Уақыт өлшем бірліктері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 2С бөлімі «Уақыт» Күні:2- тоқсан Сынып: 3 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||
Сабақ тақырыбы | Уақыт өлшем бірліктері | |||||||
Оқу мақсаттары | 3.1.3.2 Уақытты өлшеуде секунд өлшем бірлігін пайдалану 3.1.3.5 сағаттардың әртүрлі түрі бойынша уақытты анықтау: сағаттар, минуттар, секундтар 3.1.3.3 **уақыт мәнін салыстыру: секунд, мин, сағат, тәулік, жыл, ғасыр және шама мәндерімен арифметикалық әрекетті орындау 3.1.3.4 уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіру: олардың арасындағы ара салмағы негізінде секунд, мин, сағат, тәулік, жыл, ғасыр | |||||||
Сабақ мақсаттары | Уақытты өлшеуде секунд өлшем бірлігін пайдалану.Сағаттардың әртүрлі түрі бойынша уақытты анықтау.Уақыт мәнін салыстыру және шама мәндерімен арифметикалық әрекетті орындау. Уақыттың өлшем бірліктерін түрлендіру | |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар | Уақыт, сағат, минут, тәулік, апта, ай, жыл, т.б. уақыт өлшем бірліктері | |||||||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы білім алу | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Ғылымға кіріспе, қазақ тілі | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | 2-сыныпта уақыт туралы өтілген білімдерін қайталау | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 2 минут 5 минут | I.Ұйымдастыру кезеңі Сабаққа дайындығын тексеру.Қабат – қабат қапталғанАсыл сөзбен апталғанОл қазына өлмейтінКітаптарың дайын ба?Ұшымен қазық,Торкөзді азық.Үстінен өтетінАсыл сөз жазатынДәптерлерің дайын ба?Денесі бар шыбықтанТемір тұмсық құдықтанОйы із боп түсетінҚаламдарың дайын ба?ІІ.Қызығушылықты ояту Мақсаты:Ертегіні оқу арқылы өткен білімдерін қайта жаңғырту, сабақтың тақырыбын анықтау. В.Дальдің «Жылнамашы қария» ертегісін оқу. Жылнамашы қария далаға шықты. Ол жеңін желпіп еді, құстар ұшып шыға бастады. Әр құстың өзінің ерекше аттары бар.Жылнамашы қария жеңін бірінші рет желпіп еді – қанатты үш құс ұшып шықты. Суық түсіп, аяз қыса бастады.Қария екінші рет желпіп қалды – екінші рет үш құс ұшып шықты. Қар еріп, далада гүлдер қылтия бастады.Қария үшінші рет жеңін желпігенде – тағы үш құс ұшып шықты. Күн ысып, тымырсық басталды. Шаруалар қара бидайларын ора бастады.Қария тағы да жеңін желпіп жіберді – бұл жолы да үш құс ұшып шықты. Суық жел соғып, жаңбыр бүрке бастады, жер бетін тұман жапты.Ал құстар жай құс емес еді. Әр құстың төрттен қанаты бар. Әр қанатта жетіден қауырсын. Әр қауырсынның өз аттары бар. Қауырсынның бір жағы – ақ, екінші жағы – қара. Құс қанатын бір рет қақса, жап-жарық болады, тағы бір рет қақса, қап-қараңғы болады. -Балалар, ертегі не туралы? /оқушылардың жауаптарын тыңдау/ Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтап, тақтаға жазу. | презентация Слайд | ||||||
Сабақ ортасы 10 минут 10 минут 5 минут | (Ұ,Қ)Математикалық диктант. Мақсаты:Уақыт жайлы білімдерін еске түсіріп, қайта жаңғырту. •Үш аптада қанша күн бар? (21) • 2 жарым сағат қанша минутты құрайды? (150 мин) • 2 сабақ қанша минутқа созылады? (90 мин) • Жазғы каникул неше айға созылады? (3 ай) • Қайсы айда ең аз күн? (ақпан) • Бір аптада неше күн бар? (7 күн) • Бір есік, бір есікте мың есік? (Елеуіш) • Үш тілі бар, үшеуі де жүреді? (Сағат) • Егер «Т-дан» бастасаң, -санмын. «Т-ны» алып тастасаң, жаумын? (Төрт) - Уақыттың ең бірлігі? - 1 жылда неше ай бар? - 1 жылда қанша тәулік бар? 1 айда ше? Тапсырманы тексеру үшін тақтаға дайын жауаптар шығарылады. Жұпта отырған оқушылар дәптерлерімен ауысып, өзара тексеру және бағалауды өткізеді. (Ө,Ж,Қ)Шамаларды теңестіру. 1 сағ 15 мин =...... мин 1 тәул 12 сағ =.... сағ86 см =....дм ....см 45 см =.... дм ....см2 тәул = .....сағ 2 сағ10 мин =.... мин Оқушылар тапсырмаларды өздігінен орындайды.Жұпта отырып, бір-бірін тексереді және бағалайды. (Ө,Қ)Түрлендір1 сағ 20 мин = .....мин76 см = .....дм ....см1 тәул 20 сағ = .....сағ Тақтада шығарылған дайын нұсқа бойынша өзін-өзі тексеріп, бағалайды. (Ө,Қ) «ИЯ, ЖОҚ» ойыны1. 17 +4 = 20 /жоқ/2. 4 - ті 3 рет қосқанда 12 /ия/3. Тік бұрыш доғал бұрыштан үлкен /жоқ/4. 1 сағатта 60 минут бар /ия/5. Сейсенбіден кейін бейсенбі /жоқ/6. 46 – ның 43 тен 3 - еуі артық /ия/7. Дәптердің ұзындығы 21 метр /жоқ/8. 1 айда 4 апта бар /ия/9. 23 ке 5 ті қосқанда 28 /ия/10. Сүйір бұрыш тік бұрыштан үлкен /жоқ/11. 6 - ны 3 рет қосқанда 18 шығады /ия/12. 1 аптада 6 күн бар /жоқ/ Тақтадағы дұрыс жауаптар нұқсасы бойынша оқушылар дәптерлерімен ауысып, өзара тексеріп бағалайды. | слайд карточкалар | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» -Маған сабақта ............қызықты /қызықсыз болды -Сабақтан ..............................................үйрендім -Алда уақытта ...............................білгім келеді Өзін-өзі бағалау:«Табыс баспалдағы» Оқушылар баспалдақтағы өз орнын анықтап, баспалдаққа сәйкес шапалақтайды. | Слайд Табыс баспалдағы | ||||||
Дифференциация – оқушыларғакөбірекқолдаукөрсетудіқалайжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайтапсырмаларқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау. Қабілеттері әр түрлі оқушыларды топтастырып жұмыс жасату. Топтық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қабілеті жоғары оқушыларға күрделі тапсырмалар беру. | Оқушылардың уақыт жайлы білімдері бағаланады | Денсаулық сақтау технологиялары. Қолданылған сергіту сәті мен белсенді оқыту әдістері. Сабақ барысында қауіпсіздік ережесін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?