file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Бірнеше амалды өрнектерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

44 сабақ. Тақырыбы: Бірнеше амалды өрнектерді шығару

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.1 төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтауды, олардың мәнін табуды үйренеді.

Сабаққа қажетті ресурстар: өрнектері жазылған кеспеқағаздар; ламинатталған парақтар, маркерлер

Сабақта қолданылатын деректі материалдар: рифметикалық амалдар екі сатыға бөлінген: бірінші саты – қосу және азайту, екінші саты – көбейту және бөлу. Өрнектің мәнін табуда өрнектегі амалдардың орындалу тәртібі қатаң сақталады.

1. Егер өрнекте жақшалар болмаса және ол тек бірінші саты амалдарынан тұратын болса, онда өрнектегі барлық амалдар жазылу ретімен солдан оңға қарай орындалады.

2. Егер өрнекте жақшалар болмаса және ол екі сатының да амалдарынан тұратын болса, онда алдымен екінші саты амалдары, содан кейін бірінші сатының амалдары жазылу ретімен солдан оңға қарай орындалады.

3. Егер өрнекте жақшалар болса, онда алдымен жақшаның ішіндегі амал орындалады, қалған амалдар 1 және 2-ережелерге сәйкес орындалады

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Алдын-ала дайындалған түрлі –түсті қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу. «Қосынды», «Айырма», «Көбейтінді», «Бөлінді».

Кіріспе тапсырма.

Жасырынған сөзді тап

(Ұ.Ж.) Сабақты ұжымдық жұмыстан бастаңыз. Оқушылар өрнектердің мәнін тауып, кему ретімен орналастырады, жасырынған сөздің шешуін табады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар өрнектердің қосынды, айырма, көбейтінді, бөліндінің болып табылатындығын пысықтайды. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпқа шолу жасаңыз.

-Қандай өрнектерді білеміз?

-Өрнектегі амалдардың ретін қалай анықтаймыз?

Жауабы:

9

20

56

148

171

ө

р

н

е

к

Оқушыларды «Жарайсың!», «Керемет!», «Өте тамаша!»т.с.с. сөздік бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж.) Жұптас, бірік, топтас

Сабақты жұптық жұмыспен жалғастырыңыз. Әрбір топқа өрнек жазылған кеспеқағаз таратып беріңіз. Тапсырманы алдымен жеке орындайды, сосын жұпта бірлесіп талқы-лайды, топтасып ортақ шешімге келіп, ламинатталған параққа жазады. Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топ өз мысалын тақтаға шығып көрсетеді. Оқушылар өрнектер-дің мәнін екі тәсілмен амалдар арқылы және амалдарды тізбектеп орындау арқылы орындауды тапсырыңыз..

Жауабы: 1 – топ 200; 2- топ 624; 3- топ 9; 4- топ 859;

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз

Өрнек түрінде жаз және оның мәнін тап

(Ұ.Ж.) «Кубизм» әдісі арқылы оқушылармен ұжымдық жұмыс ұйымдастырыңыз.

Оқушылар тақтаға бір - бірден шығып кубты айналдыру арқылы өздеріне берілген тапсырманы тандайды және орындайды. Оқушылар берілген тапсырманы өрнек түрінде жазып, оның мәнін табады. Амалдардың орындалу тәртібін айтып отырып шығарады. Қалған оқушылар өз орнында отырып жұмыс жасайды және тақтадағы оқушының талдауын тыңдайды, қажет болған жағдайда түзету енгізеді.

Жауабы: 7;193; 340; 106; 72; 69.

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Зергер

(Т.Ж.) Топтық жұмысты тапсырма жазылған қима қағаздарды таратып беруден бастаңыз.

Оқушылар есепті алдымен жұпта талқылап, сосын топта ортақ шешімге келеді. Есептің шешуін өрнек құру арқылы шығарып, ламинатталған параққа жазады.Тақтаға топтан бір оқушыдан шығып қорғайды. Егер қиындық тудырған жағдайда сыныпта талқылап, түсіндіреді.

Жауабы:

3∙ (5 + 4)=27

Жауабы: 27 г күміс.

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалауды ұсыныңыз.

Бағдаршам

(Ұ.Ж.) Сабақты ұжымдық жұмыспен жалғастырыңыз. Оқушылар берілген амалдардың орындалу тәртібінің қайсы өрнектікі ендігін анықтайды. Өрнектер бағдаршам түстерімен берілген. Оқушылардың жауаптарының дұрыс екендігін бағдаршам түстері арқылы анықтау. Бұл тапсырма арқылы оқушылар өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі туралы алған білімін тиянақтайды.

Жауабы:

Мына амалдардың орындалу ретін анықта:

1) көбейту; 2) бөлу; 3) қосу; 4) азайту; 5 қосу.

20 + 8 ∙ 5 – 45 :9 + 12 (жасыл)

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Қатесін тап

(Ө.Ж.) Сабақты өзіндік жұмыспен жалғастырыңыз.Тақтаға қатемен жазылған өрнектерді жазып қойыңыз. Оқушылар өрнектердің қатесін тауып, дұрыс өрнекті жазады. Тапсырманы орындап болған соң жұбымен дәптерін ауыстырып, бір –бірін тексереді.

Бұл тапсырма арқылы оқушылар өрнектегі амалдарды тізбектеп орындай білуді үйренеді. Бұл тәсіл күрделі теңдеулердің шешуін дұрыс жазу үшін маңызды болып табылады.

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

Теңдеулерді шеш.

(Ұ.Ж) Ұжымдық жұмысты оқушыларға күрделі теңдеудің шешу жолдарын түсіндіруден бастаңыз.Ол үшін амалдардың орындалу тәртібін амал таңбаларының үстіне жазып қояды. Өрнектің мәнін тізбектеп жазу арқылы есептеу әдісі күрделі теңдеулердің шешуін жазуда қолданылатынын айту. Бірінші теңдеудің шешу жолын көрсетіңіз. Екінші теңдеуді оқушылардың өз бетінше орындауына тапсырыңыз.

Дайын жауап арқылы оқушылар өзін – өзі тексереді.

Жауабы: в=3

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізіңіз.

Сабақ соңында «Бас бармақ» әдісі арқылы рефлексия жүргізіңіз.

Барлығын түсіндім-

Енді түсініп келемін-

Түсінбедім-



Толық нұсқасын 28 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу