Санның кубы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

82-сабақ. Тақырыбы:Санның кубы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.1.2.1 санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсінеді

Оқушылардың көпшілігі:

Кубты бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептеу, бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде санның кубы ретінде түсінеді

Оқушылардың кейбірі:

Санның кубтық құрамын табу үшін, санды өрнектің мәнін бірнеше амал арқылы табады.

Бағалау критерийлері

  • Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде көрсету;
  • Санның квадратын бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептей алады.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: санның кубы, санның кубын жазу.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

  • Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде санның кубын ұсына аласыз ба?
  • Бірдей үш көбейткіштің туындысы ретінде санның кубын есептеңіздер?
  • Қалай ойлайсың санның квадраты мен кубын жазу үшін не үшін жоғарғы индексті ойлап тапты?

Құндылықтар

Жұппен және топпен жұмыс үстінде ұйымшылдыққа, өзара көмек беруге ұмтылады.

Пәнаралық байланыс

Тапқырлыққа арналған тапсырмада логикамен, тәжірибиелік тапсырмаларда көркем еңбекпен байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Көбейту мен бөлу кестелері, санның квадраты

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұ Миға шабуыл. Сабақ жаңа тақырыпқа сәйкес талдаудан басталады.

Суретте нені көріп отырсыңдар? (әр түрлі жауаптар айтылады) Жемістердің адам ағзасына пайдасы қандай?

Банан жемісі туралы кім не біледі?

Банан ағаштарда өседі. Банан ағашы өте тығыз және биік. Банан — қажетті азық ретінде қолданылады.

Суреттегі банандар санын қалай жылдам санауға болатынын сұраңыз. (Әр топтағы банан санын топ санына көбейтеміз). Талдаудан кейін қорытынды жасап сабақтың мақсатын табуды ұсыну.

3*3*3=33=27

(М) Үш бірдей көбейткіштің көбейтіндісін кубпен ауыстыруға болатынын, содан соң үш бірдей көбейткіштерді қысқаша n3деп жазуға болады деген қорытындыны оқушылардың өздеріне жасауға жетелеу.

Содан соң ережені талдау үшін тапсырмаларға көшу.

Ұ.Ж. «Оқып көр»

243, 353, 1203, 2363, 4623, 6943,

Ж.Ж. Оқушылар жұппен санның кубының жазылуын оқу дағдысын қайталап жаттығады. Үш көбейткіштің көбейтіндісін кубпен алмастырады. 3 деген индексті жазады.

5*5*5=53

12*12*12=123

6*6*6=63

8*8*8=83

Ж.Ж. Санның кубын көбейтіндімен ауыстыр.

53=5*5*5

9*9*9=93

6*6*6=63

Жұптар бірін-бірінің жауаптарын тексереді «Бармақ» арқылы бағалау жүргізіледі.

Санның кубын көбейтіндімен ауыстыру ұсынылады.

4 слайд

5 слайд

6 слайд

Дәптер, оқулық

Сабақтың ортасы

103=10*10*10

123=12*12*12

153=15*15*15

Ж.Ж. «Тексер, талқыла» Ойлануға уақыт беріп содан соң топта талқылауға уақыт беріледі, балалардың ойларын тыңдап, жауаптарын тексеру.

23+63 < (2+6)3

53+83 < (5+8)3

63+33 < (6+3)3

Ө.Ж. Санның кубын есепте. Алдыңғы тапсырмаларға ұқсас орындалады. Санның кубын табу дағдысы бекітіледі.

23, 33, 103, 13, 73,

Ж.Ж. «Салыстыр, түсіндір» Тапсырманы жұпта орындауға тапсырыңыз, мысалдарды шығармай қалай салыстыруға болатындығын балалардың түсінгенін қадалау, жаппай тексеріп бірнеше оқушылардын жауабын сұрауға болады.

24*24 243

72 7*7*7*

(3*3)*3 33

93 9*9*9

Смайликтер арқылы бағалау жасалады.

Ұ.Ж. «Кім жылдам» ойыны

Ұжымда ойын ойнау ұсынылады. Ойынға сандардың кубы жазылған қима қағаздармен жасырылған сурет беріледі. Берілген санның «кубын» табу арқылы суреттің ненің суреті екендігін табу керек. Кім көп санның «кубын» тапса сол жеңімпаз атанады. Суретті тапқан соң сурет туралы қысқаша әңгіме өткізуге болады.

Ұпай саны арқылы бағалау

Ж.Ж. «Ойлан, тап. Бұл тапсырманы жұпта орындауды ұсыныңыз. Теңдеуді белгілі уақытта қоңырау соғылам дегенше шығарып үлгеруі керек. Содан соң жауаптарын ауыстырады. Теңдеудің түбірін қалай тапқанын(таңдау арқылы) , бұл тапсырманы орындауға қандай білімдерің көмектескенін сұрау.

а3-1=513 х*х*х=64 28-х3=1

а=8 х=4 х=3

7 слайд

8 слайд

А4 форматтағы парақ, маркер,қоңырау.

9 слайд

Сабақтың соңы

Т.Ж. «Есепті шығар» Оқушыларға есептің шешуін сызба арқылы параққа жазу тапсырылады. Топта талдап есептің шешуімен таныстырады. Қиындық туған жағдайда ұжыммен талқылау қажет.

Мектеп ауласына отырғызу үшін 10 түптен 5 түрлі көшет әкелінді. Олардың 4 түрінен 5 көшеттен отырғызылды. Әлі отырғызатын неше көшет қалды?

Қысқаша шарты:

Әкелінді-10 түптен5 түрлі

Отырғызылды-4 түрінен 5 көшет

Қалды-? Көшет

Жауабы:

10*5=50 (барлық көшет саны)

4*5=20 (отырғызылдған көшет саны)

50-20=30 (қалған көщет)

Бағдаршам арқылы бағалау арқылы кімнің қаншалықты түсінгенін бақылау.

Қалыптастырушы бағалау

«Үндемес» ойыны Ойын санның кубын табу дағдысын бекітуге бағытталған. Балалар тек жауабын параққа жазып көрсетеді, дұрыс, дұрыс еместігін мұғалім айтады. Егер жауап дұрыс болса ойын ары қарай жалғасады.

Мен:

  • Санның квадраты мен кубын таба аламын;
  • Санның кубын бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде есептей аламын.

Кері байланыс

Сиқырлы кубиктің сұрақтары:

  • Мен не үйрендім?
  • Маған қызықты болғаны.
  • Мен түсінбедім.
  • Мен түсіндіре аламын.

10 слайд

Бағалау парағы, қарындаштар, жауап жазуға қажетті қима қағаздар

11 слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу