Санның кубы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
1-бөлім. Кестеден тыс көбейту және бөлу
82- сабақ. Тақырыбы: Санның кубы
Оқу мақсаты: 3.1.2.1 санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну
Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, формулалар, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер,
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің кубымен ауыстыруға болады.
Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ұ.Ж Миға шабуыл. Сабақты жаңа тақырыпқа сәйкес талдаудан бастаңыз.
Суретте нені көріп отырсыңдар? (әр түрлі жауаптар айтылады) Жемістердің адам ағзасына пайдасы қандай?
Банан жемісі туралы кім не біледі? сұрақтарына жауап алыңыз, қажет болғанда жауаптарын толықтырыңыз.
Банан ағаштарда өседі. Банан ағашы өте тығыз және биік. Банан — қажетті азық ретінде қолданылады.
Суреттегі банандар санын қалай жылдам санауға болатынын сұраңыз. (Әр топтағы банан санын топ санына көбейтеміз). Талдаудан кейін қорытынды жасап сабақтың мақсатын табуды ұсыныңыз.
3*3*3=33=27
(М) Үш бірдей көбейткіштің көбейтіндісін кубпен ауыстыруға болатынын, содан соң үш бірдей көбейткіштерді қысқаша n3деп жазуға болады деген қорытындыны оқушылардың өздеріне жасауға жетелеңіз..
Содан соң ережені талдау үшін тапсырмалар орындауға көшіңіз.
Ұ.Ж. «Оқып көр» Санның кубының жазылуы бойынша оқу арқылы оқу дағдыларын жаттықтырыңыз, қажет болғанда қайталауға болады.
243, 353, 1203, 2363, 4623, 6943,
Әр оқу сайын «шапалақ» арқылы бағалап отыру
Ж.Ж. Тапсырмада оқушылар жұппен санның кубының жазылуын оқу дағдысын қайталап жаттығады. Үш көбейткіштің көбейтіндісін кубпен алмастырады. 3 деген индексті жазады.
«Бармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз.
5*5*5=53
12*12*12=123
6*6*6=63
8*8*8=83
Ж.Ж. Санның кубын көбейтіндімен ауыстыр. Тапсырмада оқушылар жұппен санның кубын көбейткіштермен ауыстырып жазуды орындайды, дұрыстығын сигнал карточкалары арқылы тексеріңіз.
53=5*5*5
103=10*10*10
123=12*12*12
153=15*15*15
Ж.Ж. «Тексер, талқыла» Ойлануға уақыт беріп содан соң топта талқылауға уақыт беріңіз, балалардың ойларын тыңдап, жауаптарын тексеріңіз..
23+63 < (2+6)3
53+83 < (5+8)3
63+33 < (6+3)3
Ө.Ж. Санның кубын есепте. Алдыңғы тапсырмаларға ұқсас орындалады. Тапсырмада санның кубын көбейткіштермен ауыстыра отырып мәнін табу дағдысы бекітіледі.
23, 33, 103, 13, 73,
«Бағдаршам» арқылы
Бағалау жасаңыз.
Ж.Ж. «Салыстыр, түсіндір» Тапсырманы жұпта орындауға тапсырыңыз, мысалдарды шығармай қалай салыстыруға болатындығын балалардың түсінгенін қадалаңыз, жаппай тексеріп бірнеше оқушылардын жауабын сұраңыз.
24*24 243
72 7*7*7*
(3*3)*3 33
93 9*9*9
Смайликтер арқылы бағалау жасаңыз.
Ұ.Ж. «Кім жылдам» ойыны
Ұжымда ойын ойнау ұсыныңыз. . Ойынға сандардың кубы жазылған қима қағаздармен жасырылған сурет беріңіз. Берілген санның «кубын» табу арқылы суреттің ненің суреті екендігін табу керек. Кім көп санның «кубын» тапса сол жеңімпаз атанады. Суретті тапқан соң сурет туралы қысқаша әңгіме өткізуге болады.
Ұпай саны арқылы бағалау
Ж.Ж. «Ойлан, тап. Бұл тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Теңдеуді белгілі уақытта қоңырау соғылам дегенше шығарып үлгеруі керек. Содан соң жауаптарын ауыстырады. Теңдеудің түбірін қалай тапқанын(таңдау арқылы) , бұл тапсырманы орындауға қандай білімдерің көмектескенін сұраңыз.
а3-1=513 х*х*х=64 28-х3=1
а=8 х=4 х=3
Т.Ж. «Есепті шығар» Оқушыларға есептің шешуін сызба арқылы параққа жазу тапсырылады. Топта талдап есептің шешуімен таныстырады. Қиындық туған жағдайда ұжыммен талқылауды ұйымдастырыңыз.
Мектеп ауласына отырғызу үшін 10 түптен 5 түрлі көшет әкелінді. Олардың 4 түрінен 5 көшеттен отырғызылды. Әлі отырғызатын неше көшет қалды?
Қысқаша шарты:
Әкелінді-10 түптен5 түрлі
Отырғызылды-4 түрінен 5 көшет
Қалды-? Көшет
Жауабы:
10*5=50 (барлық көшет саны)
4*5=20 (отырғызылдған көшет саны)
50-20=30 (қалған көщет)
Бағдаршам арқылы бағалау арқылы кімнің қаншалықты түсінгенін бақылаңыз.
Қалыптастырушы бағалау
«Үндемес» ойыны Ойын санның кубын табу дағдысын бекітуге бағытталған. Балалар тек жауабын параққа жазып көрсетеді, дұрыс, дұрыс еместігін мұғалім айтады. Егер жауап дұрыс болса ойын ары қарай жалғасады.
Мен:
- Санның квадраты мен кубын таба аламын;
- Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептей аламын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?