Бірнеше амалды өрнектерді шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

44сабақ. Тақырыбы: Бірнеше амалды өрнектерді шығару

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.1 төрт амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтауды, олардың мәнін табуды үйренеді.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы өрнектердегі амалдардың саны мен ретін

анықтайды, өрнектердің мәнін табады.

Оқушылардың көпшілігі бір не екі өлшем бірлігімен берілген

ұзындықтың сандық мәнімен амалдар орындайды.

Оқушылардың кейбіреуі өрнектің қосынды (айырма, көбейтінді, бөлінді)

болып табылатын дәлелдейді.

Ғылыми тіл

Оқушылар өрнектердегі амалдардың ретін әртүрлі тәсілмен айтады

Түйін сөздер мен сөз тіркестері: сандық өрнек, амалдардың саны,

амалдардың реті, өрнектің нәтижесі.

Талқылауға арналған сұрақтар

Есептеулерді қалай жүргіздіңдер?

Өрнектердегі амалдардың ретін қалай анықтадыңдар?

Ұзындықтың сандық мәнімен амалдарды қалай орындадыңдар?

Неліктен өрнекті қосынды деуге болады? Айырма деуге болады?

Көбейтінді деуге болады? Бөлінді деуге болады?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Үш таңбалы сандарды қосу мен азайту, бір таңбалы санға көбейту

және бөлу, өрнектер, жақшалы өрнектер.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

мин

Психологиялық дайындық

Қайырлы күн, достым,

Қайырлы күн болсын.

Бүгінгі сәрсенбі күнің

Сәттілікке толсын!

Біздің алар бағамыз

Кіл бестікке толсын!

Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу. «Қосынды», «Айырма», «Көбейтінді», «Бөлінді».

Кіріспе тапсырма.

Жасырынған сөзді тап

.Ж.) Оқушылар өрнектердің мәнін тауып, кему ретімен орналастырса, жасырынған сөздің шешуін табады.Бұл тапсырма арқылы оқушылар өрнектердің қосынды, айырма, көбейтінді, бөліндінің болып табылатындығын пысықтайды.

Тапсырма:

164- 16= е 135+36= к 81:9= ө 7∙8= н 650-630= р

9

20

56

148

171

  • Қандай өрнектерді білеміз?
  • Өрнектегі амалдардың ретін қалай анықтаймыз?

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Керемет!», «Өте тамаша!»

Слайд №2

Топқа бірігуге арналған қима қағаздар

Слайд №3,4

Сабақтың ортасы

30мин

(Т.Ж.) Жұптас, бірік, топтас

Әрбір топқа өрнек жазылған кеспеқағаз таратып беру. Тапсырманы алдымен жеке орындайды, сосын жұпта бірлесіп талқылайды, топтасып ортақ шешімге келіп, ламинатталған параққа жазады. Тапсырманы орындап болған соң, әрбір топ өз мысалын тақтаға шығып көрсетеді. Оқушыларға өрнектердің мәнін екі тәсілмен амалдар арқылы және амалдарды тізбектеп орындау арқылы орындауды тапсыру.

Тапсырма:

1 – топ

495 –(300 – 25 : 5) =

2- топ

500 + (400- 280 + 40) =

3- топ

(45 + 72 : 8) :6=

4- топ

( 870 – 10 ∙ 7) + 59 =

«Смайлик» арқылы бағалау

Слайд №5

Ламинатталған парақтар, маркерлер

Өрнек түрінде жаз және оның мәнін тап

(Ұ.Ж.) «Кубизм» әдісі

Оқушылар тақтаға бір- бірден шығып кубты айналдыру арқылы өздеріне берілген тапсырманы тандайды және орындайды. Кубтың алты жағына әр түрлі тапсырма жазылады. Оқушылар берілген тапсырманы өрнек түрінде жазып, оның мәнін табады. Амалдардың орындалу тәртібін айтып отырып шығарады. Қалған оқушылар өз орнында отырып жұмыс жасайды және тақтадағы оқушының талдауын тыңдайды, қажет болған жағдайда түзету енгізеді.

Тапсырма:

  • 32 мен 8 –дің бөліндісін, 35 пен 7- нің бөліндісіне қос.
  • 28 бен 20-ның айырмасына 6 –ны көбейтіп, 145 –ті қос.
  • 500 -ден 5 пен 8- дің көбейтіндісің 120 – ға қосып, азайт.
  • 46-дан 16 мен 2 –нің бөліндісің азайтып , 68- ді қос.
  • 56 мен 7 –нің бөліндісіне 9 –ды көбейтіп, 100 -ді қос.
  • 6 –ты мен 8 –дің көбейтіндісіне 3-пен 7 –нің көбейтіндісін қос.

«Басбармақ» арқылы бағалау

Зергер

.Ж.) Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағазды таратып беру.

Оқушылар есепті алдымен жұпта талқылап, сосын топта ортақ шешімге келеді. Есептің шешуін өрнек құру арқылы шығарып, ламинатталған параққа жазады.Тақтаға әр топтан бір оқушыдан шығып қорғайды. Егер қиындық тудырған жағдайда сыныпта талқылап, түсіндіреді.

Тапсырма:

Зергер әрқайсысына 3 грамнан күміс жұмсап, 5 сақина және 4 сырға соқты. Барлығы неше грамм күміс жұмсалды?

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Бағдаршам

(Ұ.Ж.)

Оқушылар берілген амалдардың орындалу тәртібінің қайсы өрнектікі ендігін анықтайды. Өрнектер бағдаршам түстерімен берілген. Оқушылардың жауаптарының дұрыс екендігін бағдаршам түстері арқылы анықтау. Бұл тапсырма арқылы оқушылар өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібі туралы алған білімін тиянақтайды.

Тапсырма:

Мына амалдардың орындалу ретін анықта:

1) көбейту; 2) бөлу; 3) қосу; 4) азайту; 5 қосу.

15 + 6 ∙5 – 48 : 56 10 (қызыл)

25 + 30 : 6 – 3 ∙ 5 + 45 (сары)

20 + 8 ∙ 5 – 45 :9 + 12 (жасыл)

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Қатесін тап

(Ө.Ж.)Тақтаға берілген өрнектердің қатесін табу. Дұрыс өрнекті жазады. Тапсырманы орындап болған соң жұбымен дәптерін ауыстырып, бір –бірін тексереді. Оқушылардың амалдардың орындау тізбегі туралы алған білімін анықтау.

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

Теңдеулерді шеш.

(Ұ.Ж) Оқушыларға күрделі теңдеудің шешу үшін, амалдардың орындалу тәртібін амал таңбаларының үстіне жазып қояды. Өрнектің мәнін тізбектеп жазу арқылы есептеу әдісі күрделі теңдеулердің шешуін жазуда қолданылатынын айту. Бірінші теңдеудің шешу жолын көрсету: Екінші теңдеудің оқушыларға өз бетінше орындауға беру.

Дайын жауап арқылы оқушылар өзін – өзі тексереді.

(485 – 404) : 9 + x = 70

81 : 9 + x = 70

9 + x = 70

x = 70 – 9

x = 61

Тапсырма:

54 : (12 – в) = 6

Геометриялық фигуралар арқылы бағалау

Слайд №6

Слайд № 7

Слайд № 8

Слайд №9

Слайд №10,11

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Не білдім?

«Бас бармақ» әдісі арқылы

Барлығын түсіндім-

Енді түсініп келемін-

Түсінбедім-

Слайд №12

Қосымша ақпарат

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Бас бармақ» арқылы бағалау.

Оқушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу