Өнімдер жәрмеңкесі. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу
№45 сабақ. Тақырыбы: Өнімдер жәрмеңкесі
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
3.1.2.4. 6; 7; 8; 9сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу және қолдану
3.5.1.2 – есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы
масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/
ұзындығы, ені,ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану
Сабаққа қажетті ресурстар: өрнектері жазылған кеспеқағаздар; ламинатталған парақтар, маркерлер
Сабақта қолданылатын деректі материалдар:
Тоқсан бойынша қорытынды сабақты мейрам түрінде өткізіңіз. Бұл өнімдер жәрмеңкесі түрінде болуы мүмкін. Оқушыларға сабақта қолданатын жеміс суреттері немесе көгөніс өнімдерінің суреттеріне математикалық тапсырма жазу.
Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе. Алдын-ала дайындалған түрлі –түсті қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу. . «Қауын», «Қарбыз», «Сәбіз», «Қызылша».
Кіріспе тапсырма.
Жасырған суретті тап
(Ұ.Ж.) Оқушылар сабақты жасырған суретті табудан бастайды. Ол үшін сурет бетіндегі тапсырмаларға жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап сайын сурет ашылып отырады. Жасырған сурет «Өнімдер жәрмеңкесі» деп аталады. Сурет неге «Өнімдер жәрмеңкесі» деп аталғандығын сұрау арқылы оқушы пікірін тыңдау. Әрбір топ өз өнімдерінің ерекшеліктерін айтады. Мысалы: 1-топ қауын, 2- топ қарбыз, 3- топ сәбіз, 4- топ қызылша өнімдерін таныстырады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар 6; 7,8;9 сандарының көбейту және бөлу кестесін қайталайды.
Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың!», «Керемет», «Ақылдым сол», т.с.с.
Өрнектерді салыстыр
(Ұ.Ж.) Оқушылармен ұжымдық жұмысты одан әрі қарай жалғастырыңыз. Оқушылар суреттегі жемістерге қарайды. Бірдей жемістер бірдей санды білдіреді. Оқушылар жемістерді сандармен ауыстырады. Санды өрнек құрастырады және оларды салыс-тырады. Жазған өрнектерін ламинатталған параққа жазады. Топтар бірі –бірінің жұмыс-тарын тексереді. Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізеді.
Жауабы:
А) 81 – 72 < 9 ∙ 8
Ә) 9∙9 < 8 + 81
Б) 72 : 8 < 8 ∙ 8
В) 72 + 72 < 81 + 81 – 8
Бағалау жүйесі
-5 - 4 - 3
Теңдеуді шеш
(Ж.Ж) Сабақты әрі қарай оқушылар теңдеу құрастырумен жалғастырады. Тарзыдағы қанттың массасын табу үшін күрделі теңдеу құрастырады және оны шешеді. Оқушылар алдымен тапсырманы жеке орындайды. Орындап болған соң жұбымен дәптерлерін аустырып, салыстыра отырып тексереді.Қате кеткен жағдайда, бір оқушының жұмысын тақтаға жазып түсіндірме жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырыңыз.
Жауабы:
x +100 = 300 + 200 + 100
x + 100 = 600
x = 600 -100
x = 500
500 + 100 = 300 + 200 + 100
600 = 600
«Смайлик» арқылы бағалаужүргізіңіз
Есепті шығарып көр
(Ж.Ж.). Сабақты жұптық жұмыспен жалғастырыңыз. Оқушылар жұпқа бірігіп, есептің сызбасы бойынша есеп құрастырады. Әрбір жұп өзі құрастырған есептің шығарады және шығару жолын талқылайды. Оқушылар есептің жауабын басқа жұптармен алмасып, дайын жауабы арқылы тексереді. Қиын болған жағдайда түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Бірнеше жұптың құрастырған есептерін тыңдау. Бұл тапсырма арқылы оқушылар өрнек құру арқылы есепті шығару жолдарын пысықтайды.
Жауабы:
9+(9 ∙3)+(9+3)= 48
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Амалдарды орында
(Ө.Ж.) Оқушылар сабақты өзіндік жұмыс арқылы жалғастырады. Оқушылар амалдарды орындап, жемістің орнына мәнін жазады. Жемістің орнына қоятын сандар алдыңғы амалдың нәтижелері болады. Бірдей жемістердің орнына бірдей сан жазады. Амалдар бірінен соң бірі тізбек түрінде орындалады. Тапсырманы орындап болған соң, жұбымен дәптерін ауыстырып, бір –бірінің жұмысын тексереді.Оқушылар геметриялық фигуралар арқылы бағалау жүргізеді.
Жауабы:
187 +75 = 262 100 ∙ 4 =400
262 : 2 = 131 400+ 50 =450
131- 31 = 100 450: 90= 5
Бағалау жүйесі
-5 - 4 - 3
Өрнек құрастыр
(Ж.Ж.). Сабақты жұптық жұмыс арқылы жалғастыру. Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды. Оқушылар кестеде көрсетілген амалдардың реті бойынша өрнек құрады.Дайын жауап бойынша өзін –өзі тексереді. Бұл тапсырма өткен сабақта меңгерген дағдыларды бекітуге арналған.
Жауабы:
а)Жақшасыз: 81 :9 + 6 ∙5 + 4 ∙7 = 67
ә) Жақшалы: (150 -78) :8 + 4 ∙8 =41
«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз
Сабақ соңында «Менің көңіл-күйім баспалдағы» әдісі арқылы рефлексия алыңыз.
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.
Баспалдақтар:
«Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Маған көмек керек!»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?