Әріпті өрнектерді салыстыру. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№105 сабақ. Тақырыбы: Әріпті өрнектерді салыстыру

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.1.5 үш амалдан артық әріпті, санды өрнектерді салыстыру

3.5.1.5 жанама сұрақтары болатын есептерді («бірнеше бірлік артық/кем», «бірнеше есе есе артық/ кем» қатынастарымен байланысты) талдау және шығару

3.5.1.8 барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін айнымалысы бар өрнектер мен теңдеулер түрінде модельдеу.

Сабаққа қажетті ресурстар: ламинатталған қағаздың парақтары; таратпа қағаздар

Сабақта қолданылатын деректі материалдар Математикалық өрнекте цифрлар, амалдар және әріптер қолданылса, әріпті өрнектер деп аталады. Әріпті ауыстыратын сан, сол әріптің мәні болып табылады. Әріпті өрнектер санды өрнектер сияқты жасалады. Әріпті өрнектерді салыстыру үшін оны ықшамдап, содан кейін барлық мүмкін болатын есептеулерді орындау керек. Ықшамдағаннан кейін оң және сол жақтағы теңсіздікті салыстырамыз. Егер бір қосылғышты арттырсаң, қосындының мәні де артады. Азайғышы бірдей, азайтқышы артса, айырманың мәні кемиді. Азайғышы артып, азайтқышы кемісе, айырманың мәні артады.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе тапсырма

Жасырынған сөзді тап

(Т.Ж) Оқушыларға жасырынған сөзді табу үшін мысалдарды шығаруды ұсыныңыз. Жасырынған сөзді табу арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтау.

Жауабы:

354+326=680 у 438+122=560 ы

627-214=413 л 810-215=595 а

516+324=840 с 743+124=867 к

985-433=552 е 856-525=331 н

234+625=859 ө 214+429=643 т

459+386=845 п 844-459=385 і

247+563= 810 р 810-247=563 ә

751+248=999 д

563

810

385

845

643

385

ә

р

і

п

т

І

859

810

331

552

867

643

552

810

999

385

ө

р

н

е

к

т

е

р

д

і

840

595

413

560

840

643

560

810

680

с

а

л

ы

с

т

ы

р

у

- Әріпті өрнек дегеніміз не?

-Оның мәнін қалай табады?

-Әріпті өрнектерді қалай салыстырамыз?

- Әріпті өрнектерді салыстыру үшін алдымен оны қарапайым түрге келтіру керек, яғни барлық мүмкін амалдарды шығару керек.

Мысалы,

а· 4 + (84 : 2 – 15) = а· 4 + 27

Өрнекті қарапайым түрге келтірген соң, теңсіздіктің оң және сол жақтарын салыстырамыз.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың», «Өте жақсы» т.с.с

Салыстыр

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа тапсырма беріңіз.

Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жұбымен дәптерін алмастырып, тексереді.

Жауабы:

  • а·8+а·3> а·10 2) с-48 > с-407 3)у·24-у·10>у·7

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Өрнектің мәнін тап.

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға алдымен жеке орындауды ұсыныңыз. Тапсырманы орындап болған соң, жұптасып, бір –бірінің тапсырмасын тексереді. Бұл тапсырма арқылы бір әріпті өрнектегі айнымалыны ауыстыру арқылы бірнеше шешім шығаруға болатындығына назар аудартыңыз.

Жауабы:а) 143,152,161 ә)120,150,180

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Кестені толтыр

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен өрнектерді шығарудағы амалдардың орындалу ретін, белгісіз компонентті табу ережесін қайталалап алыңыз.

Жауабы:59,38,31.

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Ойлан, тап!

(Ө.Ж) Оқушыларға өзіндік жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Көп нүктенің орнына теңсіздік тура болатындай сандарды қоюды ұсыныңыз.

Жауабы:408,605, 714,400,829,10,99,696

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Блиц – турнир

(Ұ.Ж.) Есептің өрнегін жаз. Оқушыларға есептің шартын оқып беріңіз.Бұл тапсырма арқылы оқушылар есептің шартына қарап, өрнек құрады. Жауабын сыныппен түсіндіре отырып тексеруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

а) (а-5)+7

ә) (х·3)-х

б) (3+х) :3

в) (а + в):2

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жақсы», «Жарайсың» т.с.с

Рефлексия

Сабақ соңында «Табиғат» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз

Күн - мен бәрiн түcіндім

Бұлтты күн - түcіндім, бiрақ ...

Жaңбыр - мағaн әлi де көмeк қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу