Қалдықпен бөлу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№95 сабақ. Тақырыбы: Қалдықпен бөлу

Оқу мақсаты:(Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; қима қағаз,

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта қалдықпен бөлуді үйренеді. Қалдықпен бөлуде нәтижені екі санмен жазады. Бірінші санды– толық емес бөлінді, екіншісін – қалдық деп атайды. Қалдықпен бөлу кезінде бөлінгішке жақын, бөлгішке қалдықсыз бөлінетін санды табу керек. Бірақ қалдық үнемі бөлгіштен кем болатынын есте

сақтау қажет.

Сабақ бойынша ұсыныстар:

Кіріспе тапсырма.

Ауызша есептеу

(Ұ.Ж)Тақтаға мысалдар жазып қою.Оқушылар кезектесіп шығарады.

Жауабы:2,6, 1, 18, 3,

-Мына мысалдарда қандай ұқсастық бар?(бөлу амалы)

-Бөлудің компоненттерін еске түсірейік: (бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді)

-Қай мысалды шығару оңай болды? Неге?(30:5, 26:26, 24:12)

Қай мысалды шығаруда қиындықтар болды? Неге? ((12+14):2; (36-12):8)

-Қай мысалды шығара алмадық? (7:2)

-Неге? (Қалдықпен бөлінеді)

-Ендеше, бүгін қалдықпен бөлуді үйренеміз.

* 7дәптерді оқушылардың әрқайсысына 2 дәптерден бөліп бер?

-Неше оқушы дәптер алады? (3 оқушы)

-Қанша дәптер артылып қалды? (1 дәптер)

7:2=3(1 қалдық)

1<3

Бұл былай оқылады:

1-тәсіл: 7-ні 2-ге бөлгенде 3 шығады және 1 қалады.

2-тәсіл: Бөлінгіш 7, бөлгіш 2, бөліндінің мәні 3, қалдық 1.

Тексеру: 7 = 2 ∙ 3 + 1

*Есте сақта!

Қалдық бөлгіштен үнемі кем болады.

(Т.Ж) Сабақты топтық жұмыс арқылы жалғастыру.Оқушылар берілген тапсырманы топта талқылап, есептің өрнегін жазып, қалай оқылатының түсіндіреді. Топтар арасында өзара тексеру ұйымдастырыңыз. Әрбір топқа 15 жаңғақтан (жоқ болса суретін) таратып беріңіз .

Жауабы:

1-топ

7 қалдық 1

2-топ

3 қалдық 3

3-топ

2 қалдық 3

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Мысалды шағар

(Ж.Ж) Оқушыларға тапсырманы жұпта орындуды ұсыныңыз. Суретті пайдаланып, бөліндінің мәні мен қалдықты табады.Тапсырманы орындаған соң, оқушылар жұптар дәптерлерін ауыстырады. Бір –бірінің дәптерін өзара тексереді.

Жауабы: 5 (қалдық1), 6 (қалдық1), 4 (қалдық1)

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз

Шығарып көр

(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.

Оқушыға тапсырманы жеке орындауды ұсыныңыз. Орындап болған соң, дайын жауап арқылы өзін – өзі тексереді. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қалдықпен бөлу туралы алған білімдерін тиянақтай түседі.

Жауабы: 30=7· 4 + 2 60=7· 8 + 4

50=7· 7 + 1 40=7 ·5 + 5

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Қалдықпен бөлуді орында

(Ж.Ж)Оқушыларға тапсырманы жұппен орындауды сұраңыз. Саралау мақсатында жекелеген оқушылар мысалды өз бетінше шығарады.Тапсырманы орындап болған соң, кейбір жұптар және жекелеген оқушылар қалай орындағанын түсіндіреді. Оқушылар бұл тапсырма арқылы қалдықпен бөлуді үйренеді.

Жауабы:

40:13=3 (қалд.1) 50:12=4 (қалд.2)

37:12= 3(қалд.1) 63:15=4(қалд.3)

78:14= 5(қалд.8) 82:13=6(қалд.4)

«Смайлик» арқылы бағалау жүргіңіз

Бұрыштар

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Сыныптың төрт бұрышына мүмкін болатын төрт жауабын орналас-тыру. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді.

Жауабы:

1) 12:4=3 –көйлек

2) 14:4=4 – көйлек

3) 20:4=5- көйлек

4) 23:4=5-көйлек, 3м мата артылып қалады.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойлан, тап

(Т.Ж) Әрбір топқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы ламинатталған параққа жазады.Әрбір топтан бір оқушы шығып өздері құрастырған мысалдырын оқып, қорғайды. Басқа топтар мысалдың дұрыс құрылып, шығарылғанын тексереді. Бұл тапсырма арқылы қалдықпен бөлу туралы дағдысын қалыптастырады.

Жауабы:

1-топ

8:6=1(қалд.2) 14:6=2(қалд.2) 20:6=3(қалд.2) 26:6=4(қалд.2) 32:6=5(қалд.2)

38:6=6(қалд.2) 44:6=7(қалд.2) 50:6=8(қалд.2) 56:6=9(қалд.2) 62:6=10(қалд.2)

2-топ

9:7=1(қалд.2) 16:7=2(қалд.2) 23:7=3(қалд.2) 30:7=4(қалд.2) 37:7=5(қалд.2)

44:7=6(қалд.2) 51:7=7(қалд.2) 58:7=8(қалд.2) 65:7=9(қалд.2) 72:7=10(қалд.2)

3-топ

10:8=1(қалд.2) 18:8=2(қалд.2) 26:8=3(қалд.2) 34:8=4(қалд.2) 42:8=5(қалд.2)

50:8=6(қалд.2) 58:8=7(қалд.2) 66:8=8(қалд.2) 74:8=9(қалд.2) 82:8=10(қалд.2)

4-топ

11:9=1(қалд.2) 20:9=2(қалд.2) 29:9=3(қалд.2) 38:9=4(қалд.2) 47:9=5(қалд.2)

56:9=6(қалд.2) 65:9=7(қалд.2) 74:9=8(қалд.2) 83:9=9(қалд.2) 92:9=10(қалд.2)

«Басбармақ» әдісі арқылы бағалау жүргізіңіз

Рефлексия

Сабаққа «Табиғат» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз

Күн - мен бәрiн түcіндім

Бұлтты күн - түcіндім, бiрақ ...

Жaңбыр - мағaн әлi де көмeк қажет.

(Ұ.Ж) «Тұрағы қай жер?» ойыны арқылы көбейту кестесін қайталаудан бастаңыз. Оқушылар көбейту және бөлуге берілген мысалдарды ауызша тез, әрі шапшаң орындайды.

-Мәндерін кему ретімен орналастыр.

-Қандай сөз шықты?

-Бекіту.

-Сендер ойын барысында көбейту және бөлу кестесін бекітуге арналған мысалдарды шығардыңдар.

-Келесі тапсырмаға қараймыз. 42:14

- Мәнін бірден таба аласыңдар ма? (Бұл сұраққа барлық бала жауап бере алмауы мүмкін)

-Неге? (екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөле алмаймыз)

-Ендеше, бүгін екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлуді үйренеміз.

42:14 Бөліндінің мәнін таңдап алу тәсілімен іздеп табу.

-42-ні 14-ке бөлу үшін, 14-ке көбейткенде 42-кі шығатын санды табу.

Тексеруді 2 саныннан бастау.

2 санын аламын 14-ке 2-ні көбейтсек 28 шығады. Сәйкес келмейді.

3 санын аламын 14-ке 3-ті көбейтсек 42 шығады. Сәйкес келеді.

Демек, 42-ні 14-ке бөлсек 3 шығады. Жауабы: 3

Оқушылар екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлгенде жіктеу әдісін қолданған ыңғайлы екенін үйренеді.

Келесі тәсілмен де табуға болады. 72:36

-72 санының бірлігі 2, 36 санының бірлігі 6 демек,6 санының көбейту кестесінен 2-ге аяқталатын сандарды табамыз.Ол қандай сандар? (12,42)

72:36 бұл 2;7 саны 2∙6=12 және 7 ∙6=42

-Сонымен, екі санды тексеріп көреміз.

36∙2=72, сәйкес шықты. Жауабы: 2

Бөліндіні тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма беру арқылы сабақты жалғастырыңыз. Оқушылар кезекпен жіктеу әдісін қолданып мысалдарды шығарады. Мысалдарды шығарған соң, жұптар дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы бір- бірінің жұмыстарын салыстыра отырып, тексеруді ұйымдастырыңыз. Қателескен оқушымен жеке жұмыс жүргізіңіз.

Жауабы:

96 : 16 =6 50 : 25 =2 45 : 15 =3

42 : 14 =3 32 : 16 =2 60 : 15 =4

48 : 16 =3 51 : 17 =3 38 : 19 =2

54 : 18 =3 70 : 14 =5 90 : 45 =2

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Есепті шығар

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар есепті алдымен жұпта оқып, талқыласың. Сосын топта бірігіп, ортақ шешімге келеді. Ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Қалған оқушыларға салыстыра отырып, тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:3 күнбағыс

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Салыстыру

(Ж.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Шығарып болған соң сағат тілінің бағытымен дәптерді ауыстырып, бір – бірінің қатесін тексеруді сұраңыз.

Жауабы:

77 : 11 > 84 : 42

99 : 33 > 24 : 12

52 : 26 < 100 : 25

46 : 23 < 90 : 18

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Теңдеуді шеш

(Ж.Ж) Оқушыларға теңдеуді өзіндік жұмыс ретінде орындауды ұйымдастырыңыз.

Шығарып болған соң, жұптасып бір –бірінің дәптерін тексеруді сұраңыз.

Жауабы: x=3; x=26; x=16

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Сәйкестендір

(Ұ.Ж) Оқушылар тапсырманы тақтаға біртіндеп шығып орындауды ұйымдастырыңыз. Мәндері сәйкес келетін өрнектерді бағыт сызығы арқылы қосады, өз таңдауын түсіндіруді сұраңыз. Бұл тапсырма арқылы санның квадраты мен кубын есептеуді қайталайды.

Жауабы:

9² 81

5² - 4² 9

6² + 7² 91

64

4²+2² 20

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Тізбекті шеш

Оқушыларға бұл тапсырманы жеке орындауды сұраңыз. Шығарып болған соң дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп, бағалауды ұйымдастырыңыз. Бұл тапсырма арқылы есептеу дағдысын пысықтайды.

Жауабы:1

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Сабақ соңында «бір сөзбен» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз

-Есептеуді қалай орындау керек?

-Қандай тәсілдер қолданылды?

«Бір сөзбен» әдісі

- Оқушылар берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.

• Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу