Көбейтіндіні санға бөлу. Есептерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№94 сабақ. Тақырыбы: Көбейтіндіні санға бөлу. Есептерді шығару

Оқу мақсаты:(Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.9 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.

3.2.1.3 көбейтудің үлестірімділік және терімділік қасиеттерін әріпті теңдік түрінде: (ab)c=a(bc);

Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; қима қағаз, бағалау парағы

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Екі көбейткіштің көбейтіндісін санға бөлу үшін осы санға кез келген көбейткішті бөлеміз (егер бөлумүмкін болса) және бөліндіні екінші көбейткішкекөбейтеміз: (a · b) : c = (a : c) · b = a · (b : c).

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе

«Нысана»

(Ұ.Ж)Сабақты «Нысана» ойыны ойнау арқылы көбейту кестесін еске түсруден бастаңыз. Нысанаға мәні тоғыз болатын өрнектің жебесі ғана тиеді.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»т.с.с

Суретті жұмбақ

(Ұ.Ж.) Сабақты суретті жұмбақты шешу арқылы жалғастырыңыз. Оқушылар суретті жұмбақтың шешуін табады.

Шешуі: көбейтінді

- Көбейтіндіні санға қалай бөлуге болады? (Оқушы пікірін тындау)

-Бүгінгі сабақта не туралы айтамыз деп ойлайсыңдар?

Есепті шығарып көр

(Т.Ж.) Сабақты әрбір топқа әртүрлі тапсырма таратып беруден бастаңыз. Оқушылар алдымен есепті түсініп оқиды.Оқушылар қажет болған жағдайда есептің сызбаларын сызып, қандай амалдар қолдану керектігін талдайды. Ортақ шешімге келіп, ламинатталған парақтарға қысқаша шартын немесе сызбасын, шешуін, жауабын жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, келесі топқа түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Дайын жауап арқылы оқушылар тексеріп, бағалайды.Оқушылар бұл тапсырмаларды арқылы көбейтіндіні санға бөлуге байланысты есесптерді шығаруды үйренеді.

Жауабы:

1-топ 20кг

2-топ 6кг

3- топ 16кг

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

(ЖЖ) Жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Есептерді екі тәсілмен шығарады ұсыныңыз. Есепті шығарған соң, бірнеше жұпқа өз шешімдерін тақтаға жазып көрсетеді. Екінші тапсырманы өз бетінше орындауды ұсыныңыз.

Жауабы:

1-тәсіл (4·30):15=120:15=8 (қ)

2- тәсіл (4·30):15=30:15·4=8(қ)

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз

Есеп құрастыр

(Т.Ж) Оқушыларға өрнек жазылған тапсырма беріңіз. Оқушылар өрнек бойынша есеп құрастырады. Құрастырған есептерінің қысқаша шартын немесе сызбасын ламинатталған параққа жазады. Есепті шығарады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып өз есептерін ұсынады. Топтар бір –бірін жауаптарын салыстыра отырып тексереді.

Өрнек бойынша есеп құрастыр және шығар.

Жауабы: (60·2):3=60:3·2=40

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Амалдарды орында

(Ө.Ж) Өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға мысалды өз бетінше шығаруды ұсыныңыз. Тапсырманы орындаған соң оқушылар дәптерлерін бір-бірімен ауыстырады. Дайын жауап арқылы өзара тексеру жүргізеді сұраңыз.

Жауабы:59, 96, 99, 17

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Ақиқат немесе жалған

(Ұ.Ж.) Оқушыларға есепті оқып беріңіз. Ал оқушылар оның ақиқат не жалған екендігін анықтайды. Өздерінің таңдауларын олар «А» - «ақиқат» - ақиқат бекіту, «Ж» - «жалған» - жалған бекіту таратпа қағаздары арқылы көрсетуді сұраңыз.

Жауабы:

А) (А)

Ә) (Ж)

Б) (А)

В) (А)

Г) (Ж)

«Отшашу» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз

Рефлексия

Сабақ соңында «Еркін микрофон» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

- Көбейтудің қандай қасиеттерін білесің?т.с.с.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу