Санның квадраты және кубы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

1-бөлім. Кестеден тыс көбейту және бөлу

83- сабақ. Тақырыбы: Санның квадраты және кубы

Оқу мақсаты: 3.1.2.1 санның квадратын - бірдей екі көбейткіштің, ал кубын - бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісі ретінде түсіну

Сабаққа қажетті ресурстар: слайдттар, суреттер, түсіндірме кесте, смайликтер, жауап парақтары, маркерлер, түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Санның квадраты мен кубын бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі ретінде керісінше бірдей көбейткіштердің көбейтіндісін көбейткіштердің квадраты мен кубы ретінде қарастыруға болады.

Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.

Ұ.Ж Белсендіру Сабақты «Қарлы кесек» ойыны арқылы өткенді қайталаудан бастаңыз. Бұл тапсырма оқушылардың санның квадраты мен кубы туралы түсінікті өзектендіруге көмектеседі.

Барлық оқушыларға төмендегі тапсырмалар жазылған қима қағаздар таратып беріңіз. Оқушы мысалды өзі шығарады да умаждап өзі қалаған келесі оқушыға береді, ол оқушы шығарып келесі оқушыға береді. Тапсырманы орындаған оқушыны қадағалап белгілеп отырыңыз. Мұғалімнің «тоқта» белгісі бойынша соңғы алған оқушы тапсырманы ауызша орындайды, қалған оқушылар тексереді.

Смайликтер арқылы бағалау.

Тапсырмалармен жұмыс

1-ден 10-ға дейінгі сандардың квадраты мен кубының кестесімен жұмысты ұсыныңыз. Кестедегі сандарды орнына қоя отырып, оқушылар кестелік көбейтуді, санның квадраты мен кубын табудың ережесін қайталайды. Тапсырманы орындауда қиналған оқушыларға санның квадратымен жұмысты ұсыныңыз және санның кубын табу барысында қолдау көрсетіңіз.

(М) Санның квадраты мен кубы – бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі түріндегі бекіту мақсатында оқушылар көбейтіндіні квадрат пен кубқа айналдырады, ал куб пен квадратты көбейтіндіге айналдырады. Қай уақытта квадрат немесе куб түрінде жазуға болатынын сұраңыз. Санның квадратын немен ауыстыруға болады? Санның кубын ше?

Ж.Ж. «Ауыстыр, жаз» Өрнектегі көбейтіндіні мүмкіндігінше көбейткіштің квадратымен немесе кубымен алмастырып жазуды тапсырыңыз.

4*4+4 4*3+4 4+4+4 3*3+4

8*8*8 8*2-8 2*2*2-8 8+8*8

53+2 83-9*7 72+32*10

6*2+63 63-22*3 92+43*4

«Шапалақ» арқылы бағалау

Т.Ж. «Жаса және сана» Тәжірибелік жұмыс орындауды ұсыныңыз . Тапсырма фигураның ауданын табу ережесін қайталауға мүмкіндік береді. Мақсатты түрде топта жұмыс жасайды. Топқа үлгі беріңіз. Әр топ өз моделін жасайды және қанша материал дайындау керектігін тәжірибе жүзінде анықтайды.

Топта біріге жасап болған соң жұмысты тақтаға ілуді ұсыныңыз . Қай топ қанша шаршы керек еткенін айтады.

І топ-10 шаршы

ІІ топ-5 шаршы

ІІІ топ-6 шаршы

Бармақ арқылы бағалау .

Ө.Ж. «Есептеп көр». Тапсырманы оқушылар өз беттерінше орындайды. Үлгі бойынша орындалған тапсырманы тексеріп шығыңыз, тапсырма нәтижесіне байланысты оқушылармен жұп және тақ сандар туралы қорытынды жасаңыз.

Санның квадратын тап:

82, 42, 92, 52, 72, 62, 02, 102

Санның кубын тап:

63, 43, 23, 03, 83, 73, 93, 33, 13

Т.Ж. «Салыстыр» Диаграммамен жұмыс жасау ережесін еске түсіріңіз. Оқушыларға ұжыммен талқылауды ұсыныңыз.Санның квадраты мен кубына байланысты диаграмма құрастыруды тапсырыңыз.

Жауабы: Ортақ белгісі: бірдей көбейткіштердің көбейтіндісі

Айырмашылығы:

n2- екі бірдей көбейткіш

n3-үш бірдей көбейткіш

Т.Т. «Тездет, бірақ қателеспе» Тапсырма оқушылардың санның квадраты мен кубына қатысты әрекеттерді орындау дағдысын жаттықтыруға берілген. Әр топ тапсырма орындалған нәтижесін түсіндіреді.

23 -4=4

(63 -16) : 25=8

(3*6)3 :9 – 24=624

52 + 23= 33

(73 - 43):50=6

12+23 +(4*8)2 :16=84

152 -25=200

(93 -129):25=24

4*33 – (21-7)2 :49=104

Т.Ж. «Талда және орында» Тапсырма тақырыпты бекітуге бағытталған. Шартын оқиды топта шартын талдап, бір-біріне түсіндіреді. Қиындық туған жағдайда сұрақтар арқылы жетелеңіз.

Не белгілі?

Нені табу керек?

Неше амалмен орындалуы мүмкін?

Бір тапсырмада 6 мысалдан 3 баған, екінші тапсырмада әрқайсысында 4 мысалдан 3 баған берілген. Екі тапсырмада барлығы неше мысал бар?

Қысқаша шарты:

1-тапсырма-6 мысалдан 3 баған

2-тапсырма-4 мысалдан 3 баған

Барлығы -? Мысал

Жауабы: 6*3+4*3=30 мысал

Қалыптастырушы бағалау . Кеспеқағаздар ұсыныңыз . Барлық оқушылар парақпен жұмыс жасайды, тексеру берілген үлгі бойынша немесе эксперт рөліне тағайындалған оқушы арқылы жүргізіледі.

  • 3 санының кубын тап.
  • 8 санының квадратын тап.
  • 53-ті көбейтінді түрінде жаз.
  • 92-ні көбейтінді түрінде жаз.
  • 27-ні санның кубы түрінде көрсет.
  • 36-ны санның квадраты түрінде көрсет.

Мен:

  • Санның квадраты мен кубын таба аламын;
  • Санның квадраты мен кубын бірдей көбейткіштің көбейтіндісі түрінде көрсете аламын.

Кері байланыс. «Бағдаршам » әдісі .

Қызыл түс-тапсырманы орындауда қиналдым;

Сары түс- жауабыма сенімді емеспін;

Жасыл түс-барлығы түсінікті, тапсырманы орындай алдым.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу