Параллелепипедтің моделі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

109-сабақ. Кеңістіктік фигуралар

Тақырып: Параллелепипедтің моделі

Оқу мақсаты:

3.3.2.3. Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тік бұрышты

параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін

құрастыру

Сабақта қажетті ресурстар: параллелепипед үлгісі, жазбалар, ермексаз, түтікшелер, үлестірмелі материалдар, қағаз, қайшы, желім, торкөзді парақтар.

Сабаққа пайдаланылатын деректі материалдар: тікбұрышты параллелепипедтің моделі жақтарынан, төбелерінен, қырларынан тұрады. Параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары тең. Барлық бұрыштары тік болып келеді. Ең танымал тікбұрышты параллелепипед-кірпіш. Археологтар Орталық шығыстан жасы он мың жылдан асқан кірпіш тапқан.

Сабақ барысы:

Кіріспе

(Т) Кіріспе тапсырма.

Берілген суреттен параллелепипедтің жазбасын тапсырыңыз.

Оқушыларға бүгінгі сабақтың тікбұрышты параллелепипедтің моделін құрастыруды үйренетінін хабарлаңыз. Әр топқа тікбұрышты параллелепипедті құрастыруға уақыт белгілеңіз. Ермексаз бен түтікшілерді пайдаланып, модельді құрастыруды тапсырыңыз. Оқушылардан композицияларын көрсетуін сұраңыз. Сыныпта модельдер көрмесін ұйымдастырыңыз.

«Қағаздағы сұрақтар»

Әрқайсысы қағаз қиындысына өзі білгісі келген немесе өзі жауап бергісі келген сұрақтарды жазып, қалташаға салуын айтыңыз. Араластырылған сұрақтарды еркін түрде қатысушыларға таратып беріңіз. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап беретінін айтыңыз. Бұл - үй тапсырмасын сұрағанда қолдануға тиімді тәсіл..

-Тікбұрышты параллелепипедтің жақтары тіктөртбұрыш болып табылады ма?

-Параллелепипедтің қарама-қарсы жақтары тең бе?

-Параллелепипедтің барлық қырлары қандай?

-Тікбұрышты параллелепипедтің барлық бұрыштары тік болып келеді ме?

-Тікбұрышты параллелепипедтің неше төбесі бар?

Бағалауда оқушыларға жауаптарын оқып, егер жауап «дұрыс» деп есептесе қолдарын көтеруін сұраңыз. Содан соң өз жауаптарын түсіндіруін тапсырыңыз.

Талқылауда тікбұрышты параллелепипедтің моделін жабыстырып жинау үшін қай жазбаны қолданар едің? деген сауал қойыңыз. Оқушылардан модель үшін қай жазбаны таңдағанын сұраңыз. Оқушылар қандай жазбаны таңдағанын және жауаптарын түсіндіруін сұраңыз. «Басбармақ» әдісі арқылы бағалауды ұсыныңыз. Дұрыс жауап берген оқушыға: Тамаша! бармағын жоғары көтеріп; қателері болса: бармағын жанына қарай бағыттайды; ал дұрыс емес жауапқа: Бармағын төмен бағыттап көрсететінін айтыңыз.

Ұжымдық жұмыста «Ұзындығын есепте» оқушылардан алдын ала ұзындығы 11 см, 5 см, 8см болатын тікбұрышты параллелепипедтің неше қыры бар екенін сұраңыз. Оқушыларға өз бетінше параққа осы параллелепипедтің көлемін есептетіп, содан соң жұппен өзара тексеруді ұйымдастырыңыз.

Көлемі: 11 см х 5 см х 8 см= 440 см куб

Топпен жұмыста көбейту мен бөлуді қайталатыңыз. Топтарға қосымша тапсырма беруде есеп құрастыруды тапсырыңыз. Жұмысты «Бағалау сатысы» әдісі арқылы бағалатыңыз. Әр топтың жұмысы қай деңгейде орындалғанын тексеріңіз.

1-топ 2-топ 3-топ

208 808 301

609 608 101

960 1230 320

301 102 430

Есеп

Қалың д-2

Қойың д-3

Барлығы-? Тг

Шешуі: 302х2+102х3=910 теңге құны

Ойлан. Берілген параллелепипедте неше текше бар? Қай жазбадан параллелепипед құруға болады? деген сұрақтарға жауап бергізіңіз. Жауаптарын дәлелдеуін сұраңыз.

Өздік жұмысты «Тез жауап жаз» үлестірмелі қағазды әр оқушыға үлестіріп беріңіз. Фигуралардың ауданын есептеуді қайталатыңыз.

Жауаптары:

  • 8 см кв
  • 9 см кв
  • 3 см
  • 4 см
  • 8 см кв
  • 12 см кв
  • 36 см кв

Бағалау. Оқушыларға өз бетінше тапсырманы орындап болған соң, сағат тілінің бағытымен көршісіне өзара тексеру үшін жауап парағын беруді ұсыныңыз. Оқушылар алынған нәтижені айтып, шығару жолын түсіндіруін сұраңыз.

Ұжымдық жұмыста өткенді қайталауды ұйымдастырыңыз. Ауызша көбейту кестесін қайталау үшін «Тұғындарын тап» ойынын өткізіңіз.

45 18 40

49 36 32

24 35 42

35 48 45

72 0 56

Тапсырманы бағалауда «Шапалақ» әдісі арқылы төменгі:1-сатыда дұрыс емес, толық емес, қате орындаған топ; ортаңғы:2-сатыда қателері бар, жартылай тапсырмаларды орындаған топ; жоғарғы:3-сатыда жауабы дұрыс, толық, жылдам орындаған топ орналастырылатынын ескертіңіз.

Кері байланыс

«Қарлы кесек» әдісі арқылы оқушылардың сабақтағы материалды қаншалықты меңгергенін анықтаңыз. Оқушылар бір-біріне ақ параққа сұрақ жазып лақтырып, оқушы қай кесекті қағып алса, сонда жазылған сұраққа жауап беретінін түсіндіріңіз:

– Тікбұрышты параллелепипедтің ерекше белгілерін ата.

– Тікбұрышты параллелепипедтің неше төбесі, қыры, жағы бар?

Бұл фигура неге осылай аталады?

Барлық жақтары тең параллелепипед қалай аталады?

Сенің ойыңша, егер жазбаның өлшемі 3 см болса,

ол тікбұрышты параллелепипед бола ала ма?

Бағалауды «Бес саусақ» әдісі арқылы жүргізіңіз.

Параққа оқушылар өз алақандарының суретін салуын сұраңыз. Әр саусағына сұрақтарға жауап жазауын тапсырыңыз. Парақтарды жинап алып, оқып шығыңыз. Қорытынды шығарыңыз.

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу