Қалдықпен бөлу формуласы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№97 сабақ. Тақырыбы: Қалдықпен бөлу формуласы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Қалдықпен бөлу формуласын біледі;

Оқушылардың көпшілігі:

Қалдықпен бөлудің формуласы арқылы мысалдарды қалай шығаруды біледі;

Оқушылардың кейбірі:

Қалдықпен бөлуді әріптік жазба түрінде көрсете алады..

Бағалау критерийлері

Қалдықпен бөлудің формуласын түсіндіре алады;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: қалдықпен бөлу формуласы, қалдық, қалдық бөлгіштен аз.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

–Біртаңбалы санға қалдықпен бөлудің қалай орындалатынын айтып бер?

–Неге қалдық бөлгіштен кем?

–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Құндылықтар

Адамгершілікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қалдықпен бөлу алгоритмі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақ

тың басы

Психологиялық дайындық

Шырылдады қоңырау

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Табыс тілеп көзбенен

Жаңа білім алуға

Алға қадам бастаймыз

Кіріспе тапсырма.

Әріпті өрнек

(Ұ.Ж) Оқушылар берілген есепті оқып, шығарады. Шешуін ламинатталған парақты пайдаланып, бір қатарға жазады. Дайын жауап арқылы өзің –өзі тексереді.

  • Тапсырма:
  • 1)Гүлнарда 15, ал Сәуледе одан а есе кем ашықхаты бар. Сәуледе қанша ашықхат бар?
  • 2)Бидонда 20 л сүт бар. Бұл банкадағы сүттен а есе артық.Банкада неше литр сүт бар?
  • 3)17 кг кәмпитті теңдей етіп а қорапқа салды. Бір қорапта қанша килограмм кәмпит бар?
  • Шешуі:

15:а

20:а

17:а

-Бұл өрнектердің қандай ұқсастығы бар?

(1.Әріпті өрнек; 2. Бөлінгіші- екі таңбалы сан; 3.Бөлгіш – а; 4.Бөлінді)

- Әріпті өрнектің мәні қандай сан болуы мүмкін?(кез келген натурал сан)

-Ендеше, а=5 деп алып, өрнектің мәнін табамыз.Оны екінші қатарға жазамыз.

Дайын жауап арқылы тексеру.

15:5=5

20:5=4

17:5=3 (қалдық 2)

-Қандай ұқсастық пен айырмашылығы бар?

-17:5 өрнегі қалдықпен бөлінеді.

17-бөлінгіш, 5-бөлгіш, 3- бөлінді, 2- қалдық

(Т.Ж) Әрбір топқа графикалық моделі бар таратпа қағаз беру.Оқушылар графикалық моделі бойынша бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді, қалдықты табады. Сәйкес келетін санды теңдікті жазады. Дайын жауап арқылы өзара тексереді.

Тапсырма:

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

(Т.Ж) Әрбір топқа графикалық моделі бар таратпа қағаз беру. Оқушылар графикалық моделі бойынша теңдікті тексереді және бөлінгіш-а, бөлгіш-b, бөлінді-c, қалдық-r деп алып, сызбасын сызады.Кейбір оқушыға түсінікті болу үшін сұрақтар қояды.

-Бұл теңдіктерге ортақ нені байқадық? Қалдықтың мәні қандай сан болуы мүмкін? (бөлгішет кем сан)

Тапсырма:

А) 16=3·5+1 а=□ b=□ c=□ r=□

Ә) 17=6·2+5 a=□ b=□ c=□ r=□

Б) 15=4·3+3 a=□ b=□ c=□ r=□

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Слайд №2

Слайд №3,4

Слайд

№5

Слайд №6

Слайд №7,8

Сабақ

тың ортасы

Сызбаны пайдаланып қалдықпен бөлудің формуласын құрастырып көр. Осы формуладағы қалдық r мен бөлгіш b салыстыр.

a=□·□+□, r□b

а санын b санына бөлгенде, а санында b саны неше рет келетіні анықталады:

а = b ∙ c + r, r <b

бөлінгіш бөлгіш бөлінді қалдық

Бұл теңдікті қалдықпен бөлудің формуласы деп атайды.

Мысалы: Белгісіз санды 8-ге бөлгенде, бөліндінің мәні -6, қалдық-3 болды.

Бөлінгішті тап.

Шешуі: b=8, c=6, r=3 a мәнін табу керек.

Формула бойынша табамыз: а= b∙c+r=8·6+3=51

Формула

(Ж.Ж)Жұптық жұмысқа арналған таратпа қағаз таратып беру. Оқушылар тапсырманы жұптасып орындайды. Ламинатталған параққа

жазады.Тапсырманы орындаған соң оқушылар арасында өзара тексеру жүргізу. Қалдықпен бөлудің формуласын жазуларын сұрау. Формуланың көмегімен әріптердің орнына сандарды қойып, а бөлінгішін табуды ұсыну. Тапсырма орындаған соң, оқушылар арасында өзара тексеру жүргізу.

Тапсырма:Қалдықпен бөлудің формуласын жаз. Осы формуланы пайдалана отырып а мәнін тап.

  • b=7, c=4, r=1; 2) b=8, c=9, r=6.

«Смайлик» арқылы бағалау.

Орындап көр

(Ж.Ж)Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырманы таратып беру.

Оқушылар тапсырманы орындайды.Кейбір оқушылардан тақтаға түсіндіріп беруін сұрау.

-Егер қалдық 0-ге тең болса, формулада не өзгереді?

(формула a= b · c болып өзгереді)

Тапсырма: Қалдық 0 болған жағдайдағы формуланы жаз. Ол кезде a, b, c мәндерін қалай айтамыз?

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Тамаша» т.с.с.

Есепті шығар

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар есепті талдайды, шешуін ламинатталған параққа жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып,есептің шығару жолын түсіндіреді.Қалған топтар бір- бірін салыстыра отырып тексереді.

Тапсырма:

а) Қоймаға 48т астықты жеткізу керек. Ол үшін 5 тонналық қанша жүк машинасы қажет болады және қанша тонна астық артылып қалды?

ә) Бір қап қант 49кг болды. Осы қантты әрқайсысы 2кг –дық қанша қалтаға салуға болады және неше килограмм қант артылып қалады?

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Ойлан, жұптас, бөліс

(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды. Содан соң көршісімен жұптасып ортақ шешімге келеді.Топта бөлісіп, ламинатталған параққа жазады. Тақтаға шығып қорғайды. Бұл тапсырма арқылы қалдықпен бөлу дағдысын қалыптастырады.

Тапсырма:

25:3= 34:8= 37:7=

44:6= 17:2= 83:9=

Тест

(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың қалдықпен бөлу туралы алған білімін анықтау.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң жұбымен тапсырмасын ауыстырады. Дайын жауабы арқылы тексереді.

Тапсырма:

1)Бөліндінің мәнін тап: 8:3

а) 2(қалдық 2) б) 2 (қалдық 1) в) 2 (қалдық 3)

2) Қай мысалдың жауабы дұрыс?

а) 15:7=2 (қалдық 1) б) 15:7=2(қалдық 2) в) 15:7=3(қалдық 1)

3) Қалдықпен бөлудің формуласын тап

а) а= b∙c+r б) а= b∙c в) Р= а·в·с

4) Қалдық бөлгіштен қандай болу керек?

а) r >b б) r<b в) r=b

5) Бөлгіш -15, бөлінді-6, қалдығы -9. Бөлінгішті тап.

а) 90 б) 99 в) 30

Ұпай саны арқылы бағалайды.

Оқушының-аты -жөні

1-сұрақ

1-ұпай

2-сұрақ

1-ұпай

3-сұрақ

1-ұпай

4-сұрақ

1-ұпай

5-сұрақ

1-ұпай

Барлық

ұпай саны

Слайд №9

Слайд

№10,11

Слайд№12

Слайд№13

Слайд №15

Слайд

№16,17

Сабақ

тың соңы

Кері байланыс

-Қалдық бөлгіштен үлкен сан бола ала ма?

-3-ке бөлгенде қандай қалдық қалуы мүмкін?

Рефлексия

«Ашық микрафон» әдісі арқылы жүргізу

Оқушылар қолдарына микрофон ұстап, өткен сабаққа байланысты сұрақ қояды, екінші оқушы жауап береді.

.

Слайд №17



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу