Текшенің моделі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

107-сабақ. Кеңістіктік фигуралар

Тақырып: Текшенің моделі

Оқу мақсаты:

3.3.2.3. Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тік бұрышты

параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін

құрастыру

Сабақта қолданылатын ресурстар: желім, қайшы, текшенің қағаздан жасалған моделі, смайликтер, сиқырлы шаршылар, үлестірмелі материалдар, жазбалар.

Сабаққа пайдаланылатын деректі материалдар: Модель (фр. modeleлат. modulus – өлшем)[1] – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Модель мен түп нұсқаны бір-бірінен абсолютті түрде айыруға болмайды.  Модельдеу - әлемді тану мен өзгертудің әдістерінің бірі. Ол сол әдістердің жаңа қызметтерін ашатын (микро-, макро-, мега әлемнің процестері мен құбылыстары,  кибернетикалық және имитациялық модельдерді жасау, жүйелік техниканың тууы т.б.) модельдердің жаңа типтерін жасауға негіз болған ғылымның дамуымен байланысты кең тарады. Текшенің көлемін табу үшін өлшемдерін бір-біріне көбейту керек.

Сабақ барысы:

Кіріспе

Өткенді қайталау үшін «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру. Кубик лақтыру барысында қай түсі жоғары қарап түссе, сондай түспен жазылған сұраққа жауап беретінін ескертіңіз. Текше деген не? Текшенің жазбасы деген не?

Кел модельдейік! Оқушыларды топтарға біріктіріңіз. Түрлі-түсті қағаздан текшенің моделін жапсырмалайтынын хабарлаңыз. Алдымен текшенің жазбасын торкөзді параққа әзірлетіңіз. Жасаған текше моделінің әр жағына маркермен 1-ден 6-ға дейін цифрлар жазадыртыңыз немесе нүктелер белгілетіңіз.

Топпен жұмысты «Сұрақтар жаңбыры» әдісі арқылы ұйымдастырыңыз.

Оқушылардың сұрақ қою және сыни ойлау дағдыларын дамытуына ықпалжасаңыз. Оқушыларды топтарға өз еркімен, қалауымен бөліңіз. Әр топ параққа сұрақтар жазып, бір-біріне лақтыртыңыз. Алған сұрақтарына жауап жазып, кері лақтырады. Жауап жазылған парақты қағып алған ойыншы, сол жауаптан сұрақ тудырып, ары қарай лақтырады. Ойын осылай жалғасады.

Бұл әдіс текше туралы білімнің маңыздылығын арттырады. Текшенің қанша төбесі, қыры және жағы бар? Оқушылар текшенің барлық төбелері, қырлары және жақтарын санап болған соң, суретке қарап, әріптермен атауды тапсырыңыз.

-Егер біз текше туралы айтсақ, 6 саны нені білдіреді? ( жақтары: KLMN, DNMC, AKND, ABCD, AKLB)

-8 саны ше? Әріптермен атау. (Төбелері: А, K,L,N,M,C,D,B)

-12 саны ше? Әріптермен атау (Қырлары: KL, NM, AB, BC, CD, AK, LM, KN, AD, ND, MC, BL)

Ойлан, тап! Тапсырмасында жазбаға қарап, текшенің моделін табуын ұсыныңыз

А) Берілген жазбадан қандай текше шығатынын болжам жасатыңыз.

Ә) Оқушыларға кезекпен текшелердің жақтарына және оның бояуына мұқият қарауды ұсыныңыз. «Смайлик» арқылы бағалатыңыз.

Ұжымдық тапсырма

«Сиқырлы шаршылар»

Әр топқа екі шаршыдан толтыруды ұсыныңыз. Сандарды әр жағынан қосқанда мәні бірдей шығу керектігін айтыңыз.

Бағалау «Шапалақ» Содан соң топтар өзара тексереді, дұрыс толтырылған шаршы болса, 3 шапалақ. Қателері болса, 2 шапалақ, дұрыс емес болса, 1 шапалақ соғады.

Өздік жұмыс

Тез есепте! Амалын дұрыс орындап, бос шаршыны тиісті санмен толтыруын сұраңыз.

1-өрнектің мәні-90

2-өрнектің мәні-5

Шығармашылық тапсырма

Текшенің көлемін анықта!!! Бұл текшенің үш өлшемі бар, ұзындығы 1 см, ені 1 см, биіктігі 1 см. Оның көлемін табу үшін өлшемдерін бір-біріне көбейту керек. 1 см*1см*1 см=1 см куб

Текшенің ұзындығы, ені, биіктігі өзара тең болатынын айту. Қабырғалары 10см-ге тең текше берілген. Көлемін тап. (10 см *10 cм* 10 см= 1000 см куб)

Одан кейін санның кубын табуға тапсырма беріп білімді бекітіңіз. Санның кубы туралы қосымша мәлімет беріңіз.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды ұсыныңыз.

Ойнайық! Оқушылар алдыңғы тапсырмада жасаған текшелерін пайдаланатынын сұраңыз. Әр ойыншы текше лақтырады. Түскен сандарды көбейтіп, нәтижесін жазады. Досы есептеудің дұрыстығын тексереді. Нәтижесін жазады. Әр ойыншы ойынды 5 рет қайталайтынын айтыңыз.

(40+60)х 3 =300 (40+60)х 5 =500 (40+60)х 2 =200

Рефлексия

Оқушылардың сабақтың материалын қалай меңгергенін анықтау үшін «Ыстық орындық» әдісін пайдаланыңыз ( Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. ) сұрақтарға жауап беруді тапсырыңыз:

-Текшенің қанша төбесі, қыры және жағы бар?

-Текшенің жағы нені білдіреді?

-Текшенің қырларының ұзындығы туралы не айтуға болады?

-Жазбадан текшенің моделін жасауда нені естен шығармау керек?

Бағалау

«Бағдаршам» арқылы сабақтағы алған білімін бағалауды ұсыныңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу