Қалдықпен бөлу. Есептерді шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№98 сабақ. Тақырыбы: Қалдықпен бөлу. Есептерді шығару

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.6.Бір таңбалы санға қалдықпен бөлуді орындау.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте, сызықтық/бағандық диаграмма, сызба, қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Қалдықпен бөлу формуласын қолдана алады;

Оқушылардың көпшілігі:

Бір таңбалы санды қалдықпен бөлуді орындай алады;

Оқушылардың кейбірі:

Натурал санға бөлгенде, үнемі қалдық бөлгіштен кем

болатынын дәлелдей алады.

Бағалау критерийлері

Қалдықпен бөлуді және неге қалдық бөлгіштен кем болатынын түсіндіре алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: қалдықпен бөлу формуласы, қалдық, қалдық бөлгіштен аз.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

–Біртаңбалы санға қалдықпен бөлудің қалай орындалатынын айтып бер?

–Неге қалдық бөлгіштен кем?

–Тексеруді орындау үшін не істеу керек?

Құндылықтар

Ұлтжандылыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Қалдықпен бөлу формуласы

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Психологиялық дайындық

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің,

Тату болсын арамыз.

Кіріспе тапсырма.

Карусель

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Әр топқа үстіңгі бөлігінде есеп жазылған флипчарт және кейін жауаптар қай топқа тиісті екендігін оңай анықтау үшін арналған түрлі түсті маркерлер тартып беру. Әр параққа әр түрлі есептер жазу. Оқушылар есепті оқып, талдау жасайды. Есепті шығарады. Одан кейін топтар парақтармен алмасып, келесі есепті шығарады. Оқушылар алдыңғы топтың шығарған есебін оқып, олармен келісетіндіктерін талқылайды. Егер олар келісетін болса, белгі қояды. Егер келіспесе, өз шешімдерін жазады.Топтар бір- бірінің есептерін тексеріп шыққанша, карусель жалғаса береді.

Есептер жәрменкесін ұйымдастыру.

Тапсырма:

1-топ

Үстелдің үстінде 73 қарындаш жатыр.Оны 8 қорапқа тең бөліп салды. Неше қорап керек болды, қанша қарандаш артылып қалды?

2-топ

Шеберханада 65 орындақ жасады. Оны 3 сыныпқа бірдей бөліп берді. Әр сынып неше орындық алды?

3-топ

Кітапханаға 2- сыныпқа арнап 97 оқулық келді. Әр сы-ныпта 24 оқушы болса, неше сынып оқулық алды?

4- топ

Сыныпқа 13 құмырадағы гүл әкелінді. Әр терезенің алдына 4 гүлден қойды.Сыныпта неше терезе бар?

Сөздік бағалау жүргізу «Жақсы», «Керемет» т.с.с

Слайд №2

Слайд

№3,4,5

Сабақтың ортасы

Қатесін тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Оқушылар берілген мысалдардың ішінен қате шығарылғандарын табады да, қатені түзетіп, қайтадан шығарады. Саралау мақсатында кейбір оқушыларға мысалдарды жеке шығарады. Тапсырманы орындап болған соң, бірнеше жұптан және жеке оқушыдан сұрау. Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді.

Тапсырма:

69:6= (қалдық 3) 66:5=13 (қалдық1)

75:9= (қалдық3) 12:5=1 (қалдық7)

4:8=0 (қалдық4) 13:4=3 (қалдық 4)

6:9=0 (қалдық 9) 46:4=11

«Смайлик» арқылы бағалау

Кестені толтыр

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған кесте таратып беру.Оқушылар тапсырманы жұпта шығарады.

Жауабын кестеге жазады. Келесі жұппен парағын ауыстырады. Өзара бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

Бұл тапсырма арқылы қалдықпен бөлуге арналған есептер шығару дағдысын пысықтайды.

Тапсырма:

19м

15м

23м

17м

Көйлек саны

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Есепті шығар

(Ж.Ж) Оқушылар есепті жеке шығарады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар қалдықпен бөлудің формуласын қайталайды. Саралау мақсатында оқушыларға есепті өз бетінше орындауға тапсырма беру. Есепті оқып, талдау. Шығарған соң, өзара жұптар арасында тексерту.

Тапсырма:

Балабақшаға а кг жеміс сатып алынды. Оның с топқа бөліп бергенен кейін, r кг жеміс қалды. Әр топ қанша килограмм жеміс алды? а=37, с=3, r=1

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Тыңдап отырған үштік

(Т.Ж) Оқушылар үшеуден отырады, екеуі қарсы, ал біреуі сәл алшақта – сөйлесуге қатыспайды, бірақ бақылайды.Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір есептің шартын оқиды,талдайды. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады, түсіндіреді. Жазып алушы, есептің қысқаша шартын, шешуін, жауабын жазып алап, қорытынды-лайды.Келесі жолы рөлдер ауысады.

Тапсырма:

Балды өсімдіктердің 250 түрі өседі. Оның бөлігі шырынды гүл. Шырынды гүлдің неше түрі өседі?

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Таза тақта

(Ұ.Ж) Оқушыларалдымен кезектесіп қалдықпен бөлуге байланысты мысалдар құрастырып, тақтаны толтырып жазады. Содан кейін келесі оқушылар шығып, мысалдарды шығарып беріп, өшіріп отырады. Соңында барлық мысалдарды шығарып бергенде тақта таза болып шығады.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Слайд №6,7

Слайд№8,9

Слайд

№10,11

Слайд 12,13

Слайд№14

Сабақтың соңы

Рефлексия

«Кезбе тілші» әдісі арқылы жүргізу

-Не қиын болды?

-Сабақта жаңадан не білдіңдер?

-Сабақ ойдағыдай өтті ме?

-Сабақта не туралы айтылды?

Слайд №15



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Josephviarm
    Josephviarm 14.09.2024 01:42
    0 + 0 -
    Стильные советы по выбору необычных луков на любой день.
    Обзоры профессионалов, события, все новые коллекции и мероприятия.
    https://ekbtoday.ru/news/2024-09-10-demna-gvasaliya-pereosmyslyaya-modu/