Қосындыны санға бөлу. Есептерді шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу №87 сабақ. Тақырыбы: Қосындыны санға бөлу. Есептерді шығару | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейтумен бөлуді орындауда қосындыны жәнекөбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу,қосындыны санға көбейту ережесін қолдану; 3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc); | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Қосындыны санға бөлу ережесін айтып, оны тәжірибеде қолдану жолын түсіндіре алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейтудің қасиеттері | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындақ Қол алысып, қәне, біз, Достасайық бәріміз. Айтарым бар сендерге, Тез тұрыңдар шеңберге. Қандай жақсы бір тұру, Достарменен бір жүру! Қандай жақсы дос болу Топқа бірігу Оқушылар алдын –ала дайындалған қима қағазға жазылған өрнектер арқылы топқа бірігу. 1-топ «Қосу» 2-топ «Азайту» 3-топ «Көбейту» 4-топ «Бөлу» Кіріспе тапсырма (Ұ.Ж) Ауызша есептеу Оқушылардың көбейту кестесі туралы алған білімдерін қайталау. Тақтадағы өрнекті оқушылар кезектесіп ауызша шығарады. Дұрыс жауабын бірден тексеріп отырады. Тапсырма: 72 : 8 = 48 ∙ 0 = 6 ∙ 9 = 12: 12 = 22 ∙ 2 = 2 ∙ (20+5) = 24 ∙ 2 = (10+4) ∙ 3 = 27 ∙ 3 = 0 + 49 : 1 = Сөздік бағалау жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Өте жақсы» т.с.с. -Келесі тапсырманы орындап көр. 45 санын әрқайсысы 5-ке бөлінетіндей екі санның қосындысы түрінде жазуға болады ма? (Оқушы пікірін тындау) 40+5 20+25 10+35 30+15 Сөздік бағалау жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Өте жақсы» т.с.с. -Мына өрнектерді шығарып көр. (40+9):7 = ( 30+70):10 = (40+24):4= -Қай өрнектің мәнін табуда қиындық туындады? (Соңғы өрнектегі қосындының мәні бөлінбейді) -Басқа қосындылардан қандай айырмашылығы бар? (басқаларында қосынды бөлінеді) -Нені неге бөлдік? (қосындыны санға бөлдік) -Бүгінгі сабақта қосындыны санға бөлуді үйренеміз. - Келесі тапсырманы орындап көрейік.
| Слайд № 2 Слайд №3 Слайд №4 Слайд №5,6 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | (Т.Ж) Есепті шығар Әрбір топқа екі тәрелке және қалтаға салынған 6 қызыл алма мен 4 жасыл алма таратып беру. Тапсырма: 6 қызыл алма мен 4 жасыл алманы екі тәрелкеге бөліп салыңдар. Әр тәрелкеге қанша алма салдыңдар? 1) Барлық алма қалтада жатыр. Балалар қалтаның ішіне қарамай кез келген 2 алманы алып, тәрелкелерге 1-еуден бөліп салады. Екі тәрелкедегі алманың түстері сәйкес келмеуі мүмкін ( олай болатын болса оған мән бермейміз, алманы тең бөліп салса болды). - Өз әрекеттеріңді математикалық өрнек түрінде жазып көрсетіңдер. (6+4):2=5 2) Енді екі тәрелкеге алдымен қызыл алманы, сосын жасыл алманы тең бөліп салыңдар. -Өз әрекеттеріңді математикалық өрнек түрінде жазып көрсетіңдер. 6:2+4:2=5 -Енді екі өрнекті салыстырып көреміз.Нені байқадық? -Бірінші тәсілдің екінші тәсілден қандай айырмашылығы бар? (Бірінші тәсілде алдымен екі санның қосындыны тауып 2-ге бөлдік; екінші тәсілде әрбір қосылғышты жеке –жеке 2-ге бөліп, мәндерін қостық.) - Біздің мақсатымыз тең бөліп салу ма еді? (ия) - Шешу тәсіліміз ше? (әртүрлі) - Біз, енді мына мысалды шығара аламыз ба? (40+24):4= ? (ия) Тақтаға бір оқушы шығып түсіндіре отырып шығарады. (40+24):4= 40:4+24:4=10+6=16 Сөздік бағалау жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Өте жақсы» т.с.с. -Сонымен, қосындыны санға бөлу үшін: 1) Жақшаның ішіндегі қосындыны тауып, содан соң бөлуді орындаймыз. (а + b) : с 2) Әр қосылғышты осы санға бөліп, содан соң нәтижелерін қосамыз. (а + b) : с = а : с + b : с. Ойлан, топтас, талқыла (Т.Ж) Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру. Оқушылар тапсырманы алдымен өзі орындайды, сосын топтасып ортақ шешімге келеді. Ламинатталған параққа жазады. Топтар бір –бірімен парақтарын ауыстырып, тексереді. Бұл тапсырма арқылы қосындыны санға көбейту және бөлу кезінде тиімді тәсілді таңдау қажет деген қорытындыға жетелеу. Тапсырма: Бөлінгішті 3-ке бөлінетіндей екі қосылғыштың қосындысы түрінде жаз және шығар. Бөлуді көбейтумен тексер. 1-топ 39:3= 2-топ 52:4 = 3-топ 84:2= 4-топ 75:5= Геометриялық фигура арқылы бағалау Дұрысын тап (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма беру. Оқушылар жұптасып тапсырманы оқиды, талдайды.Бірнеше есептің жауабын ұсыну. Жұптар есептің дұрыс екі тәсілін табады, жауабымен сәкестендіреді. Кейбір жұптардан өз жауабын түсіндіруді ұсыну.Бұл тапсырма арқылы оқушылар айнымалысы бар өрнек құрастыру дағдысын бекітеді. Тапсырма Бір кітаптың бетті, ал екінші кітаптың в беті бар. Ербол бір күнде 8 бет оқыса, екі кітапты неше күнде бітіреді? «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Есепті шығар (Т.Ж) Әрбір топтық тапсырма жазылған таратпа қағаз беру. Оқушылар есепті топта оқып, талдайды. Есептің не туралы екенін табады. Не белгілі, не белгісіз екенін анықтайды. Есептің шартын, сұрағын шешуін, жауабын жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Қате кеткен жері болса қол шапалақтау арқылы білдіреді. Талдау жасалады. Топтар бірін- бірі жауап парағы арқылы бағалайды. Әрбір дұрыс жауабы 1 ұпай. Тапсырма: Мұғалімде 41 дәптер болды. Ол 9 дәптерді үстелінің үстіне қалдырды да, қалғандарының әрқайсысына 4 дәптерден оқушыларға таратты. Сонда неше бала дәптер алды? Бағалау парағы
Периметрін тап (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар жеке орындайды. Сосын жұптасып дәптерлерін ауыстырады. Бір – бірінің дәптерлерін тексеріп, бағалайды. Кейбір оқушылардың жұмыстарын түсіндіріп беруін ұйымдастыру. Тапсырма: Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолданып, ұзындығы 5см, ал ені 3см тік төртбұрыштың периметрін тап. Геометриялық фигура арқылы бағалау Салыстыр (Ж.Ж)Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеріп, бағалайды. Оқушылар қосындыны санға бөлу дағда-сын бекітеді. Тапсырма: (16 + 30) : 3 < 16 : 3 + 30 16 : 2 + 22 : 2 = (16 + 22) : 2 12 : 4 + 36 > (12 + 36) : 4 (72 + 8) : 8 = 72 : 8 + 8 : 8 Геометриялық фигура арқылы бағалау | Слайд №7-11 Слайд №12,13 Слайд №14,15 Слайд №16 Слайд №17,18 Слайд№19 Слайд№20 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс -Екі санның қосындысын қандай да бір санға бөлу үшін не істеу керек? -Бөліндіні қосындымен қалай алмастыруға болады? -Екі өрнекті салыстырғанда не байқадың? -Бұл өрнектерді есептегенде қай тәсіл ең қолайлы? Рефлексия «Дана ағашы» Жасыл жапырақ - мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын, менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл жапырақ - мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. | Слайд№21 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?