Текшенің жазбасы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
106-сабақ. Кеңістіктік фигуралар
Тақырып: Текшенің жазбасы
Оқу мақсаты:
3.3.2.3. Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тік бұрышты
параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін
құрастыру
Сабаққа қажетті ресурстар: әр түрлі пішінді фигуралар, текшенің төбелерінің, қырларының, жақтарының санын толтыруға қажетті кесте, қабырғасы 5 см қағаздан жасалған текшенің моделі; қайшылар, балаларға арналған текшелер, текшенің жазбасы, смайликтер, үлестірмелі қағаздар, жазбалардың үлгілері, сигналды карточкалар( бағдаршам көздері: қызыл, жасыл, сары)
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: текше- барлық өлшемдері тең тікбұрышты параллелепипед. Ол - кеңістіктік фигура. Текшені жасау үшін алдымен жобасын қиып алады. Математикада оны - жазба деп айтады. Текшенің жазбасы - текшенің жазықтықтағы жазылған беті. Венгер өнер академиясының оқытушысы Э.Рубик өзінің студенттері үшін жиырма алты кішкентай текшелерден тұратын, жақтары әртүрлі түске боялған «сиқырлы текше» жасады. Осылайша ең әйгілі басқатырғыш «Кубик Рубик» пайда болды.
Сабақ барысы:
Ынталандыру
Тақтада әр түрлі пішінді фигураларды көрсетіңіз. Фигураларды атауды тапсырыңыз. Әр түрінен неше фигура барын сұраңыз. Барлық жақтары шаршы болып келетін фигураны қалай атайтынын сұраңыз. Текше туралы білімді қайталатыңыз. Оқушыларға суреттен текшенің бейнесін көрсетіңіз. Текшенің төбелерін, қырларын, жақтарын санатыңыз. Әр топқа толтыруға қажетті кесте таратыңыз. Топтар модельге қарап, кестені толтыруын ұсыныңыз. Әр топтан бір оқушыға нәтижені ауызша айтқызыңыз. Қалғандарына естіген мәндерімен салыстыруды тапсырыңыз. Содан соң қабырғасы 5 см қағаздан жасалған текшенің моделін әр оқушыға үлестіріңіз. Текшені жасау үшін алдымен жобасын қиып алатынымызды хабарлаңыз. Математикада оны - жазба деп атайтынын айтыңыз. Оқушылардан жазбаның неден құралғанын сұраңыз. Қағаздан жасалған текшені алып, текше жазылу үшін бірнеше жерінен қиғызыңыз. Жазбаға қарап неше жағы барын санату, шаршылар – жақтары өзара қалай қосылып тұрғанына назар аудартыңыз.
-Текшенің жақтары туралы не айтуға болады?
-Жақтары өзара тең бе? Енді топта талқылау жүргізуді тапсырыңыз.
Оқушылар барлық жазбаларды тақтаға жабыстыруын сұраңыз.
-Бұл жазбаларда не ортақ? Текшенің жазбасының саны туралы болжау.
Ой қорыту
Ережемен таныстырыңыз. Текшенің жазбасы - текшенің жазықтықтағы жазылған беті. Оқушылардың болжамдары мен ережені салыстыра отырып ойларын қорытуға шақырыңыз.
Белсендіру
Жеке жұмыс (шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беріңіз)
Текше туралы білімдерін пайдаланып түтіктер мен ермексаздан текшенің моделін жасатыңыз.
Бағалау: Оқушылар жасаған жұмыстарын көрсетсін, қалғандары дұрыс болса, алақандарын ұрып, шапалақтау әдісін қолданыңыз.
Жұптық жұмыста есеп мәтінін оқып беріңіз
25 оқушының әрқайсысы текшелердің жазбасын сызды. Оқушылар текшенің барлығы неше жағын сызды? (150 ж) Оқушыларға парақта есептетіп, өзара тексеруді жұппен ұйымдастырыңыз. Оқушылардан өз ойын түрлендіруді сұраңыз.
Ұжымдық жұмыс
Ойлан, тап!
Суреттерді көрсетіңіз. Сана.
-Әріп неше текшеден құралған?(ш әрпінде 17 текше) Сары фигурада неше текше бар? (27 т) Қызыл фигурада ше? (27 т) Жасыл фигурада ше?(68 текше)
Сұрақтарға жауап айтқан соң жұппен өзара тексеру жүргізуін сұраңыз. Қалауы бойынша оқушыларға жауаптарын айтып, түсіндіруді ұсыныңыз. Ұжым алдында дұрыстығын дәлелдетіңіз.
Қайталау
Өздік жұмыс. Тақтада сандар жазылған текшелерді көрсетіңіз. Олардың ішінен екі санның көбейткіші ретінде жазуға болатын сандарды тауып жазғызыңыз.
Текшедегі сандардың қайсысын екі санның бірдей көбейткіштері түрінде жазуға болады? (4,16,36,9,49,64,81,25)
Бағалау: Нәтижесін тексеруді «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырыңыз.
Оқушылардың бас бармақтарын көрсету арқылы сіз берген тапсырманы олардың ұғу деңгейін тексеріңіз.
Бас бармақ жоғарыға қарап тұрса = Мен түсінемін.
Бас бармақ көлденең тұрса = Мен түсінгендеймін.
Бас бармақ төмен қарап тұрса = Мен түсінбедім.
Практикалық жұмысты топтық жұмыс түрінде ұйымдастырыңыз.
Қай жазбада текшені құрастыруға болмайды? Оқушылар қай жазбадан текше құрастыруға болатынын болжау жасатқызыңыз. Содан соң болжамды дәлелдеткізіңіз. Алдымен текшенің жазбасы бола алмайтын жазбаларды алып тастауын сұраңыз. Неге артық екенін түсіндіруін ұсыныңыз. Ол үшін топтарға торкөз парақтарды таратыңыз,қай текшені салатынын өзара бөліп алу керектігін түсіндіріңіз. Содан соң сызбасын сызып, жазбаны қиып, сызықтар бойымен бүктеуді тапсырыңыз. Топта бір-біріне жасаған модельді көрсетіп, қай жазбалар текшенің жазбасы екенін қорытындылауын сұраңыз. Тапсырманы «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалауды ұсыныңыз
Кері байланыс
Төмендегі сұрақтарға сабақ соңында стикерге оқушылардың жауап жазуын сұраңыз:
Бүгін мен ... білдім.
Маған ... қызық болды.
Маған ... қиын болды.
Мен ... тапсырмаларды орындадым.
Мен ... екендігін түсіндім.
Мен енді ... жасай аламын.
Мен ... үйрендім.
Мен ... жасап көремін.
Сабақ менңғ өміріме ... берді.
Бағалау
Өз білімінің деңгейін анықтау үшін оқушыларға «Табыс баспалдағы» әдісін пайдаланыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?