17∙5; 96:6; 84:4 түріндегі көбейту және бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

90 сабақ. Тақырыбы: 17∙5; 96:6; 84:4 түріндегі көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96:6 75:15 84:4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Алгоритмді қолданып, көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың көпшілігі:

Түсіндіре отырып, көбейту мен бөлуді орындайды.

Оқушылардың кейбірі:

Есептеулер жүргізгенде көбейтудің терімділік және үлестірімділік қасиеттерін қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Кестеден тыс жағдайлардағы көбейту мен бөлудің

ауызша есептеу алгоритмін түсіндіре алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: разрядтық қосылғыштар, көбейту, бөлу, ауызша есептеу

алгоритмі.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

  • Өрнектердің мәндерін қалай табуға болады?
  • Алгоритмді қолданып, қалай есептеуге болады?
  • Көбейтудің қандай қасиеттерін қолдандық?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Музыка

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қосындыны санға көбейту және бөлу. Есептерді шығар

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі сәрсенбі күнің

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестікке толсын!

Топқа бірігу Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу. «Қосу», «Азайту», «Көбейту», «Бөлу».

Кіріспе тапсырма

«Алақай, көбелек аулаймыз!»

(Ұ.Ж) Сабақты «Алақай, көбелек аулаймыз!» ойыны арқылы бастау. Торға мәні тек 7- ге тең болатын көбелектер ғана түседі. Ал қалған өрнектерді разрядтық қосылғыштарға жіктейді. Бұл ойын арқылы сандардың разрядтық құрамдарын қайталайды.

Әрі қарай оқушыларға 16∙5; 96:6; түріндегі көбейту және бөлуді есептеудің әр қадамын ұсыну.

-16 санын разрядтық қосылғыштарға жікте: 10+6;

-көбейтіндіні жаз: (10+6)∙5;

-әр қосылғышты 5-ке көбейт;

-көбейтінділердің мәнін қос:(80-ке тең)

-қандай қорытынды шығаруға болады?

-96 санын ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде жаз: (60+36);

-әр қосылғышты 6-ға бөл;

- бөлінділердің мәндерін қос: (16-ға тең).

-қандай қорытынды шығаруға болады?

Сөздік бағалау «Жарайсың», «Жақсы», «Керемет» т.с.с

Слайд №2

Слайд№3

Слайд №4

Сабақтың ортасы

Түсіндіре отырып, шығар

(Ж.Ж) Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға өрнек жазылған тапсырма таратып беру. Оқушылар алдымен жеке шығарады. Содан соң жұптасып

бір – бірінің тапсырмасын тексереді. Кейбір оқушылардан шығару жолын түсіндіріп беруін сұрау. Берілген есептеу тәсілдеріне сүйене отырып, оқушылар ереже құрады.

1.Қосындыны санға көбейту үшін әр қосылғышты санға көбейтіп, шыққан көбейтіндінің мәндерін қосамыз.

2. Қосындыны санға бөлу үшін әр қосылғышты санға бөліп, шыққан бөліндінің мәнін қосамыз.

Тапсырма:

12∙3 18∙5 14·6 17∙6 15·9

36:2 42:3 56:4 87:3 57:3

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Есептер

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды. Содан соң топтасып, ортақ шешімге келеді. Ламинатталған параққа жазады. Топтар бір –бірімен жұмыстарын ауыстырады. Дайын жауап арқылы салыстыра отырып, тексереді.

Тапсырма:

а)Тігінші бірдей 5 көйлекке 15 түйме қадады. Әрбір

көйлекке неше түйме қадады?

ә) 6 тоқашты тәрелкеге тең бөліп салды. Егер әр тәрелкеде

2 тоқаштан болса, тәрелке нешеу?

б) Анасы 3 баласының әрқайсысына 5 алмадан берді.

Анасында қанша алма болған?

в) Бір қорапта 26 парақ бар. Осындай 7 қорапта қанша парақ бар?

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Сұрағын қой

(Т.Ж) Оқушылармен топық жұмыс жасау. Берілген тапсырманы оқиды, есептің сұрағын ойлап табады. Есепті шығарады. Әрбір топтан бір оқушы шығып, қорғайды. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді. Қателескен жері болса түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Тапсырма:

Есептің шартын оқы. Сұрағын ойлап тап. Сызба немесе қысқа шартының көмегімен шығар.

Жиһаз сататын дүкенде 45 қызыл түсті және 31 қоңыр түсті жұмсақ орындықтар 2 қатарға тең бөлініп қойылған.

«Смайлик» арқылы бағалау

(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы жеке шығарады. Жұптасып, дәптерлерін ауыстырады. Бірін –бірі тексеріп, бағалайды. Бірнеше оқушыдан өз жауабын сұрау.

Тапсырма: 80 санын 8-ге бөлінетіндей ондық бірлік түрінде жаз(барлық мүмкін болатын жағдайды). Мысалды шығар.

80 : 8 =

80 : 8 =

80 : 8 =

80 : 8 =

«Бағдаршам» арқылы бағалау

Сәйкестендір

(Ж.Ж)Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Оқушылар мысалды жауабымен бағыт сызығы арқылы сәйкестендіреді.Дайын жауап бойынша өзін –өзі тексереді.

Тапсырма:

Сәйкестікті тап және есепте. Мысалды жауабымен бағыт сызығы арқылы қос.

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізу

Теңдеуді шеш

(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы жұбымен орындайды.

Теңдеуді шешеді. Келесі жұппен дәптерлерін ауыстырады.

Дайын жауабы арқылы тексеріп, бағалайды. Бұл тапсырма өткен сабақта меңгерген дағдыларды бекітуге арналған.

Тапсырма:

а) x ·7=91 б) 70:x=5 в) 2·x=68

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Слайд №5,6

Слайд№7,8

Ламинатталған парақ

Слайд№9,10

Слайд№11,12

Слайд№13

Слайд№14

Сабақтың соңы

Рефлексия

Не білдім?

«Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.

Баспалдақтар:

«Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Маған көмек керек!»

Слайд №15



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу