Күрделі теңдеулерді шешу. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу
№101 сабақ. Тақырыбы: Күрделі теңдеулерді шешу
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.
Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар
Сабақта қолданылатын деректі материалдар Бұл сабақта күрделі теңдеулерді шешуді бекіту керек. Мұндей теңдеуді шешу үшін алдымен амалдардың орындалу ретін анықтап, ең соңғы орындалатын амалды табу керек, белгісіз компонентті анықтап, оны табудың ережесін қолданып, теңдеудің түбірін тауып, тексеруді орындау керек
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе тапсырма
Сәйкестендір
(Ж.Ж) Сабақты жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беруден бастаңыз. Оқушылар тапсырманы жұбымен кезектесе отырып, теңдеуді шешеді. Содан соң теңдеу мен оның түбірін тауып сәйкестендіреді. Дайын жауап арқылы жұптар арасында тексеруді ұйымдастырыңыз.
Жауабы:
а)(18+а):3=14 а=24
ә)(16+а):4=9 а=20
б)(а+60):6=15 а=30
100-(а:24)=97 а=72
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Теңдеуді құр және шешуін тап
(Т.Ж) Әрбір топқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Оқушылар алдымен жұптасып теңдеуді құрады және шығарады. Содан кейін топта талқылап, ортақ шешімге келеді. Дұрыс теңдеуді таңдайды да, ламинатталған параққа жазады. Топтан бір оқушы шығып, теңдеуді құру мен түбірін табу жолдарын түсіндіреді. Басқа топтармен салыстыра отырып, тексеру жүргізеді.
1-топ
а=27
2-топ
а=30
3-топ
а=26
4-топ
а=18
«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Әріпті өрнекті салыстыр
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар әріпті өрнекті салыстырады. Саралау үшін жекелеген оқушыларға өз бетінше салыстыруларды құруды тапсырыңыз. Тапсырма орындаған соң жұптар бір –бірінің жұмысын тексереді. Содан кейін өрнекті құрастырған жекелеген оқушылардың жұмысын тексеріп, бағалау жүргізіңіз.
Жауабы:
25·b < b·52 28:c > c:4
x:12 < x·6 50:y < 4·y
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз
Конверттегі сұрақ
(Ұ.Ж) Әрбір оқушыға арнап конвертке мысалдар жазып салыңыз. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз. Оқушылар кезектесіп стикерде өз атын, мысалдың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқу (аттарын атамастан). Сынып оқушыларына жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылауды ұсыныңыз.
Жауабы:600,20,36,34,6,1000,10,172,70,193,396,100,228,400,9,60,800,1,12,11
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың», «Керемет», «Өте жақсы» т.с.с
Теңдеу арқылы шеш
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар есепті оқиды. Содан соң периметрдің формуласын еске түсіреді. Периметрдің формуласын пайдалана отырып, белгісіз қабырғасы b қалай табатындығын білеміз. Оқушыларға белгісіз қабырғасын теңдеу құру арқылы табуды ұсыныңыз.Теңдеуді құрады, шығарады, түбірін табады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар периметр туралы алған білімдерін пысықтайды.
Жауабы:
P=(a+b)·2
80=(24+b)·2
(24+b)·2=80
24+b=80:2
24+b=40
b=40-24
b=16
Жауабы: тіктөртбұрыштың ені 16 м.
«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз
Елші
(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз.Топтар тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, шығарған есепті түсіндіреді және жинақтайды, бұл туралы жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, білгендерін айтып береді. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Қалған оқушыларға салыстыра отырып тексеруді ұсыныңыз.
Жауабы:63кг
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Ойлан,тап
(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар жұбымен теңдеудің шешеді, түбірін табады. Жұптар сағат тілінің бағыты бойынша дәптерлерін ауыстырады. Дайын жауап арқылы бір –бірінің жұмысын салыстыра отырып тексереді.Қателескен оқушыларға жеке жұмыс жүргізуді ұйымдастырыңыз.
Жауабы:a)t=9 ә) x=49
«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу
Рефлексия
Сабақ соңында «Алма ағашы» арқылы рефлексия жүргізіңіз. Оқушыларға екі түсті “алма” беру. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.
Жасыл түсті алма – Мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі.
Қызыл түсті алма – Мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?