Нөлдермен аяқталған сандарды көбейту. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу №76сабақ. Тақырыбы: Нөлдермен аяқталған сандарды көбейту | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілін қолдануды үйренеді. | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | -толық ондықтар мен жүздіктерге көбейте алады; - толық ондықтар мен жүздіктерге көбейту тәсілдерін түсіндіре алады; - дөңгелек сандарды көбейтуді ереже бойынша түсінідіріп, есептер шығара алады. | |||||||||||||||
Ғылыми тіл
|
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Өмір бойы білім алу | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Өрнектерді интербелсенді тақтада орындау | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту мен бөлу кестелері. 10 мен 100-ге көбейту және бөлу | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарлан-ған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Айналаға алақанмен, Жылулықты шашайық, Сәттілік тілеп, күлімсіреп Біз сабақты бастайық! Оқушылардың топқа бірігу Алдын-ала дайындалған қима қағаздарды таңдау әдісі арқылы топқа бірігу «Қызыл», «Көк», «Сары». Кіріспе тапсырма. (Ж.Ж)Қай сан артық? Оқушыларға ішінде сандар жазылған конверт таратып беру.Тапсырманы жұппен орындайды. Конверт ішіндегі сары және жасыл түсті қима қағазға жазылған сандарды алып, алдарына қояды.
«Оқу- ой азығы»
Тапсырма: 1- топ 8; 156; 29, 10 (Сары қима қағазда) 2-топ 5; 100; 312; 19 (Жасыл қима қағазда) Сөздік бағалау жүргізу Жарайсың!», «Тамаша!», «Ақылдым сол» т.с.с.
| Слайд№2 Топқа бірігуге арналған қима қағаздар Слайд №3 Слайд №4 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы | Сәйкестендір (Ж.Ж) Оқушыларға алдымен тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру. Оқушылар жұппен жұмыс жасайды. Есепті оқушылар оқып дұрыс жауабын тандайды. Тапсырма: 1) Зоодүкенде 10 тордың әрқайсысында 15 тотықұстан бар. Зоодүкенде барлығы қанша тотықұс бар? (15+15+15+15+15+15+15+15+15+15) 2) Балалар орманнан 4 себет саңырауқұлақ жинады. Әр себетте 10 саңырауқұлақтан болды. Барлығы қанша саңырауқұлақ жинады? (10+10+10+10) –Қай есептің шешуін табу қиындау болды? Неге? -Оны басқаша қалай жазуға болады? -Дұрыс, қосуды көбейтумен ауыстыруға болады. (15•10) - Көбейтуді қалай шығаруды кім біледі? Неге? -Бүгінгі сабағымызда нөлмен аяқталатын сандарды көбейтіп үйренеміз. Сөздік бағалау жүргізу Жарайсың!», «Тамаша!», «Ақылдым сол» т.с.с. (Ұ.Ж) «Алгоритм» Оқушылар санды 10-ға, 100 –ге және басқа сандарға, яғни нөлге аяқталатын сандарға көбейтудің орындалу алгоритмін құрастырады.
15•10=150 5•100=500 Сөздік бағалау жүргізу Жарайсың!», «Тамаша!», «Ақылдым сол» т.с.с. Кім жылдам? (Т.Ж) Әрбір топқа таратпа қағаз таратып беру.Әрбір топтың берілген уақыт ішінде қанша мысал орындайтының анықтау. Қай топ көп орындаса сол топ жеңіске жеткені. Бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар шапшаң есептеуге үйренеді. -Санды 10-ға және 100-ге қалай көбейтеді? Тапсырма: 37•10 7•100 32•10 10•36 59•10 4•20 45•10 10•40 19•10 7•20 10•21 90•10 77•10 9•100 54•10 30•10 7•20 1•500 3•300 10•20 «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Әйнекшені толтыр (Ж.Ж) Оқушыларға тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру. Әйнекшенің орнына түсіп қалған санды жазу.Тапсыманы алдымен жеке орындайды. Орындап болған соң жұбымен дәптерлерін алмастырып, бір –бірінің жұмысын тексереді.Бұл тапсырма арқылы оқушылар алған білімдерін тиянақтай түседі. Тапсырма: 80∙ = 800 96 ∙ = 960 ∙ 20 = 40 0 ∙10 = 700 «Смайлик» арқылы бағалау Есепті шығар (Т.Ж) Әрбір топқа есеп жазылған қима қағазды таратып беру. Оқушылар есепті оқиды, талдайды. Есептің не туралы екенің анықтайды. Не белгілі, не белгісіз екенін айтады. Есептің сұрағына жауап береді. Тапсырма орындап болған соң, әрбір топтан бір оқушыдан шығып қорғайды. Топтар бір-бірін жұмысын тексеріп, бағалайды. Тапсырма: Бір дорбада 25 қызыл және 15 жасыл моншақ бар. Осындай 10 дорбада қанша моншақ бар? «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Ойлан, жұптас, бөліс (Т.Ж) Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру. Тапсырманы алдымен жеке орындайды. Жұптасып ортақ шешімге келеді. Өз ойымен топта бөліседі. Топтар сағат тілімен ауыса отырып бір – бірінің жұмысын тексеріп, бағалайды. Есептің шешуін екі түрлі тәсілмен шығаруды ұсыну. Тапсырма: 1)Екі түрлі тәсілмен тіктөртбұрыштың периметрін тап. 40мм 20мм 2) Ауданын тап 60мм 30мм Геометриялық фигуралар арқылы бағалау -5; -4; -3 Теңдеуді шеш (Ж.Ж) Өзіндік жұмысқа 2 нұсқа беріледі. Оқушылар теңдеу шешеді. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексереді. Қате жіберген оқушылармен түсіндірме жұмыстар жүргізіледі. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылар өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастырып, нөлмен аяқталатын сандарды көбейту туралы алған білімдерін бекітеді. Тапсырма: 1-нұсқа 2- нұсқа х:10=20 х:9=100 х:8=80 х:5=100 Геометриялық фигуралар арқылы бағалау -5; -4; -3 Салыстыр (Ұ.Ж) Оқушылар тақтаға бірінен соң бірі шақырылады. Есептің шығару жолдарын түсіндіреді, жұлдызшаның орнына артық, кем, тең таңбаларының тиістісін қояды. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың нөлмен аяқталатын сандарды көбейтуді және өз бетінше жұмыс істеу дағдысының қалыптасқаның анықтауға болады. Тапсырма: 670+6 * 2∙300 7∙100*824 -20 742 + 8 * 400∙2 20∙10*10∙10 200∙3* 300∙2 30∙2 *6∙10 «Басбармақ» арқылы бағалау |
| ||||||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Не үйрендік? «Басбармақ» арқылы -Барлығын түсіндім - Енді түсініп келемін - Түсінбедім | |||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | «Басбармақ» арқылы бағалау. Оқушыларды сөздік бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Геометриялық фигуралар арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?