720-ға тең, бөлгіш 20 мен 11 айырмасына тең. Онда бөліндінің мәні 9-ға тең

Бірінші көбейткіш 37 мен 4 қосындысына тең. Екінші көбейткіш 2-ге тең. Онда көбейтінді 82-ге тең.

«Артық сөзді тап».әдісі бойынша кестедегі сөздердің артығын табуды тапсырыңыз

ҚОСУ

АЙЫРМА

КӨБЕЙТУ

АЗАЙТҚЫШ

БӨЛУ

БӨЛІНДІНІҢ МӘНІ

АЙЫРМА

БӨЛІНГІШ

БӨЛГІШ

ҚОСЫЛҒЫШ

АЗАЙТҚЫШ

ҚОСЫНДЫ

БӨЛГІШ

БӨЛІНГІШ

ҚОСЫНДЫ

КӨБЕЙТКІШ

АЛЫМЫ

БӨЛІМІ

1-бағанда-айырма

2-бағанда-азайтқыш

3-бағанда-айырма

4-бағанда-азайтқыш

5-бағанда-қосынды

6-бағанда-көбейткіш

Оқулықтан №1тапсырманы орындау арқылы оқушылар Астана қаласының көрікті жерлерінің атауын білетін болады.

960:8=120 "Ақорда"

840:7=120 "Бәйтерек монументі"

650:5=130 "Опера және балет театры"

960:6=160 "Бейбітшілік және келісім сарайы"

(500+150):5

(700+140):7

(800+160:8)

(600+360):6

Жұмыстарын "Бағдаршам" арқылы бағалаңыз.Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбеді

№2 тапсырманы көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдалана отырып есептеу керек екендігін айтыңыз.

а) 2∙6∙8∙5=2∙5∙(6∙8)=480 12∙40=480 6∙45=270

3∙2∙9∙5=(3∙9)∙2∙5=270 40∙12=480 45∙6=270

5∙(20∙8)=5∙20∙8=800

2∙(9∙50)=2∙50∙9=900

ә)6∙10∙6=6∙6∙10=360 10∙7∙7=7∙7∙10=490

4∙2∙10=4∙10∙2=80 6∙3∙10=6∙10∙3=180

5∙10∙4=5∙4∙10=200 6∙10∙5=6∙5∙10=300

8∙10∙9=8∙9∙10=720

3∙7∙10=3∙10∙7=210

4∙10∙4=4∙4∙10=160

Бұл бөліктердің әрқайсында амалдардың қасиеттерінің біреуін қолдануға мысалдар іріктелген. Сондықтан шешуіне түсінік беру негізге қандай қасиет алвынғанын анықтауға мүмкіндік береді. Түсінік берумен қатар тақтаға қасиеттердің әріптік жазбаларын іліп қойыңыз, бұл қиындық келтіретін оқушылар үшін көмек болады.

Тапсырмаларын тексеріп,"Отшашу"арқылы бағалаңыз.Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Кестеден тыс көбейту мен бөлудің әрбір жағдайына алгоритмді қалпына келтіруді ұсыныңыз Мысалы, 25х3 жағдайы үшін алгоритм

1.Алгоритмнің әр қадамын оқы.

2.Алгоритм құрастыр.

3.Алгоритмнің қадамдарының орындалуын түсіндір

Карточкаларда қадамдар ұсынылады:

1карточка

Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу.

Разряд бойынша осы санға көбейту

Алынған көбейтінділерді қосу

Жауабын жазу

2 карточка

Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жіктеу.

Разряд бойынша осы санға көбейту

Алынған көбейтінділерді қосу

Жауапты жазу

Бүгінгі сабақта қалған жағдайлардың барлығына да алгоритмдер құрастыруды ұсыныңыз. .

(Ө.) Оқулықтағы №3 тапсырманы оқушыларға өз жұмысын үлгі бойынша тексеру мақсатында ұсыну.

а)90:15=6 84:12=7 72:18=4 69:23=3

100.25=4 63:21=3 96:32=3 96:48=2

ә)900:15=60 840:12=70 720:18=40

1000:25=40 630:21=30 960:32=30

690:23=30

960:48=20

Смайликтер арқылы бағалау

Жұмыстарын тексеріп, смайликтер беру арқылы бағалау.

Қиындықтарды түсіндіру

Тапсырманың дұрыс орыналуын тексеру.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерден қате жіберілді?

– Жіберілген қатенің себебін анықтау?

– егер өздік жұмыста ешқандай туындамаған болса, өз мақсатың нақтылау.

(қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған оқушылардың ары қарайғы мақсаты?

(Қателерді түзеу).

– Қателерді түзеу алгоритмін қолдану.

– Әркім өз оқу міндетін айтып беру:

Сергіту сәтін жасатып, оқушылардың сабаққа ыынтасын ашыңыз.Оқушылар орындарынан тұрып,оң қолын көтеріп, 5-ке дейін ағылшынша санайды, сонан соң сол қолын көтеріп ағылшынша санайды. Басын шалқайтып 5 рет ха-ха-ха деп, еңкейіп 5 рет хи-хи-хи деп айтады, сонан соң 4-ке дейін санайды,3-ке дейін санайды, 2-ге дейін,1 рет санайды және ха-ха,хи-хи деген сөзді айтады.

№4 тапсырма бойынша берілген мәліметтер бойынша есеп құрастыруды тапсырыңыз..Бұл тапсырманы ауызша орындатңыз..3 топқа бөліп беріңіз..Әр өрнекке сәйкес есеп құрастыруды ұсыныңыз.

а) Қалың дәптерде 96 бет, ал жұқа дәптерде 24 бет бар. Екі дәптерде барлығы неше бет бар?

ә) Дүкенші түске дейін 96 беттік қалың дәптер,24 беттік жұқа дәптер сатты. Түстен кейін одан 2 есе артық сатты.Дүкенші түстен кейін қанша дәптер сатты?

б) Әли 96 беттік қалың дәптер, ал Дана 24 беттік жұқа дәптер сатып алды.Дана Әлиге қарағанда неше есе кем дәптер сатып алды?

в) Болат 96 беттік қалың дәптер, ал Майра 24 беттік жұқа дәптер сатып алды.Майра Болатқа қарағанда неше дәптер кем сатып алды?

г) Дархан 96 беттік қалың дәптер, ал Ақан одан 3 есе артық дәптер сатып алды. Ақан неше дәптер сатып алды?

д) Амина 24 беттік 3 дәптер, ал Нұрсая 96 беттік 2 дәптер сатып алды. Олардың дәптерлерінде барлығы неше бет бар?

Топтық тапсырмаларын тексеріп, фишкалар беру арқылы бағалаңыз..

№6 тапсырмада көбейту тәсіліне қарап,есептеуді жалғастыруды тапсырыңыз.

111∙2=100∙2+10∙2+1∙2=200+20+2=222

111∙3=100∙3+10∙3+1∙3=300+30+3=333

111∙4=100∙4+10∙4+1∙4=400+0+4=444

111∙5=100∙5+10∙5+1∙5=500+50+5=555

111∙6=100∙6+10∙6+1∙6=600+60+6=666

111∙7=100∙7+10∙7+1∙7=700+70+7=777

111∙8=100∙8+10∙8+1∙8=800+80+8=888

111∙9=100∙9+10∙9+1∙9=900+90+9=999

Оқушылардың жұмысын тексеріп,отшашу арқылы бағалаңыз.

Балалар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады

Өткенмен жұмыс.

Баланың даму деңгейіне байланысты жеке тапсырмалар беруіңізге болады..

Оқушы бағалау критерийлері бар дәптерден тапсырма орындайды. Дәптердегі алдыңғы өткен тәсілдерден қарапайым теңдеулерді шешіп, тексеру ұсыныңыз.

х:5=19 750:х=5 23∙х=69

x=19∙5 x=750:5 x=69:23

x=95 x=150 x=3

95:5=19 750:150=5 23∙3=69

19=19 5=5 69=69

Мен:

  • Көбейту мен бөлуге қарапайым теңдеуді шешу
  • Кестеден тыс ауызша көбейту мен бөлуді орындау
  • Тексеру жүргізу

№8 тапсырма логикалық ойлауға құрылған.

Демалысқа шыққан 5 дос бала бір-біріне фотосуреттерін берді.Әр бала достарының әрқайсысына 1 фотосуреттен таратты.Ол үшін балаларға қанша фотосурет қажет болды?(20 ф.)

Оқушылардың жұмысын тексеріп, бармақпен бағалаңыз.Тапсырма дұрыс болса, бармақ жоғары қарай, қате болса, бармақ төмен қарай бағытталады.

Сабақ бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру.

Рефлексия.

– Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

– Осы мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма?

– Қиындық туындады ма?

– Сол қиындықтарды жеңе алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын сәттілік сызғышымен бағалауды ұсынады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу