Теңдеулерді шешуді бекіту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу № 102 сабақ. Тақырыбы: Теңдеулерді шешуді бекіту | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.2.2.көбейту мен бөлуге берілген құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Құрылымы күрделі теңдеулер шешуді түсіндіру, сол жақ бөлігін жеңілдету, белгісіз компонентті атау, белгісіз компонентті табу ережесін біледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ғылыми тіл |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтар | Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Көркем еңбек | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Күрделі теңдеулерді шешу | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жоспарлан ған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Ойға толсын санамыз, Бестік болсын бағамыз. Баласындай бір үйдің, Тату болсын арамыз. Кіріспе тапсырма Сұрақты ұстап ал! (Ұ.Ж) Оқушыларға «Сұрақты ұстап ал!» әдісі арқылы белгісіз компоненттерді табуға сұрақтар қою. Оқушыларға сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтыру. Бұл сұрау оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Оқушылар жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беру. Сонымен қатар, бұл тапсырманы топпен де шешуге де болады. Фасольды қапшықты әрбір топқа кезек –кезек лақтыру. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда топ 3 ұпай алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа топқа 2 ұпайға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 ұпайға дейін төмендейді. Мысалы: 1.Белгісіз бірінші қосылғышты қалай табамыз? 2.Бөлінгішті табу үшін не істейміз? 3.Белгісіз көбейткішті қалай табамыз? 4.Бөлгішті табу үшін не істейміз? 5.Екінші қосылғышты қалай табамыз? 6.Азайғышты қалай табамыз? 7.Азайтқышты табу үшін не істейміз? 8.Әріпті өрнектің мәнін қалай табуға болады? 9. Санды өрнектің әріпті өрнектен қандай айырмашылығы бар? 10.Қосудың компоненттерін ата. 11.Көбейтудің компоненттерін ата. 12. Егер теңдеу күрделендірілген болса, не істеу қажет? т.с.с Ұпай саны бойынша бағалау
| Слайд№2 Слайд№3 фасоль салынған қапшықты кесте Слайд№4 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Қай қабатта тұрады? (Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру. Бұл тапсырма арқылы оқушылар теңдік, теңсіздік, әріпті өрнек, теңдеуді ажырата алу дағдысын пысықтайды. Оқушылар теңдік, теңсіздік, әріпті өрнек, теңдеуді өз қабатына орналастыру керек. Топта тапсырманы орындап болған соң, оқушылар тақтаға шығып, қорғайды. Топтар бір –бірін тексеріп, бағалайды. Тапсырма: х+26=40·2 (x-12·3)+5=30 38+y=y+38 (а+12):2 34-a+4 70·1=70+0 х+6 <20 45:r>3 b+4>c «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Есепті теңдеу құру арқылы шығар (Т.Ж)Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Оқушылар есепті топта оқып, талдайды.Алдымен есептің не туралы екенін біліп алады. Не белгілі, не белгісіз екенін анықтайды. Сұрақты оқиды. Ламинатталған параққа теңдеу құру арқылы шығару жолын жазады, теңдеудің түбірін табады. Топтар бір бірінің жұмыстарын ауыстырады. Тексеріп, бағалайды. Қате кеткен жағдайда кері байлансы беру арқылы қайта түсіндіру. Тапсырма: Айгүл сыныпты безендіру үшін саны бірдей түрлі -түсті және қатырма қағаз сатып алды. Ол 490 тг түрлі-түсті қағаз, ал 630 тг қатырма қағаз сатып алды. Егер бір түрлі- түсті қағаз 70 тг тұрса, бір қатырма қағаз қанша теңге тұрады? «Смайлик» арқылы бағалау Кестені толтыр (Т.Ж) Оқушыларға тапсырма жазылған кесте таратып беру.Оқушылар топта кезектесіп шығарады. Тапсырманы шығарып болған соң топтар бір- бірімен тапсырмаларын ауыстырып, дайын жауап арқылы тексереді. Бұл тапсырма арқылы күрделі теңдеуді шешу дағдысын пысықтайды. Тапсырма:
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Салыстыр (Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.Тапсырманы алдымен жеке орындайды, сосын жұбымен дәптерін ауыстырып бірін –бірі тексереді. Бұл тапсырманы орындау арқылы өрнектерді салыстыруды қайталайды. Тапсырма: 45 · а* а · 45 с: 1 * с· 1 у : 8 * у: 16 (13+ у) · 2 * 13+ у · 2 70 : х * 90 : х (с + х) : 5 * с : 5 + х : 5 «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу Ойлан, тап (Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Орындап болған соң дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеріп, бағалайды. Бұл тапсырма арқылы оқушының өз бетінше жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Тапсырма:Түбірін тауып көр. а) х · х + 8 =12 ә) y ·4 +y · 2 = y · 6 «Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу | Слайд№5
Ламинаттал ған парақ Слайд№ 6,7 Слайд№8 кесте Слайд№9,10 Слайд№11 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия «Тазалық» -Бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданға салу (жазу). -Бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салу (жазу). -Бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салу (жазу). | Слайд 12 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?