Нөлдермен аяқталған сандарды бөлу. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу №77 сабақ. Тақырыбы:Нөлдермен аяқталған сандарды бөлу | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.1.2.12 нөлдермен аяқталатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу тәсілін қолдану | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||
Бағалау критерийлері | -толық ондықтар мен жүздіктерге бөле алады; - толық ондықтар мен жүздіктерге бөлу тәсілдерін түсіндіре алады; - дөңгелек сандарды бөлуді ереже бойынша түсінідіріп, есептер шығара алады. | |||||||||||
Ғылыми тіл
|
| |||||||||||
Құндылықтар | Ынтымақтастық | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Өрнектерді интербелсенді тақтада орындау | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Көбейту мен бөлу кестелері. 10 мен 100-ге көбейту және бөлу | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарлан-ған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Айналаға алақанмен, Жылулықты шашайық, Сәттілік тілеп, күлімсіреп Біз сабақты бастайық! Оқушыларды топқа бірігу Алдын-ала дайындалған көбелекті таңдау әдісі арқылы топқа бірігу. «Қызыл көбелек», «Көк көбелек», «Сары көбелек» Кіріспе тапсырма. «Көбелекті ұстау» ойыны (Ұ.Ж) Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіру мақсатында «Көбелекті ұста» ойынын ойнайды. Егер жауабы дұрыс болса онда көбелекті ұстағаны. -Санды 10-ға, 100-ге қалай көбейту болады? -Санды 10-ға көбейткенде, оның оң жағындағы бір нөлді,ал 100-ге көбейткенде-екі нөлді тіркеп жазу қажет. - Көбейтуге кері амал қандай? (бөлу) Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Жақсы», «Керемет» | Слайд№2 топқа бірігуге арналған қима қағаздар «Қызыл көбелек», «Көк көбелек», «Сары көбелек» Слайд№3 | ||||||||||
Сабақтың ортасы | (Т.Ж) Оқушыларға 20 кәмпитті екі ыдысқа тең бөліп салуды ұсыну.Оқушылар бір –бірден ыдысқа кезектесіп бөліп салады. Әр ыдыста 10 кәмпиттен салады. - Кәмпиттерді математикалық амал қолданып қалай салуға болады? (бөлу керек) − Қандай санды бөлеміз? (20-ды 2-ке бөлу) − Нәтижесі нешеге тең болады? (10) Оқушылар өрнекті ламинатталған қағазға орындайды.Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, тақтаға жазады. Оқушыларға қорытынды жасауды ұсыну. -Бөлу көбейтуге кері амал болғандықтан, санды 10-ға бөлгенде, санның оң жағынан бір нөлді, ал 100-ге бөлгенде-екі нөлді сызып тастау қажет. Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Жақсы», «Керемет» «Елшілер» әдісі (Т.Ж) Әрбір топқа бірдей тапсырма жазылған кеспе қағаз таратып беру.Берілген тапсырмаларды орындап болғаннан кейін топтың бір адамы «елші» болып сайланады да, тапсырманы орындап болған соң жаңа топтың ойын, бір шешімге келгенін немесе жетістікке жеткенін білу үшін басқа топқа барады. Әр топ «Елшіге» тапсырманың орындалу алгоритмін математикалық тілмен түсіндіріп берулері керек. Бұдан кейін елші өз тобына қайтып оралып, өз тапсырма-ларының дұрыстығына көз жеткізеді. Бұл әдіс арқылы елшінің математикалық тілді қолдану шеберлігін дамытады. Тапсырма: 450 : 10 500:50 800:10 200:100 250 : 10 600: 30 900:10 400:100 350 : 10 800:20 700:10 300:100 «Смайлик» арқылы бағалау | Слайд№4,5 Әрбір топқа 20 кәмпит,екі ыдыс Ламинат- талған қағаз, маркер Слайд№6,7 | ||||||||||
(Т.Ж) «Елшілер» әдісін одан әрі жалғасыру. Топтық жұмыс барысында оқушылар теңдеулермен танысады да, олардың мәндерін 5-7 минут ішінде табады. Барлық топқа бірдей тапсырма беріледі. Шешімдерін оқушылар әр топтан келген «елшіге» математикалық тілде оқып береді.Мысалы: х : 50 = 8-белгісіз бөлінгішті табу үшін бөліндінің мәнін бөлгішке көбейтеміз.Теңдеуді шешу алгоритмін математи-калық тілде баяндайды. Тапсырма: х:10=20 990:х=99 800:х=80 900: х=100 «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау Гүл жинау (Ұ.Ж) Оқушылар гүлдегі мысалды шығару жолын дауыстап айта отырып, кезекпен шығарды. Жауабын дұрыс айтса гүлді құмыраға салады. Оқушылар бұл ойынын арқылы дөңгелек сандарды бөлу дағдысын бекітеді. «Смайлик» арқылы бағалау Салыстыр (Ұ.Ж) Оқушылар тақтаға біртіндеп шығады. Есептің шығару жолдарын түсіндіреді, жұлдызшаның орнына артық, кем, тең таңбаларының тиістісін қояды. Бұл тапсырма арқылы оқушылардың нөлмен аяқталатын сандарды бөлуді және өз бетінше жұмыс істеу дағдысының қалыптасқаның анықтауға болады. Тапсырма: 600: 60 * 200:10 700:100*80 :20 720: 80 * 400:20 20:10*100:10 200 :10 * 300:30 300:30 *600:10 «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау (Ж.Ж) Периметрін тап Оқушыларға тіктөртбұрыш сызылған қима қағаз таратып беру. Оқушылар тапсырманы алдымен жеке орындайды.Жұпта жауаптарын салыстырып, бірін- бірі бағалайды. Тапсырма: Геометриялық фигуралар арқылы бағалау -5; -4; -3 Есепті шығар (Т.Ж.) Оқушылар есеп жазылған қима қағаз таратып беру. Оқушылар есепті оқып топта талқылап, талдайды. Ламинатталған қағаздарға жазады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып жауаптарын қорғайды.
Оқушылар есеп шығару арқылы дөңгелек сандарды бөлу үйренеді. Тапсырма: 80теңгеге бірдей 2 дәптер сатып алынды. 400 теңгеге осындай неше дәптер сатып алуға болады? «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау | Слайд№8 Слайд№9 Слайд№10,11 Слайд№12 Слайд№13 | |||||||||||
Сабақтың соңы | Рефлексия Не үйрендік? «Тазалықшы» әдісі арқылы жүргізу Шабадан – әрі қарай менің керегіме жарайды. Ет тартқыш – алған ақпаратты өңдеймін. Себет – барлық ақпаратты тастаймын. | Слайд№14 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды