Фигураның бұрылуы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі: Кеңістіктік фигуралар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова Марал Ельтаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

110-сабақ.

Тақырыбы:

Фигураның бұрылуы

Оқу мақсаты:

3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Алдынан, жанынан, жоғары жағынан қарағанда

текшенің дұрыс салынғанын анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Фигураларды әртүрлі қырынан кескіндей алады.

Оқушылардың кейбірі :

Солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыруды біледі.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Текшенің жазылған көрінісі,солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерту.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

Бақылаушыға қатысты текше қалай орналасқан?

Алдынан, жанынан, жоғары жағынан қарағанда параллелепипед

дұрыс салынған ба?

Құндылықтар

Адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттық тәрбие

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Параллелепипедтің моделі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

(Т) Кіріспе тапсырма. Жұмбақ шешу

Бала бiткен соғады,

Жеңiл шарды домалақ.

Ұрсаң, ұшып жоғары,

Жерге түсер домалап.   (Доп)

Сабақты жерде домалап бара жатқан доптың өзгерісін көрсетуден бастау. Заттың кеңістікте немесе жазықта айналуы – бұру деп аталатынын хабарлау. Оларға доптар таратып беріп, оның алдыңғы жағына стикер жабыстыруларын сұрау. Допты айналдыра бұрып:

  • Солдан оңға, оңнан солға, жоғарыдан төмен,

төменнен жоғары. Екі рет оңға, үш рет солға. Оқушыларға әрдайым стикердің ауысуына қарап тұруын ескерту. Оқушылардан стикер өз орнына қайта келу үшін қанша және қандай бұрылыс жасау керектігін сұрау. Артқы жағына, сол жағына т.б. Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстыру.

Әр оқушы үшін стикерлер, доптар

3-4 - слайд

5-слайд

Сабақтың ортасы

2 мин

1мин

7 мин

5 мин

2 мин

5 мин

3 мин

(Ұ)Ою-өрнектер. Ою-өрнектерді интербелсенді тақтада көрсету. Ою-өрнектер жасауда бұруды қолдануға болатынын хабарлау. Оқушыларға әр халықтың ою-өрнектеріне мұқият қарап, ою-өрнек шығу үшін оюларды қалай бұрғаны туралы өз ойларын білдіруге тақтаға шақыру. Олардың назарын өрнектерге аудару. Бірнеше оқушыға жауабын айтып, қалғандарына бағалауға мүмкіндік беру.

Барлық өрнекте бұру бар ма?

Қай ою-өрнекте заттардың бұруы жоқ?

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау. Оқушылар басбармақтары арқылы берілген тапсырманың жауаптарын бағалайды. Дұрыс жауап берген оқушыға: Тамаша! бармағын жоғары көтеріп; қателері болса: Орташа! бармағын жанына қарай бағыттайды; ал дұрыс емес жауапқа: Ұнамады! Бармағын төмен бағыттап көрсетеді.

(Т) «Шебер қолдар» ойыны Өрнектердің мәнін дұрыс тапсаңдар, киіз кілемшенің аты шығады?

Тапсырма: Ою-өрнектер қиып сырмаққа жабыстыру, олардың бұрылуы болуы шарт

(Ұ) Қорапты бұр. Оқушыларға көлемді геометриялық фигура бұрылғанда жақтарының қалпының өзгерісін көретінін хабарлау. Оқушылардан қорапты қай жаққа бұрғанын сұрау. Оқушылар өз ойын айту үшін мүмкіндік беріледі. ә),б) тапсырмаларын жұппен орындау. Содан соң бір жұпты тақтаға шығарып шешімін модельде көрсетеді.

«Екі жұлдыз бір тілек » әдісі арқылы бағалау. Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуын сұрау. Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат. Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

(ЖЖ) Есепте. Киіз үйде ұзындығы 4 м, ал ені одан 2 метр қысқа тұскиіз ілулі тұр. Тұскиіздің ауданын тап.

Бағалау. «Шапалақ» арқылы бағалау.

Топтар өзара жұмыстарын тексереді:

3 шапалақ - дұрыс толтырылған болса,

2 шапалақ - қателері болса,

1 шапалақ - дұрыс емес болса.

(Ұ)Ойлан.

-Суретте оюлардың неше бұруын көріп тұрсыңдар?

Оқушыларға санауға уақыт беріледі. Оқушылардың жауаптарын тыңдап, олардың ойынша ең дұрыс деген жауапты таңдау. Содан соң қағазға өрнек сызып, кесіп алып, оқушыларға модельді қырымен қою және бірнеше оқушыға ұсынылған фигураның бұруын көрсетуді ұсыну.

«Шаршылар» әдісі арқылы бағалау. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы дәптерге шаршының суретін салады. Егер жұмыс түсініксіз болса, шаршыны қызыл түске бояйды, егер аздап түсінікті болса - сарымен, тақырыпты жүз пайызға түсінгеніне сенімді болса, жасылмен бояйды

Интербелсенді тақта, ою-өрнек суреті,

7-8 слайд

9-10 слайд

11 слайд

12-слайд

13-14 слайд

15-16 слайд

Сабақтың соңы

5 мин

5 мин

Кері байланыс

Оқушылардың сабақтың материалын қаншалықты меңгергенін анықтау үшін «Еркін микрафон» әдісін пайдаланып келесі сұрақтарды қою:

  • Бұру дегеніміз не?
  • Фигура қалай бұрыла алады?
  • Алдыңғы жағы қызыл түсті текшені жоғары бұрғанда ол түс қайда болады? Солға бұрғанда ше? Оңға ше?

Бағалау

Қағазға бүгінгі сабақта болған көңіл-күйін білдіре отырып, мұғалімге хат жазғызып, умаждау әдісі арқылы доп жасату. Қоржынға салғызу.

17 -слайд

18-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу