Параллелепипедтің жазбасы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

108-сабақ. Кеңістіктік фигуралар

Тақырыбы: Параллелепипедтің жазбасы

Оқу мақсаты:

3.3.2.3. Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тік бұрышты

параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін

құрастыру

Сабақта қажетті ресурстар: сыйлыққа арналған қораптар, тікбұрышты параллелепипед пішінді әртүрлі қораптар, сызғыш, қайшы, жұлдызшалар, өзара бағалау парағы, үлестірмелі материалдар, жазбалар, дайын модельдер.

Сабаққа пайдаланатын деректі материалдар: тіктөртбұрышты параллелепипед-кеңістіктік фигура, ол көлемді болып келеді. Оның қарама-қарсы қабырғалары өзара тең. Ежелгі грек математигі Евклид алғаш рет геометрияның негізін «Бастамалар» кітабында жазған.

Сабақ барысы:

Сабақтың басында сынып ұжымына «Миға шабуыл» әдісін пайдаланыңыз. Оқушыларды сыни ойлануға баулыңыз. Суреттегі сый қораптардың қайсысы текше пішіндес, ал қайсысы өзгеше екенін сұраңыз. Неліктен екенін түсіндіруін , талқылауын сұраңыз. Параллелепипед туралы ой туындату үшін «Алдын-ала берілген атаулар» әдісін қолданыңыз. Тақтаға мына атауларды ( Тік төртбұрыш Жақтары Төбелері Қорап) жазыңыз.

Жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойыңыз (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұраңыз. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдаңыз.

Оқушыларға әр түрлі пішінді қораптарды көрсетіңіз. Тікбұрышты параллелепипедтермен таныстырыңыз. Топтарға қақпағы бар қораптарды таратып, сұрақтар қойыңыз:

  • Фигураның жақтары нені білдіреді?

Бұл фигураның бұрыштары қандай?

-Текшенің жазбасын жинағанда қандай маңызды бөлікті ескеруіміз керек? Әзірлеу барысында қандай өлшемдер жасау қажет?

Оқушылардан қорапты бұзып, бүгілген қабырғаларын жазуды тапсырыңыз. Нәтижесінде не шыққанын сұраңыз. (жазба). Жазбаға қарап, жақтарын, қырлары мен төбелерін санатыңыз.

Жазбадан ұзындығын, енін, биіктігін өлшетіңіз. Ережесімен таныстырыңыз.

Қаптауға арналған қораптар. Жазбаларға қарап, қайсысынан қорап жасауға болатынын болжатыңыз. Ол үшін оқушыларға торкөзді парақты таратып беріңіз. Топтағы жұмысты өзара бөліп, берілген жазбаны сызуды тапсырыңыз. Оқушылар жазбаны қиып алып, сызық бойымен бүктеп, қорытынды шығаратынын ескертіңіз.

Дұрыс жауап берген топқа «Жұлдызша» көрсету арқылы бағалауды ұсыныңыз.

 Өз бетінше есепті шығарып, жауабын параққа жазуын сұраңыз. Содан соң қалауы бойынша бір оқушыдан есептің шешуін айтып, өз әрекетін түсіндіруін, ал қалғандары өз шешімдерін тексеруді ұйымдастырыңыз. Тік төртбұрыштың ауданын есептеуді қайталатыңыз.

Параллелепипедтің көлемін табуды меңгерту үшін «Ашық және Жабық сұрақтар» әдісін қолданыңыз.

Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады. Мысалы, Сен параллелепипедті қандай фигураға ұқсатасың, неліктен? Параллелепипедтің көлемін табу үшін қандай іс-әрекет орындайсың? Суреттегі параллелепипедтің көлемін табуды ұйғарыңыз

Бағалауды бағалау критерийлері арқылы ұйымдастырыңыз.

Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.

Сәйкестендір.

А) Оқушыларға кезектесіп тапсырманы жұппен орындатыңыз. Содан соң модельді тақтада көрсетіп және оқушыларға жазбадан сәйкес келетін қабырғасын көрсетуді сұраңыз. Ал қалғандары тақтадағы оқушының әрекетімен келісетін болса, қол көтеруін сұраңыз.

Ә) Жазба мен модельді сәйкестендіру жұмысын жүргізіңіз.

Оқушыларды «Отшашу» арқылы бағалатыңыз.

Шығармашылық тапсырма

Бұл жұмысты оқушылар жеке жасаған тиімді. Тақтадан суреттерді көрсетіңіз.

Суретті пайдаланып, текше мен тік бұрышты параллелепипедтің көлемдерін кішкентай текшелермен тапқызыңыз.

Жауап беру барысында ұқсастығы мен даралығын айтуды ұсыныңыз.

Бағалауды «Бас бармақ» әдісі арқылы жүзеге асырыңыз.

Кері байланыс

Өткен материалды қалай меңгергенін анықтау үшін параллелепипедтің қанша жағы болса, торкөзді парақтан сонша тіктөртбұрыш қиюды тапсырңыз. Олардан тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын құрастыруды тапсырыңыз.

Тікбұрышты параллелепипедтің жанындағы жақтары шаршы болуы мүмкін бе? деген сауалға жауап юеруін сұраңыз. Талқылауға жетелеңіз.

Бағалау

Оқушылардан бүгінгі сабақтан алған әсерін білу үшін таратпа қағаз таратыңыз. Әр түрлі көңіл-күйде тұрған сайқымазақтың тұсына қанатбелгі қоюға шақырыңыз. Әрқайсысының сезіміне назар аударыңыз. Бұл іс-әрекет келесі сабақты жоспарлауға септігін тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу