Қалдықпен бөлу. Есептерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№98 сабақ. Тақырыбы: Кестеден тыс көбейту және бөлу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу.

Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Қалдықпен бөлу – бір натурал санды екінші санға бөлгенде, қалдық нөлге тең болмайтындай етіп бөлу. Қалдықпен бөлгенде, қалдық үнемі бөлгіштен кем болуы керек. Қалдықпен бөлуді қалай бөлуге болады?

1. Толымсыз бөліндіні бөлгішке көбейту керек.

2. Алынған нәтижеге қалдықты қосу керек.

3. Алынған нәтижені бөлінгішпен салыстырамыз.

Егер бөлінгіш бөлгіштен кіші болса, бөлінді нөлге, ал қалдық бөлінгішке тең болады

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе тапсырма

Карусель

(Т.Ж) Сабақты оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беруден бастаңыз.Әр топқа үстіңгі бөлігінде есеп жазылған флипчарт және кейін жауаптар қай топқа тиісті екендігін оңай анықтау үшін арналған түрлі түсті маркерлер тартып беріңіз. Әр параққа әр түрлі есептер жазуды тапсырыңыз. Оқушылар есепті оқып, талдау жасайды. Есепті шығарады. Одан кейін топтар парақтармен алмасып, келесі есепті шығарады. Оқушылар алдыңғы топтың шығарған есебін оқып, олармен келісетіндіктерін талқылайды. Егер олар келісетін болса, белгі қояды. Егер келіспесе, өз шешімдерін жазады.Топтар бір- бірінің есептерін тексеріп шыққанша, карусель жалғаса береді.

Есептер жәрменкесін ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

1-топ

73:8=9 (қалд.1)

2-топ

65:3=21(қалд.2)

3-топ

97:24=4(қалд.1)

4- топ

13:4=3(қалд.1)

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жақсы», «Керемет» т.с.с

Қатесін тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар берілген мысалдардың ішінен қате шығарылғандарын табады да, қатені түзетіп, қайтадан шығарады. Саралау мақсатында кейбір оқушыларға мысалдарды жеке шығаруды ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болған соң, бірнеше жұптан және жеке оқушыдан сұраңыз. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді.

Жауабы: 11 (қалдық 3), 8 (қалдық3), 2 (қалдық2), 3 (қалдық1), 0 (қалдық6), 11(қалдық2)

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Кестені толтыр

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған кестені таратып беріңіз.Оқушылар тапсырманы жұпта шығарады. Жауабын кестеге жазады. Келесі жұппен парағын ауыстырады. Өзара бір-бірінің жұмыстарын тексереді.Бұл тапсырма арқылы қалдықпен бөлуге арналған есептер шығару дағдысын пысықтайды.

Жауабы:

19м

15м

23м

17м

Көйлек саны

9(қ.1)

7(қ.1)

7(қ.2)

5(қ.2)

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Есепті шығар

(Ж.Ж) Оқушыларға есепті жеке шығаруды ұсыныңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қалдықпен бөлудің формуласын қайталайды. Саралау мақсатында оқушыларға есепті өз бетінше орындауға тапсырма беріңіз. Есепті оқып, талдау. Шығарған соң, өзара жұптар арасында тексеруді сұраңыз.

Жауабы: 12кг жеміс

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Тыңдап отырған үштік

(Т.Ж) Оқушылар үшеуден отырады, екеуі қарсы, ал біреуі сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір есептің шартын оқиды,талдайды. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады, түсіндіреді. Жазып алушы, есептің қысқаша шартын, шешуін, жауабын жазып алап, қорытындылайды.Келесі жолы рөлдер ауысады.

Жауабы: 50түрі өседі.

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Таза тақта

(Ұ.Ж) Оқушыларға алдымен кезектесіп қалдықпен бөлуге байланысты мысалдар құрастырып, тақтаны толтырып жазуды ұйымдастырыңыз. Содан кейін келесі оқушылар шығып, мысалдарды шығарып, өшіріп отырады. Соңында барлық мысалдарды шығарып бергенде тақта таза болып шығады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар көбейту және бөлу туралы алған білімдерін қайталайды.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Сабақ соңында «Кезбе тілші» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

-Не қиын болды?

-Сабақта жаңадан не білдіңдер?

-Сабақ ойдағыдай өтті ме?

-Сабақта не туралы айтылды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу