Гүлбақтар мен саябақтар. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

69-сабақ. дөңгелек сандарды ауызша көбейту мен бөлу

Тақырып: Гүлбақтар мен саябақтар

Оқу мақсаттары

3.1.2.9 100 бен 1000 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындаудақосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану

3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану

3.1.2.5 үш таңбалы сандарды/мыңдықтарды санның ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау

3.1.2.8 үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану

Ынталандыру.

Мұғалім саябақтар мен шағын бақтар туралы, осы жерлерде қыдырған уақытта тазалық сақтау ержелерін ұстану жайлы әңгімелейді.

Белсендіру.

Ауызша есептеу.

Ұқсас өрнектерді тауып, оларды топ бойынша жазу керек.

40×2 30×3 4×2

200×3 400×2 2×3

20×3 3×3 300×2

Тексеру: 2×3 20×3 200×3

3×3 30×3 300×3

4×2 40×3 400×2

- Ондықтарды біртаңбалы сандарға қалай көбейтуге болатынын түсіндіріңдер.

Мақсат қою (мәселелі жағдаят)

Бүгін біз өз білімімізді нақтылаймыз, әрқайсыңызда қандай да бір туындаған қиындықты тауып, оны түзейміз.

Өздік жұмыс

Оқушылар 2 мен 3-ші тапсырманы орындау нәтижесін эталонмен салыстырады.

Қиындықтарды түзету

Мұғалім орындалу барысының дұрыстығын тексереді.

– Кімде қиындық туындады?

– Сіз қай жерде қате жібердіңіз?

– Қате кетудің себебі неде?

– Егер өздік жұмыста ешқандай қиындық туындамаса, өз амалыңыздың мақсатын құрастырыңыз.

(Қосымша тапсырма орындау).

– Қиындық туындаған балалардың әрі қарайғы мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

– Қателерді түзеу алгоритмін қолданамыз.

– Әркім өз оқу мақсатын айтады.

Мұғалім бағалау критерийлері бар тапсырманы орындауды ұсынады.

Мен:

Толық сандарды ауызша көбейту алгоритмін қолданамын;

Толық сандарды ауызша бөлу алгоритмін қолданамын;

Көбейту мен бөлудің белгісіз компонентін табамын.

Қайталау

Баланың ой-өрісінің даму деңгейі бойынша мұғалім жеке-жеке тапсырма береді.

Рефлексия.

Сабақтың басында алдымызға қандай мақсат қойдық?

– Осы мақсаттарға жете алдық па?

– Сіздерде қиындық туындаған ба еді?

– Сіз оларды өте алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Өз жұмысын жетістік сызғышының көмегімен бағалауды ұсынады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу