Көбейтудің қасиеттері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

86 сабақ. Тақырыбы: Көбейтудің қасиеттері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.1.3 тиімді тәсілмен есеп шығару үшін көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиетін айтып, қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі:

Өрнектердің мәндерін тиімді тәсілмен табады.

Оқушылардың кейбірі:

Қандай жағдайда көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиетін қолданған қолайлы екенін түсіндіре алады.

Бағалау критерийлері

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін айтып бере

алады;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: көбейтудің

үлестірімділік қасиеті, өрнектердің мәндері, есептеудің

тиімді тәсілдері

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылауға арналған сұрақтар:

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін кім айтып береді?

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қалай қолдану қажет?

Құндылықтар

Тағамдарды босқа ысырап етпеуге дағдыландыру, өз бойына жақсы қасиеттер дарыту.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Активстудио арқылы тапсырмаларға нұсқау беру.

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейтудің үлестірімділік қасиеті

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

«Ішкі-сыртқы шеңбер»

Сағат тілімен жүре отырып алдымен сыртқы, сонан соң ішкі шеңбердегілер орындарын ауыстырып бір-біріне жақсы сөздер айтады.

- Қандай сезімде болдыңдар?

Топқа бірігу

Оқушылар алдын –ала дайындалған қима қағазға жазылған өрнектерді шығарады.Сол бойынша топқа бірігу.

1-топ «Қосу»

2-топ «Азайту»

3-топ «Көбейту»

4-топ «Бөлу»

Кіріспе тапсырма

(Ұ.Ж) Лездеме.Сыныпқа қызықты сұрақтар қою, толық жауап алу. Шапшаң әрі дұрыс жауап беру қажет екенін ескерту. Әрбір сұрақтың дұрыс жауабын тақтаға алдын ала іліп қою. Оқушы дұрыс жауабын тақтадан тауып, теріс айналдырғанда артынан жасырынған сөз шығады.

- Туристер саяхатқа шықты. Олар белгіленген жерге 2 аптада жетті, ал қайтар жолда 14 күн жүрді. Бұл айырмашылық қалай түсіндіресің? ( 2аптада 14 күн бар -кө)

- Үш ат 15 км шауып өтті. Әрбір ат неше км шауып өтті? (15км-бей)

-Мыналардың қайсысы уақыт бірлігі емес: секунд, апта, километр, ай? (километр-ту)

-60-ты 15-ке арттыр (75-дің)

- Қандай бірдей үш санның көбейтіндісінің мәні 1-ге тең болады? (1∙1∙1=1-қа)

- Қайсысы ауыр: 1 кг мақта ма немесе 1 кг темір ме? (бірдей-си)

-54-ті 9 есе кеміт (9-ет)

-Алмұрттың жартысынан компот қайнатылды. Компотқа 3алмұрт жеткен болса, әуеле қанша алмұрт болған? (6-те)

-Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын аралап тастады. Неше бұрыш болды? (5-рі)

- Қандай сөз шықты?

-Көбейтудің қасиеттері

-Көбейтудің қандай қасиеттерін білеміз? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)

-Ендеше, көбейтудің қасиеттерін қолданып, тиімді тәсілмен есептеуді үйренесің.

Сөздік бағалау жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Жарайсың»

Слайд №2

Топқа бірігуге арналған өрнек жазылған қима қағаздар

Слайд №3,4

Сабақтың ортасы

.Ж) Киіз үй

Тапсырманы жұппен орындайды. Есепті оқиды, талдайды. Сұраққа жауап беру үшін алдымен тіктөртбұрыш пішінді киіздің периметрін табады.Сосын барып сұраққа жауап береді. Есепті әртүрлі тәсілмен шығарады. Бірнеше жұптан есептің жауабын сұрауға болады.

Тапсырма:

Наурыз мерекесіне орай киіз үйдің маңдайшасын жаңартты. Ол үшін ұзындығы 230 см, ені 150 см болатын киіз басты. Оның жиегін көмкеріп тігу үшін неше метр таспа кетеді?

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

(Ж.Ж) Дастарқан мәзері Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Орындап болған соң, дәптерін сағат тілінің бағытымен ауыстырып, дайын жауап арқылы бірін –бірі тексеріп, бағалайды. Есепті екі тәсілмен шығаруды ұсыну.

Кейбір оқушыларды тақтаға шығарып қандай тәсілмен шығарғанын сұрау. Қате жіберген оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы түсіндіру.

- Қай тәсілмен шығару тиімді болды?

- Көбейтудің қандай қасиетін пайдаланып шығардың?

Тапсырма:

Наурыз мерекесіне дастарқан дайындау үшін әр тәрелкеге 240 гр ірімшік және 310 гр құрттан 4 жерге қойылды. Дастарқанға неше грамм ірімшік пен құрт қойылды?

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізу

) Кім жылдам? Әрбір топқа тапсырма жазылған парақ таратып беру.Оқушылар кезектесіп мысалды шығарады. Бірінші болған топ «үш шапалақ» арқылы белгі береді. Тақтаға әрбір топтан бір оқушыдан шығып тапсырмасын қорғайды. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді. Оқушылардан көбейтудің қандай қасиетін қолданып есеп шығарғанын сұрау. Бұл тапсырма арқылы көбейтудің терімділік қасиеті туралы алған білімін тиянақтай түседі.

Тапсырма:

(9∙2)∙5= 3∙5∙6∙2=

5∙(2∙7)= 4∙2∙7∙5=

(2∙8)∙(5∙6)= 2∙3∙5 =

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

.Ж) Сусын Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Көбейтудің заңдылықтарын қолдана отырып есептеу. Есепті шығарып болған соң, жұптасады. Жұптар дәптерлерін ауыстырады. Бір –бірінің тапсырмасын дайын жауап арқылы тексереді.

Тапсырма:

Наурыз мерекесі үшін 4 торсық қымыз және одан 2 есе артық шұбатты 3 литрлік торсыққа құйды. Неше литр шұбат бар?

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізу

(Т.Ж) Коллаж Бейнелеу құралдарының көмегімен көбейтудің қасиеттерін көрсету. Әр топқа флипчарт, материалдар (журналдар, газеттер, түсті картон, түсті қағаз, маркелер, қайшы, клей, қарандаштар және фломастерлер) беріледі.Әрбір топқа берілген тапсырманы білмеуі керек.Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар сыныпта шеңбер бойынша қозғалады және сыныптастарының жұмыстарын көреді. Олар көбейтудің қандай қасиеті бойынша коллаж жасағанын ойлап таба алады. Әрбір топтан бір оқушы шығып өздерінің жұмыстарын түсіндіреді.

Тапсырма:

Көбейтудің қасиеттеріне коллаж жасау.

1 топ– ауыстырымдылық

2 топ – терімділік

3 топ – үлестірімділік

4 топ – 1-ге көбейту

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау жүргізу

Слайд№6,7

Слайд № 8,9

Слайд

№ 10,11

Слайд№12,13

флипчарт

слайд№ 14

Сабақтың соңы

Кері байланыс

-Көбейтудің қандай қасиеттері жылдам есептеуге

көмектеседі? Оларды ата.

Рефлексия «Аспазшы» әдісі арқылы

...... қанағаттандым.

......аса қанағаттанбадым.

......қорыта алмадым.

Егер ......қоссаңыз, дәмі тіл үйіретін (керемет) болар еді.

Слайд №15



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу